Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет17/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39

Осындай айдау шеберлігінің арқасында екі жігіт үңгір ішін әп-сәтте шарлап шықты. Бүл шеберліктеріне кемедегі ғалымдар таңданып отырсада, іштерінен шүкіршілігін көбірек айтумен болды. Бірақ жігіттер сенімді еді. Олар осы су астына түспестен бұрын құрлықтағы арнайы жасалған су асты үңгірі бар су тоғандарының астында жасалған жаттығулар мен жарыстарда алдарына жан салмаған болатын. Ғалымдарға үлкен демеу болған да сол шеберліктері еді. Екі жігіт оны ақтады Айдынбек те оларды бекер таңдамағанына іштей риза. Айдынбектің жанындағы Жебеуші де алғашында жүрек лүпілімен қараса да,енді кәдімгідей салмақтанған. Ол ара-тұра жігптерге деген ризашылығын Айдынбекке айтып қояды. Бірақ Айдынбектің ой әлемі енді ол жігіттердің шеберліктері мен батылдықтарынан гөрі әлгі қыздың табылуына қарай ауған. Тек онысын білдірмеуге тырысады. Жігіттер бір ғана үңгірдің ішін зерттеп койған жоқ. Онымен жалғасып жатқан, одан бөлек талай үнгірлерді шарлап шықты. Тек өкініштісі, ешкім еште­меге кезікпеді. Ал кезіге қалған анау-мынау тіршілік иелері мотоциклдердің жарқ еткен жарығын көрген бетте әлдеқашан жайын тауып кеткен. Оларға су асты мотоциклдерінің бұл козғалыстары мен дыбысы да ерекше бөлек қорқыныш сезімін тудырса керек. Ғалымдарға солай болғаны да қажетті. Беті аулақ, су асты тіршілік иелерінің бәрі бірдей қаша да, қорқа да бермейді. Олардың тікелей адамға қарай шабуыл жасайтындары да бар. Мотоциклімен бірге адамды жұтып салатындары да болмақ. Ғалымдар содан сескенген. Айдынбек, болса да, ол жағын еске алғанда бір орнында байыз таппай да кетеді.

Сөйтіп, екі жақ бір-бірімен жиі сөйлесіп, экран арқылы бір-бірін жиі қадағалап отырғанда екі жігіттің Мұхамедия есімдісі:

  • Қандай да бір тіршілік иесін байқадык! - деп қалды.

  • Анықтай түсіндерші, - деді сол замат Айдынбек дегбірсізденіп.

  • Қуып келеміз. Меніңше, бұл өзі адамға, адам болғанда да әйел затына ұқсайды, — деді екінші жігіт Амантай.

  • Түсінікті! — Айдынбек отырған орнынан түрегеп кетті.

  • Екі жағынан шығындар! Үстандар қалай дегенде де! — деді Жебеуші де қалбалақтап.

  • Қосымша көмек жібермейсіздер ме? — деді сәл күмәнданайын деген Мұхамедия.

  • Жібереміз!

Айдынбек осыны айтып қасындағы Жебеушіге бұрылды. Ол сол замат көмекші жігіттер бар бөліммен хабарласты. Олар да осындай бір хабардың боларын алдын ала сезгендей аттануға дайын отыр екен. Бейнетелефон экранынан Жебеушінің бет-бейнесі ғайып болысымен тағы екі жігіт арнайы шығар есік арқылы кемеден шықты. Бұл жолғы екеуінін міңгендері су асты құтқару қайығы еді. Ол осындай бір жағдайда адам

баласына қол ұшын беруге арналған. Ал бұл кезде Мұхамедия мен Амантай әлгі қыз баланы қуып жетіп, екі жағын ала қатарласып жүзіп кетіп бара жатқан. Қыз да жылдам жүзеді екен. Оның арқа тұсындағы бір қозғалтқыштың әрекеті бөлек. Бірақ, қанша дегенмен де ол қыздың әлденеден әлсірей бастағаны да сезіледі. Қанша жас, қанша жігерлі болса да шаршайтын мезгілі де жеткен тәрізді оның.

Екі жігіт екі су асты мотоциклімен оның екі қапталын ала бейнефильге түсіріп жүзіп барады. Қызда әрекетсіз емес. Тек ол әлденеден қатты қорыққандықтан да шыны шлемінің ішінен отты көздері бейнекамераға анық шалынады. Қызға енді бәрібір сияқты. Бұл дүниедегі жақсылық атаулыдан біржолата күдерін үзе бастағандай да сынай танытады ол. Ғалымдардың көз алдына қыз бейнебір қашып - пысып бара жатқан әлсіз еліктей де көрініп кеткен. Амал не, үстау керек, анықтау керек оның кім екенін. Айдынбек әрі бір-бері біртеңселе жүріп қояды. Оған дәл қазір су асты мотоциклі берілсе, солай қарай ай-шай жоқ зымырап жөнелуге де дайын. Айдынбектің ең басты қауіпі де қыздың кенеттен жігіттердің көз алдарынан ғайып болып кетпеуі еді. Жоқ, қыз өйтпеді. Ол ешқандай да елес-қыз емес, тап кәдімгі бойжеткен, денсаулығы жақсы, шымыр да шыныққан батыл қыз болып шықты. Айдынбек соған қуанды. Қыздың әрекетінің әлсірей бастағанын Айдын­бек оның қараңғылықтан шаршағаны мен аштығынан деп білді. «Жайындағы» барлык құрам да, қызды қуалап бара жат­қан төрт жігіт те осыны ойлады. Енді сәлден соң бәрі де қыздың жазықсыз бір бейбақ екенін де сезе бастады. Ол әлде- неден қатты қорыққан, содан қашамын деп қатты шаршаған. Ең ғажабы, солай қашып келе жатып анда-санда болса да бәріне етене таныс әуен шығарып та қояды. Ол дыбыс пен әуен ғалымдардың қызға деген жанашырлығын арттыра түседі. Ол дыбыспен әуен естілген сайын кемедегілер де елеңдей түседі. Айдынбекте болса да дегбір жоқ. Ол сезімін өзі де түсінбейді. Қызға деген аянышынан ба, әлде оған деген қандай да бір махаббат сезімінен бе, оны да түсініп үлгерген жоқ қазір ол. Қалай болғанда да дәл қазір сезім тереңіне емес, мұхит тереңіне бойлайтын мезгіл. Сондықтан да бәрі де қызды тезірек қолға түсірудін жолын ғана ойлаумен тұрды.

Айдынбек дәл алдындағы экранға еніп кетердей төніп тұр. Соның артынша-ақ мотоциклдегі екі жігіт қызға екі қапталынан жақындап барып, оның екі қолынан шап берді. Сол мезетте екі құтқарушы кемедегі екі жігітте жакындап барды. Төртеуі қыздың төрт жағында. Қыз алғашында жиі-жиі ды­быс пен әуен шығарды да, соңынан әлсірегендей болыл тып- тыныш қалды. Есінен де тана бастағандай-ау. Кеме ішіндегілер аяқтарына тұрды. Ең шешуші сәтте осы еді. «Енді қайтер екен?» деген сұрақ кеме құрамы мүшелерінің кез келгенінің басында бар еді. Бұл сұрақтың мәні қыз жағында жатқан бо­латын. Қызды ұстаған мезетте әлдекімдер төрт жігітті қоршап алса не болмақ? Мұндай да қауіпті ой жоқ емес еді, Айдынбектің басында. Жок, қызға ешкім де жақындаған жоқ әлгі төртеуінен басқа. Қыз шынымен-ақ жалғыз екен, көмекке зәру екен. Осыған көз жеткізген бойда Айдынбек тез жігіттер мен бейнебайланысқа көшті.

  • Қызды еппен ұстандар! Мәдениеттілік танытындар! Ол жабайы адам емес қой! Мүмкіндігінше түсінісуге тырысың- дар! Құткару қайығына отырғызындар! Уакыт жоғалтпандар! Тезірек кемеге қарай жүзіндер! - деді аптыға сөйлеп.

  • Түсіндік, аға! - деді сол замат жауап қатқан жедел құтқару қайғының біріндегі Қадыр есімді жігіт. — Бәрі жақсы! Қыз қатты қарсыласып жатқан жоқ, өздеріңіз көріп отырғандай. Әлсіреген! Өттегіден, аштықтан! Құтқару кемесіне отырғызу- ды бастадык!

  • Істерің сәтті болсын! — деді шыдамай кеткен Жебеуші.

  • Біз күтудеміз! Кеменің төменгі қабылдау қақпасы ашық! — деді Айдынбек.

Жігіттер қызды сол бойда жедел кұтқару кемесіне отырғызды. Қыз торға түскен үкідей жан-жағына жалтақ-жалтақ қарайды. Онын ішкі дүниесінде өкініш те, қуаныш та бар сияқты. Бірақ ол енді өзіне мұндай көмектің ешқайдан да келе қоймайтынын сезгендей тып-тыныш отырды. Екі жақта үнсіз. Кемедегілер де демдерін іштеріне тартқан. Бәрі де бір құдды түс сияқты. Оның үстіне мұның ең шешуші, ең бір жауапты сәт екендігін кім-кім де жақсы сезінеді. Қыздың өзі де сондай бір күйде секілді. Жігіттер қыз отырған бөлімді мықтап жап- ты. Құткару кемесінің ішінен су ығыстырылып шығарылды.Содан сон ол үлкен кемеге карай зулап жөнелді. Қыз да содан сон тыным тапкан. Оған енді бәрібір сияқты. Төрт жігіттің бірі Серғазының қайығында отыр ол. Қалған үшеу өзді-өзді кемелерімен оның екі қапталында, енді бірі соңында келеді. Айдынбек тіпті де шыдар емес. Мұндайда, шіркін, уакыт де­ген қалай баяу өтеді. Жылжысайшы.

Бірак қанша дегбірсізденсе де, ең қажетті, ең басты арман орындалды. «Жайын» ішіндегі ғалымдар бір-бірлерінің қолдарын қысып алып, кейбіреулері бір-бірін қатты қыса қушақтап жатты. Айдынбектің бозғылт тартқан реңіне де қан жүре бастады. Жүзі бал-бұл жайнады. Көптен күткен арманы орындалған адамның өзін тап осылайша бақытты сезінетініне еш шүбә да жоқ еді. Қыз кемеге келісімен оның кім, қайдан екені анықталады. Талай құпия ашылады. Бұл жаңалық дүние жүзіне жедел ақпарат құралдары арқылы тарайды. Ғалымдар үшін онан жоғары тұрған бақыт бар ма еді? Ғалымдардың бас­ты қуаныштарының мәні де осында жатыр еді.

Су асты жедел жәрдем немесе құтқару қайығы «Жайынға» таяп келгенде қабылдау қақпасы жаққа бірнеше жігіт кетті. Құтқару қайығы жүзігі келген бетте ашық қақпа арқылы ішке енді. Артынша қалған үшеу де жеткен. Қақпа жаймен ғана жабылып, ол ортадағы су сыртқа қарай ығыстырылып шығарылды. Артынша шағын кемені көтергіш алаңкайша екінші қабатқа жеткізді. Ол кезде бүкіл құрам мүшелері сонда тұрған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет