Садырова М. С


Рональд Робертсонның мәдени центристік теориясы



Pdf көрінісі
бет9/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72
Байланысты:
annotation15100

Рональд Робертсонның мәдени центристік теориясы 
Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі Рональд Робертсонның 
(АҚШ) мәдени центристік тұжырымдамасы болып табылады. Робертсон 
әлеуметтанушылар арасында алғашқылардың бірі болып “жаһандану” 
терминін қолдана бастады. Робертсонның басты жорамалы, мемлекеттердің 
халықаралық жүйесі Толкотт Парсонстың атақты AGІL схемасы шеңберінде 
бейнелене алады дегенге келіп саяды. Робертсон теориясының мәдени 
центристігі 
мемлекеттер 
ықпалдасуының 
басты 
бағытын 
мәдени 
жүйеленудің орнығуы деп есептеуінен көрінеді. 
Робертсон қазіргі замандағы әлем жаһандануының мынадай сатыларын 
көрсетеді: А кезеңі немесе жаңадан пайда болу кезеңі, ол XV-XVІІІ ғасырлар 
деп көрсетілген. Жаһандық әлемнің пайда болуына Еуропада діни 
тұтастықтың бұзылуы, бүкіл планеталық әлем картасының пайда болуы, 
астрономиядағы гелиоцентристік жүйе және адамзат туралы алғашқы 
мәліметтер әсер етті. Б кезеңінде жаһандық жүйе пайда болды (1750- 1850). 
Бұл кезеңде халықаралық дипломатия жүйесі орнығып, азаматтық ұғымы 
түпкілікті қалыптасады, мәдени салыстырмалылық жүреді: халықаралық 
көрмелер пайда болады, еуропалық емес елдерге енген халықаралық 
коммуникация жүйесі дүниеге келеді. В кезеңі жаһандық әлемнің шарықтау 
сатысы ретінде түсіндіріледі (1875-1925). Бұл кезеңде әлемді төрт жүйелену: 


экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени жүйелену ретінде ұғыну 
айқындала түседі және ортақ күнтізбе қабылдау іске асады. Алғашқы 
халықаралық сайыстар (Олимпиадалар) мен мәдени фестивальдер заңды 
түрде бекітіледі. Г кезеңі гегемония үшін күрес кезеңі (1925-1969). Бұл 
екінші дүниежүзілік және “қырғи-қабақ” соғыстар кезеңі, әлемдік саяси-
құқықтық жүйенің қалыптасу кезеңі. Робертсон адам құқықтарын қорғау 
саясатының қалыптасу мәселесіне зор көңіл бөледі. Бұл кезең сонымен бірге 
“үшінші әлем” тақырыбының пайда болуымен маңызды. Және соңғысы, Д 
кезеңі - белгісіздік кезеңі (1969 жылдан осы кезге дейін). Сыртқы кеңістікті 
зерттеу кезеңі, бұл жерде ғарыштық зерттеулер, адам құқықтары туралы 
халықаралық 
пікірталастардың 
шығуы 
және 
кейінгі 
материалистік 
құндылықтарды насихаттайтын пайымдаулардың таралуы туралы сөз болып 
отыр. Жаһандық феминистік және экологиялық қозғалыстардың пайда болу 
сатысы, шын мәніндегі жаһандық бұқаралық-медиа, ғарыштық коммуника-
циялар дүниеге келеді. Халықаралық қатынастар күрделілене түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет