Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет4/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
annotation15100

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
1.
 
Қазіргі заманғы социологиялық теориялар
 
1.1.
 
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні туралы қазіргі көзқарастар
 
Бірінші тәсіл бойынша әлеуметтанудың зерттеу объектісі – тұтас 
алғандағы қоғам. Пәні–қоғамдық жүйе ретіндегі қоғамның даму 
заңдылықтары. Әлеуметтануға деген бұндай көзқарастың негізін қалаған О. 
Конт. Бұл идеяны шетелдік ғалымдар Дж. Маркович, Н. Смелзер, Н.Луман 
қайта жаңғыртты. С.С. Фролов 1996 жылғы «Социология» оқулығында осы 
тәсілді ұстанады. 
Екінші тәсіл өкілдерінің айтуынша, әлеуметтану тұтас қоғамды емес, 
оның бір бөлігін - әлеуметтік қатынастар саласын зерттейді деп көрсетеді.
Бұл әлеуметтану ғылымына деген қарама-қайшы, күрделі көзқарас. Себебі, 
«әлеуметтік қатынастар» түсінігімен мыналарды бейнелеуге болады:

қоғамдық өмірде пайда болатын барлық адамдар арасындағы өзара 
әрекетті. 

адамдардың экономикалық, саяси, және мәдени қатынастарынан 
шеңберінен тыс өзара әрекетті. 

Ауқымды топтар арасындағы қатынастарды. 

Барлық әлеуметтік топтар арасындағы қатынасты. 

Қоғамдық 
өмірдің 
мемлекет 
реттемейтін 
азаматтық 
қоғам 
институттарын құрайтын адамдар мен топтар арасындағы өзара 
әрекеттер. 

Тікелей және сырттай сипаттағы адамдардың біріккен қызметі 
барысында туындайтын адамдар арасындағы өзара байланыс.

Индивидтердің 
тек 
өмір 
сүруінің 
микроортасын 
құрайтын 
индивидтердің өзара байланысын. 

Адамдардың отбасылық-тұрмыстық өмірдегі қатынастарын. 
Әлеуметтік қатынастарды түсіну және көрсетудің әртүрлілігіне 
байланысты әлеуметтану ғылымының құрылымы түсіндіріледі. Г.В. Осипов 
әлеуметтанудың объектісі ретінде қоғамда әртүрлі орын алатын 
қауымдастықтардың өкілдері болып саналатын адамдардың өзара әрекетін 
сипаттайтын әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың жиынтығын 
қарастырады. Әлеуметтанудың пәні ретінде осы байланыстар мен 
қатынастардың әрекет ету және өзгері заңдылықтары алынады. Ж.Т. 
Тощенконың пікірінше, әлеуметтанудың зерттеу объектісі болып азаматтық 
қоғам; пәні ретінде оның қалыптасу, даму және әрекет ету заңдылықтары 
алынады. В.Г. Харченко пәннің объектісі ретінде тұлға қатынастарының 


жүйесі ретінде танылатын әлеуметтік өмірді, ал пәні ретінде қоғамдық 
қатынастардың субъектісі рөліндегі тұлғаның толығу және эволюциясы 
заңдылықтары алынады. Э. Гидденстің айтуынша, әлеуметтану қоғамдық 
өмірдің субъектілілерінің әлеуметтік тәжірибесін зерттеу мен айналысады 
деген ой айтады.
1.
әлеуметтанудың ерекшелігі туралы дискуссияны барлық саладағы 
ғалымдар жүргізуде.
2.
әлеуметтану жас ғылым.
3.
нақтылықтың әлеуметтік түрінің күрделілігі мен айрықшалығы. 
Әлеуметтанудың ерекшелігі адам санасын, дамудың айрықша 
диалектикасы 
мен 
факторларыны 
қосатындығында. 
Бұл 
әлеуметтанудың адам мен қоғамның өмірлік күшінің дамуының 
ұлттық-мәдени, әлеуметтік-тарихи контекстерге байланыстылығын 
көрсетеді.
4.
ХХ ғасырда болған және қазір өтіп жатқан әлеуметтік процестердің 
динамизмі, әлеуметтік өтулердің өзектілігін зерттеу, олардың 
себептерін анықтау пәннің объектісі мен пәні туралы көзқарастарға 
өзгертулер енгізеді. 
5.
Пән туралы дискуссиялар оған жаңа серпін береді.
Пәнге деген жаңа бағыттың мәні мынада: әлеуметтану әлеуметтік 
қатынастарды да тұтас қоғамның өмірін де зерттеуге бағытталған. әлеуметтік 
қатынастар қоғамдағы басқа қатынастарға енген қатынастар және олардың 
жүйелік 
тұтастыққа 
өзара 
байланыстылығын 
қамтамасыз 
етеді. 
Әлеуметтанудың пәні ретінде бұл салардың заңдылықтары емес, олардың 
өзара ықпалы алынады.
Макроәлеуметтану мен микроәлеуметтану өзара байланысты. 1). Зерттеу 
клеткасы ретінде әлеуметтік актордың әрекеті алынады. К. Маркс, М.Вебер, 
Т.Парсонс, Р. Мертон; П. Бурдье, П. Штомпка. 2). Адам жатақханасының 
формалары зерттеу клеткасы - әлеуметтік қауымдастық. Осы негізде 
әлеуметтануға мынадай анықтама беруге болады: әлеуметтану әдеуметтік 
әрекеттер, адамдардың және топтардың мінез-құлқы туралы пән. Әлеуметтік 
қауымдастықтардың, олар арасындағы қарым-қатынасты, әлеуметтік 
институттарды, қоғамдық жүйелерді, әлеуметтік өмір субъектілерінің 
өзарабағыныштылығын, олардың өмірлік кеңістікке, өмір сүруді жүзеге 
асыру құралдарына қатысты олардың өмірлік күштерін зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет