Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет26/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
о бастан қалыптасқан қасиет. Мәдениетті адамға тән қасиет те көп сөйлемеу болса керек.

Раушан сәл үнсіз тұрып: «Көрдін бе, сіңілім? Біздін үйде тұрсан, осылай. Табақ-аяқ дегенге қолыңның ұшы да тимейді. Су сормайды. Организміндегі Д витаминіне кесел келмейді дегендей Сәулеге бір қарап қойған. Сәуле де Раушанға сәл бұрылып: «Мен ойыңызды түсіндім» дегендей бір көз тастап алды. Одан кейін қыз көзін төмен салып, тіке қарамады. Бұл қыз пәтерге келгенге дейін Раушан таңертең де, түсте де өзі ерте келіп, Айдынбекке қарамай-ақтамағын ішіп, одан ерте кетіп қала беретін. Ал кейде керісінше онан кештеу жүретін. Ал Сәуле келгелі оның екеуін де қойды. Енді Айдынбектен ерте де кетпейді, одан кеш те шықпайды. Бірге жүреді. Әншейінде әйел атаулыдан қызғанбайтын Раушан енді оның жанынан бір елі де қалмайды. Еріне деген әйелдік назары да арта түскен. Киімінің уақтылы өтектелгенін, тамағының дер кезінде дайын болғанын қадағалап қашан да айналшықтап жүргені. Айдынбек те онысын іштей сезеді. Бірақ не дей қойсын. Өзі көп жылдан бері бірге тұрып, анау-мынау артық қылықтарына да үйренген емес пе? Ұқыпты бола бастағанына, өзіне әуелдегіден көбірек көңіл бөле бастағанына ішінен қуанады да қояды. Раушан күн сайын емес-ау, сағат сайын түзеліп келеді. Сәуленің өзіне бірінші келтірген пайдасы да осы еді.

Асханадағы табақ-аяқ сылдыры басылған бойда Раушан Сәулені ертіп төргі бөлмеге өтті. Ондағы жұмсақ диванға отыра-отыра кетіп, түсінсе де, түсінбесе де біршама ақыл-кеңес айтты. Қыздын сөзін қаншалықты түсініп отырғанында жұмысы болған жоқ. Сәуле де енді ештемені түсініп тұрмаса да ба­сын изей салатынды шығарған. Осы кезде Айдынбек те жуы­нып-шайынатын бөлмеден шықты. Ол ондағы үлкен айнаға қарап, киімін, шашын түзеп алыпты. «Жұмысқа қарай зымырауға дайынмын» дегендей ол Раушанға қарап алды. Раушан оған қарай жақындай берді. Екеуі қатарласқан бойда есікке жақындап барып, бері қарай бұрылып, Сәулеге қарап бастайын сәл изеді де шығып кетті. Есік болса да өзі ашылып, өзі жабылады. Бірақ кұлыптанған ол есікті кез келген адам қайтып аша алмайды. Ол үшін құпия цифрды ішінен айтуы ке­рек. Сонда ғана адам бұл пәтерге кіре алмақ. Ал Сәуле әзірге ол құпияны білмейді. Сондықтан да өздері жоқ кезде Сәуле сыртқа шыға алмақ емес, бөтен ішке кіре алмақ емес. Рау­шан ішінен осыған да қуанған.

Сәуле ерлі-зайыптылар шықкан бойда сырт жабылып, кілттеніп қалған есікке бір қарап қойды. Өзіне әлі де болса да үйреншікті емес пәтер ішіндегі екінші оңашалығы басталды. Бұл жолы қыз ә дегеннен үй океанариумына жақын келді. Ондағы суда өзіне таныс балықтар жүзіп жүр. Түн қараңғылығында өз денесінен жарық шашатын су асты жәндіктері де бар. Олар әзірге белгісіздеу болып қана көзіне шалынады. Ал бұдан бұрын қыз оларға назар да аудармапты. Алғашында қыз үй иелері Раушан мен Айдынбектен қаймыққан. Енді қанша дегенмен де еркінси де бастағандай. Түн қараңғылығында өз денесінен жарық шашатын жәндіктердің қызға кезінде пайдасы тиген. Қатты адасқанда жол көрсеткендей де болған. Сондықтан да Сәуле оларды еш ұмыта алар емес. Енді сол жазықсыздардың ұрпақтарының мынандай шектеулі су ішінде айналшықтап жүзіп жүргені жанына батты. Қолынан келіп жатса бұлардың бәрін де кен дарияға босатып-ақ жіберер еді. Бірақ, қалай? Оның жолын білмейді. Балықтар түгілі, дәл қазіргі кезде өзі де тұтқын қыз емес пе? Осы себепті де ешбір су асты тіршілік иесіне қол ұшын бере алмайтының жақсы түсінді қыз. Сөйтіп ол океанариумды жағалап жүріп, ойланып-толғанумен ғана шектелді.

Сәуле енді екінші бір бөлмедегі жаңағыдан басқа бір су асты әлеміне көз салды. Онда да балықтар. Бірақ онда мына океанариумге қарағанда басқашалау су асты әлемі орныққан. Ол аса үлкен болмаса да су ішінде адам баласына қатер төндіретін балықтардың кішкене үлгілерінің ұрпактары жүзіп жүр екен. Сәуле оларды да таныды. Айдынбек оларды әдейі бөлек орнатқан. Балықтарға жем саларда Айдынбектің қолына резенке қолғап, тағы басқадай кішкентай азулылардан қол саусақтарын қорғайтын қолғап киетінін қыз бірден түсінді. Олар аквариумнын жанындағы шкаф ішінде еді. Ал, Сәуле үшін оның ешқайсысы да қорқынышты емес. Сәуле океана­риум мен аквариумдағы кез келген балықты да, басқа жәндікті де ешбір қолғапсыз, құралсыз-ақ оп-оңай ұстап алар еді. Сол әдеті ойына түсіп, делебесі қозып, шыдамай келген бойда он қолының білегін сыбанып жіберіп, аквариум суына батырды. Сол замат балықтар да тым-тырақай жан-жаққа жүзіп, қаша жөнелді. Сол кезде жем әуен айтылып, аквариумның үстіңгі жағындағы қабырға бойымен түрлі түсті шамдар жыпылық қаға жөнелді. Бірақ балықтар қатты бұлқынып қашқан кезде әлгі түрлі-түсті шамдар лып-лып сөніп, жемге шақыратын әуен айтып тұрған құрал да кілт өшті. Артынша ол құралдан күйген иіс шыға бастады.

Сәуле мән-жайды тез түсінді. Он қолын судан еппен қана көтеріп алды. Балықтар да сол замат әуелгіден тынышталып, баяғы қалпынша жүзе берді. Сәуле қатты толқып, қолын аква­риум суына енді қайтып салмастай күй кешті. Балықтар енді қаншама бұлтылдап жүзсе де, кейбірінің денелерінен шыққан ток қанша есеге көбейсе де, әлгі жемге шақыратын жем әуен мен жыпылықтаған түрлі түсті шамдар қайтып іске қосылмады. Үй иелері кете салысымен екінші рет мынандай қателік жасап алғанына Сәуле қатты өкініп те қалды. Бірақ енді бұл ол қылықтың орнын қанша өкінсе де толтыра алмайтынына тағы да көзін жеткізді. Сөйтіп, одан кетіп, келесі бөлмеге еніп, ондағы стереотеледидар, бейнетаспа мен бейнетелефонға жақындады. Сол-ақ екен, онда да өзі күтпеген құбылыстар бол­ды. Өзі жақындаған бетте-акстеротеледидар да, радио да, бейнетелефон мен бейнетаспа құралы да қырылдап жөнелді. Оның себебін Сәуле бірден түсінді. Тек не істерін білмеді. Егер өзінің кемесінде болса, кандай күрделі жүйе болса да көзін жұмып жүріп-ақ жөндер еді. Қарапайым деген құралдың кілтипаны да аса жоғары дамыған елдің адамы үшін жұмбақ болып келетінін қыз алғаш рет ұшыратты. Ал, мынау әрі қарапайым, әрі анау мынау әрекетке көңгісіз бірдемелер. Бұдан артқан жұмбақ бо­лар ма еді қыз үшін. Оның үстіне тәуекел деп ашып-ақтарып көре салатын өзінің жеке дүниесі де емес. Сонда да болса Сәуле бұл құралдардан аз нәрсені түсінген жоқ. Дегенмен де, қыз шындап айналысқанда санаулы минуттардың ішінде ғана бұл техникаларды игеріп алуға болатынына көзін жеткізді.

Осыны ойлап барып үлкен диванның үстіне сылқ отыра кеткен. Аздап шаршағанын да сезді. Ойына еріксіз сапарластары түсті. Олардың өзін не себепті бұлай жалғыз тастап кеткендерін түсіне алмады. Енді олардың бұл Жер ғаламшарында емес екендерін де сезді. «Олар әлде қашаннан жұлдыз аралық жолда елге қарай ұшып барады немесе бір жерде түгелдей мерт болды» деп топшылады жас қыз. Ойына осы сөздер келгенде қыз шыдамай орнынан ыршып түрегелді. Осы бөлмедегі қабырғаға бекітілген ұзын айнаға қарады. Өзінің Жер адамдары та- ңырқай беретін реңіне көз салып ішінен шүкіршілік етті. Бірақ артынша көңілі кілт құлазыды. «Құр сұлулықтан не пайда, бағың болмаған соң?» деп бір тоқтады. «Айдынбектің жаман да болса сүйіктісі бар. Ол сонымен бақытты. Ал мен ше? Менің сапарлас жігіттерім де осыншама сұлу екеніме қарамастан тастап жөнелді! Бұл бақыт па, бақытсыздық па?» деп те таусылды. Өзін су астынан балықша үстап алып келген Айдынбектің өзі де Раушанның алдында дәрменсіз болып шықты. Ол қанша дегенмен де әйелін ұнатады екен. Қыз аз ғана уакыттың ішінде оның бәрін де көз алдынан өткізіп үлгерді. Бірақ қыз әлі ойын толық тарқатқан жоқ. Ой тарқатып қараса, Ай­дынбек пен Раушанның махаббаттарының арасына бір сызат та пайда бола бастаған сияқтанады. Бірақ Раушанның тама­ша тілі мен қылығы Айдынбекті қашан да баурап әкетеді. Ол соған алданады.Оның үстіне Раушан бұл келмей жатып неше түрлі суытатын сөздерді Айдынбекке айтумен жүргендей де болды. Сәуле оның бәрін де сезеді, тек қолынан келер дәнеңе де жоқ. Дүниедегі ең жаман нәрсе де осы болса керек. Раушанның өзін келгеннен жақтырмағаның да біледі. Оның еріне деген қызғанышы да күн санап күшейетін тәрізді. Сәуле айна алдында өз реңін көре тұрып, Раушанның ерін өзінен қызғанатындайы да бар екенін түсінеді.

Әйел сүлулығы өзі үшін бір бақыт. Тек оны дұрыс пайдалана білсе. Сәуленің осы пәтерге келіп отырғанының бір мәнісі де оның сұлулығы. Ғалымдардың назарын ә дегеннен аударған да оттай жанған қара көздері мен арқа жағына жерге дейін жайыла төгілген қара маржан шашы, ерекше нәзік жаралған денесі емес пе? Егер денесі, бет-жүзі сұлу болмаса, осыншама тартымды, осыншама сүйкімді болар ма еді?

Сәуле айнаның алдында олай бір, былай бір бұрылып, өз денесінен өзгеше бір жаңалық тапқандай да болды. Ұзақ қара­ды. Өз кемесіндегі бет-жүзді дәл көрсететін дұрыс айнада бұдан да әдемі көрінетін. Қанша дегенмен де мына окиғалар шамалы болса да аздырған, салмағын азайтқан. Ал мына өтe қарапайым айнадан бет-әлпетіндегі көп нәрселер анық байқалмайды да. Дегенмен жоқтан жақсы. Оңашалықта болған сон, ешкім де кедергі жасамаған сон байыптап қараған адам көп нәрсені аңғарады екен. Осыны түсінді. Қызға енді оңашалықта тек осылай ғана өз-өзімен айнаға қарап қана тілдесуге болмақ. Ал Айдынбек пен Раушанмен болса да, әлі әңгіме жоқ. Бірақ Раушанның мінез-құлқы қызық. Ол бұл түсінсін- түсінбесін, бірдемелерді айта береді, айта береді. Сәуле оның не айтып, не айтқалы тұрғанын бет мимикасы мен қолының қозғалысынан жақсы біледі. Тіпті, тілі жоқ мақаулар да қол саусақтарынын әріптік жүйесімен тілдеспей ме? Ал саналы адамдардың бір-бірімен түсінісуі не қиындық тудырмақ.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет