Байланысты: Философия 5 тақырып Сағынбай Айзада 210Б
2. Ақиқат теориясы. Агностицизм бағытының негізгі өкілдері Д.Юм мен И.Канттың көзқарастарын талдаңыз?. Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Аристотель өзінің "Метафизикасында” ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттармен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі деп түсінді. Дегенмен ол ақиқаттың дәйекті материалистік ұғымын бере алмады. Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз біздің біліміміздің бізден тысқары тұрған объектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Ақиқатқа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік – тарихи процесс. Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат - әлеуметтік процесс; 2) объективті ақиқатты мойындау – абсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттың жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс. И.Кант дүниені тануға болмайтындығын былай түсіндіреді: су құйылған стақанға қалам салсақ, ол сынық сияқты болып көрінеді. Өмірде де солай, біздің түсініктеріміз объективтік шындықты дәлме-дәл емес өзгертіп көрсетеді. Сондықтан біз дүниенің шын мәнін біле алмаймыз дейді. Д.Юм агностицизмін былай дәлелдейді: тынық су бетіне тас лақтырсақ, дөңгелек толқын, шеңбер пайда болады. Дөңгелектің іші - біздің білетініміз, оның сырты-біздің білмейтініміз. Егер су бетіне үлкен тас тастасақ,үлкен дөңгелек пайда болады. Дөңгелек шеңбері бұрынғыдан да ұлғаяды, яғни тәртіппен білетініміз көбейеді. Сөйтіп, тануға талпыныс күшейген сайын білгеннен қарағанда білмегеніміз арта түседі.