- "Кешегі шәкірт,
- бүгінгі мұғалім"
- Сағынова Гүлмира
- Сағымбаева Альфия
- Базарова Тазагүл
- Омарбай Анар
- Епенова Самал
- Досболай Айгерим
- Түешиева Меруерт
- Жетімекова Сауле
- Бисенова Сандуғаш
- Ағишанова Ақзейнеп
- Теңізбаева Ғалия
- Теңізбаева Гаухар
- Жұмажанқызы Тұрсын
- Жумаева Гүлжан
- Сансызбаева Толғанай
- 1.Таныстыру (шығармашылық жұмыс, мақсаты, слайд.)
- 2.Треннинг өткізу
- 3.Сұрақ-жауап (Ситуациялық,викториналық)
- 4.Өнер
- 1
- 1. «Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтектелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді.» Сіздің іс-әрекетіңіз, қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?
- 2. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған жыл?
- 2
- 1. «Сіздің сыныбыңыздағы Айнұр белгісіз жағдайда өзіне-өзі кол көтеріп, «суицидке» бейімділік көрсетті» Сіз осы оқушымен қалай жұмыс жұргізесі, және сіздің осдан кейінгі атқаратын жұмыстарыңыз қандай болмақ?
- 2.Астанаға дейінгі Қазақстанның астанасы .
- 3
- 1.Әріптесіңіз оқушылардың көзінше орынсыз ренжіп, қатты сөз айтты. Не істейсіз? Оқушыларға не дейсіз?
- 2. Елбасының «Казақстан-2030» Жолдауы жарияланған жылы.
- 4
- 1.Сіз сыныпқа кірсеңіз бір қыз бала жылап отыр, кіргеніңізді көрсе де қоймады, не істейсіз?
- 2. Дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет?
- 5
- 1. Таңертең асығып етегіңіз сөгілген көйлек кигеніңізді байқамадыңыз. Сабақ басталғасын 15 минуттан соң бір оқушы «апай көйлегіңіздің етегі сөгіліп кетіпті ғой» деп дауыстап сыныпқа естіртіп айтты. Не дейсіз?
- 2. Олимпиада туының түсі қандай
- 6
- 1.Оқушыңыздың намысына тиетін «оңбаған, тәрбиесіз, көргенсіз» деген қатты- қатты сөздер айттыңыз. Келесі күні ата-анасы келіп ренішін білдірді. Ата-анаға берер жауабыңыз?
- 2.2011 жылға дейін Республика кұні болып тойланып келген қай күн?
- 7
- 1 . Сіз оқушының күнделігіне тәртіпсіздігі үшін «2» қойып бердіңіз. Оқушы күнделігін қақ айырды. Сіз әрі қарай не істер едіңіз?
- 2. Қазақстан мемлекеті неше облыстан тұрады?
- 8
- 1.Қоңырау кезінде шулап жатқан балалар қоңыраудың соғылып, Сіздің кіргеніңізді байқамағандықтан, біреуінің лақтырған бас киімі, Сіздің бетіңізге тиіп кетті. Не істейсіз?
- 2.Қазақстанның ұлттық валютасы теңге қашан енгізілді?
- 9 1. Директор «тез келсін» деп шақырады. Жүгіріп кірсеңіз ашуланып тұрған директор Сіз мүлде ұқпайтын бір оқиға туралы Сізге ұрса жөнелді. Не істейсіз?
- 2. Қандай құс бейбітшіліктің белгісі, хат тасушы атанған?
- 10 1. Қоңырауда сыныптастарымен жанжалдасып, ашуланып отырған оқушы Сіздің сабақ басталды, жұмыс істе деген сөзіңізге «мазамды алмаңызшы» деп дөрекі жауап берді. Қайтесіз?
- 2.Қазақ Ғылым академиасының тұңғыш президенті?
- 11
- 1.Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды. Не істейсіз?
- 2.«Педагогика» оқулығының авторы?
- 12
- 1.Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз? Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазыпты. Не істер едіңіз?
- 2.Түс ажыратыла алмайтын адам?
- 13
- 1. Сіз шындықты білесіз. Ал өтірік айтушы оқушы бұдан бейхабар. Сізге өз өтірік ертегісін, көзіңізге тіке қарап тұрып, шімірікпестен айтып жатыр... Сіздің осы ситуациядағы іс-әрекетіңіз қандай болмақ?
- Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып мойындаған ел?
- 14 1. Сіз таңертең ерте жұмысқа асығып жүріп юбкаңызды теріс киіп келесіз балалар ду күледі не істейсіз?
- 2.Әнұранның әнін жазған сазгер?
- 15
- 1. Сіз енді сыныпқа кіргенде аяқ киіміздің табаны түсіп қалды? Не істер еіңіз?
- 2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланған жыл?
- Жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Құрметті ұстаздар! Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін!
Достарыңызбен бөлісу: |