Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет28/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39

  • Мен ештемені түсінбей тұрмын, ана автомат асхана қандай құдіреттің күшімен жұмыс жасап тұр? Оны сен қалай қостың? - деп Раушан сәл дірілдей жылдам сөйледі.

Сәуле бұл сөздердің мәнін анық түсініп тұрды. Бірақ тілге келе алмады. Егер қазақ тілінде қазір жауап қатса, Раушан бәлкім, есінен танын құлап та түсер. Қыз ол жағын да ойлағандай жай ғана басын изеді де қойды. Раушан шыр-пыр. Айдынбек оның ізімен жүріп, қолынан ұстап, «қой да қой» деп басуға тырысып жүр. Бірақ жұмбақ сонымен ашылмады. Ай­дынбек өзі шаршап келгендіктен тыныштық пен тамағын ішуді ойлады. Бәрі дайын болғанда өзі бірінші бастап асханаға енді де, дастархан басына отырып алды. Раушан қайда барсын Ол да солай қарай жүрген. Әлден соң екеуі Сәулені шақырды. Ол да бас тартқан жоқ. Үшеуі бұл жолы бір-біріне сөз айтпас- тан қамырлы етті жеді, сорпасын ішті, артынан шай ішіп, өзді- өзді болмелеріне тарасты.
Қаламен танысу
Арада бірнеше күн өткен соң Сәулеге деген сенім арта түсті. Ол енді баяғы бөтен, жабырқауык, ұяң қыз емес. Айдынбек, Раушанмен кәдімгідей тілдесуге көшкен. Алғашында қазақтың кейбір сөздерін анық айта алмай жүрді. Ондай кезде Ай­дынбек оған көмектесіп, қолынан келгенше түзейтін. Келе - келе ол еркін сөйлеп кеткен. Қазақтың тілін санаулы күндердің ішінде-ақ жақсы игеріп алған қызға кім таңданбасын. Ай­дынбек ол туралы айтқанда академиядағы ғалымдар да таңданып жүрді. Айдынбек тек ол емес, Сәуленің психологиялык жағдайын да мұқият бақылайтын. Тек түн мезгілінде ғана мазаламайды. Онысы әлі де оған деген салқындылықтан еді. Оны бөлек бөлмеге орналастырғаны да сол еді. Раушан болса да қызға сенім білдірген емес. Онымен қанша жылы сөйлесіп, оны жақсы көргендей бір сыңай танытса да, іштей бір түрлі суықтанып тұрады.

Онысын Сәуле де сезеді. Ол да ішінен ештемені білдірмейді. Бәрін де ішінде сақтайды. Раушанға қыздың сезімталдығы, түсінімпаздығы мен еңбек қорлығы ұнайды. Соңғы кездері оны анаған-мынаған жұмсауды да шығарған. Сәуле сол айтқандарының біріне де қарсы келген емес. Жас балаша ебелектеп тұра жүгіреді. Ондайда Айдынбек ыңғайсызданып: «Раушан, сен бұл қызды әлі жақсы білмейсің. Ол бізді жақсы білмейді. Жұмсағанынды азайт. Оны біз зерттеу үшін ұстап отырған жоқпыз ба? Тағы бірдемеге ұшырап қалып жүрсе, ұяты маған келмесін. Қарауылдардан да бастартқанбыз», - ескерту айтқан. Бірақ Раушан оған онша құлақ аса қойған жоқ. Раушанға салса, бұл қыздың бұл үйден біржолата кеткені керек. Тек соны айта алмайды. Ішінен тынады да қояды. Сәуле жасаған та- мақты да жақтырған емес. Сырттай мақтаған болып, ішінен небір сөздерін айтады келіп. Тамақты жасап жүрген Сәуле емес, автомат асхана. Бірақ соны басқара біліп, екеуінің қалайтын тамақтарын дәл табу үлкен сезімталдықты қажет етеді. Сәуле осы ойдан шыққан. Раушан жақсы тамаққа тапсырыс бере білудің де оңай емес екенін енді ғана сезіне бастағандай. Енді қанша талпынсада, қанша ізденседе оның дәрежесіне жете алмақ емес. Раушанның ішкі дүниесін өртеп бара жатқан да осы жағы еді. Оның үстіне соңғы кездері Айдынбек те ол қыз туралы көбірек айтатынды шығарып алды. Осылайша Раушанға күйеінің әрбір сөзін, әрбір қадамын аңдып отыру қиынға соға бастады.

Бүгін Раушан үшін тіпті де ауыр күн болды. Ол Айдынбектің үйде жұмыс жасайтынын біліп, қыз екеуі оңаша қалмас үшін мынандай бір ұсынысты ойлап тапты. Сәулені өзіне шақырып алды да:

-Сәулеш, сен осы келгелі мына үлкен де тамаша қаламызды бір аралап көрдің бе? - деді

-Жоқ Раушан әпке, - деді қыз басын шайқап.

-Иә, бірақ, кайдан аралап көре қоясың? Келгелі үйден алыс кетіп көрген жоқсың. Саған жалғыз жүруге болса да рұқсат жоқ қой.

Сәуле үндемеді. Раушанға қадала қараған күйі міз бақпады. Раушан енді қыздың суық қолынан ұстады да үлкен терезенің алдына жетектеп әкелді.

-Қарашы, Сәуле. Қандай тамаша қала! Ана көрінген үлкен алаң. Көше – көшеде әрі – бері зымырап жүріп жатқандар жеңіл көліктер. Ерсілі – қарсылы жаяу жүріп жатқандар, қала тұрғындары.бәрі де қызық. Сен келгелі үйден алысқа шықпай отырып қалдың. Үйдің төңірегіндегі дүкен – пүкен деген не болады саған. Егер қарсы болмасаң, мен сені бүгін ертіп талай жерге апарамын. Жұмыстан сұрана саламын. Ал сен өте білімді, парасатты, сезімтал қызсың. Ол жағынан алдыңа ешкімді де шығармайсың. Бұл қалада ғана емес, бүкіл Жер шарымызда ол жағынан саған тең келетін адам бола да қоймас – ау. Қай жағынан болсын солай деп ойлаймын. Ал қазір мен жиналаберейін. Сен барып ана жақын жердегі дүкеннен нан әкеле ғой, жарай ма?

-Әкелейін, әпке, -деді қыз ойланбастан

Раушан «Бұл сөздерімді Айдынбек естіп қойған жоқ па екен» дегендей ол жұмысын жасап отырған бөлмесінің есігі жағына бір қарап алды. Ол жақ тым-тырыс. Айдынбектің дәл қазір сөз андитындай да жағдайы жоқ еді. Ол өзінің ғылыми зерттеу жұмыстарын реттеп отырған. Раушан мен Сәуленің әңгімелеріне құлақ түріп те әуре болған жоқ ол. Оның үстіне есігі де жабық. Тыңшы құралдарын да қоспаған. Солай бола тұрса да Раушан ол жаққа соншама сезіктеніп қараған еді. Ал егер жаңағы сөздерін Айдынбек естіген болса, ол Сәулені ар­найы қарауылдарсыз сыртқа шығармайды. Өйткені қыз ерек­ше қыз. Оны бүкіл ел біледі. Кездескен жұрт оған неше түрлі сұрақтар да қоймақ. Ондай кезде Сәуле жауап та таба алмай қалмақ. Одан басқа да қауіпті жағдайлардың орын алуы мүмкін болсада. Ал Раушан үшін үйіндегі жұмысынын жеңілдегені немесе қыздың үйден біржолата жоғалғаны керек. Ал қазіргі мақсаты қызға дүкеннен нан алдыру. Осылайша оның бойын дүкен атаулыға үйрету. Мұндай пайдасы болмаған адамды бекерден - бекер үйінде ұстап несі бар.

Қанша дегенмен жалғыздыққа, оңашалыққа әбден үйреніп алған Раушанға Айдынбектен өзге адам қашан да артық сүйелдей болын тұрады. Ал қыз анда-мында жүгіріп, үйде бір болып, бірде болмай жүрсе, онда шыдауға негіз бар. Раушанның ниеті осы еді. Бұл жағынан келгенде, Сәулені де Құдай сыйлай салған сияқты. Қыз Раушанға ешқашан да қарсы келген емес. Не айтса да орнынан ұшып түрегеліп орындай береді. Тек сыртқа шыққан емес. Өткенде ғана өзімен бірге осы төңіректегі бір - екі дүкенді көрсеткені бар. Енді, міне, соның біріне жұмсамақ. Сәуле тез киінді, үйден тез шықты. Раушан анау-мынау киімдерін дайындап, бет-әлпетін айна алдында әрлегенше Сәуле келіп те қалды. Айдынбек мұны шын мәнінде білген жоқ. Еш­теме болмағандай екеуі отыра берген.

Раушан киген киімдерін Сәулеге қайта-қайта көрсетумен бірнеше минуттарды өткізді. Содан соң барып Айдынбектің жүмыс бөлмесінен шығуын күтті. Бұл Айдынбек жұмыс жасаған кезде болатын үйреншікті әдет. Күткендей шамалыдан соң Айдынбек есігін еппен ғана ашып, бері шықты. Сөйтті де осы кезге дейін жұмысына бармай отырған Раушанға тандана қарап тұрып:

  • Бүгін жұмысқа бармайтын ба едің? - деп қалды.

  • Бармаймын, сұрандым, - деді Раушан еріне жақын ба­рып, - білесің бе, мына қыз келгелі үйде қамалып отырып қалды. Бұл қорадағы мал да, тордағы құс та емес шығар-ау. Қанша дегенмен де үйде бір адам отырғанда сен аландайсың. Дұрыс жұмыс жасай алмайсын. Егер де мен саған бір ұсыныс айтсам, сен ренжімейсің бе?

Несіне ренжимін, айта бер, — деді Айдынбек уақытының аздығын байқатқандай болып сол қолындағы сағатына көз салып.

  • Айтсам, былай. Мен бүгін Сәулеге қаланы көрсетіп келейін. Көпке ұзамаймыз. Тез қайтамыз.

Айдынбек не айтарын білмей тұрып қалды. Раушан қызарып кетті. Не дерін білмеген. Әдетте мұндай ұсыныс жасағанда Айдынбек бас тартпайтын. Басын шұлғып қойып жүре беретін. Бұл жолы олай болмай Сәулеге қарайлай берген. Сәуле де мәселені түсіне қойды. Шамалы үнсіздіктен соң қалаға барғысының келмейтінін айтып қалды. Соның артынша бүгін үйде оңаша қалудың реті келмейтінін Айдынбек те тез түсінді. Ол тез-тез киініп, қағаздарын сөмкесіне салып, сыртқа беттеді. Жаңа ғана қалаға бармаққа дайындалған Раушан енді сол әдемі деген киімдерімен амалсыздан Айдынбекпен бірге жұмысына қарай тартты.

Есік сырт жабылып, құпия цифрлы кілт кілттенді. Тағы да оңашалык жайлады. Бірақ бұл жолы Сәуленің бойын бір қуаныш сезімі биледі. Ол қалаға шықпайтыны. Раушанның сөзі бұл жолы еріне өтпеді. Қыз енді баяғы үлкен айнаның алдына келіп, бет-жүзін барлады. Келгелі бері біршама салмақ жоғалтқанын, реңінің де шамалы өзгергенін аңғарды. Бірақ оның бәрі де сұлулығына ешқандай да нұқсан келтірер емес. Қайта салмақ қоспаса да демалғанының белгісі байқалады. «Енді мені көшеде көрген жігіттер де сұрақсыз жібере қоймас-ау, қалаға шыға қалсам» деп те бір ойлап қойды. Сәуле осы кезге дейін жігіттермен сапарлас болғаны болмаса, оның құшағы дегенді еш білген емес. Сол жігіттеріне де назар аудармаған еді. Ал нағыз махаббат, нағыз ішкі сезім деген осы Жер ғаламшарында екен.

Сәуле сәлден соң аяғына қарады. Мұхиттан кейін жұқа ғана аяқ киім киген болатын. Содан бері қара топырақтан табаны ажырап қалған. Өзінің кемесінде арнайы бөлімде қара саз болатын. Сол салқын қара сазды рахаттана басып жүріп, денесіндегі жиналып қалған мол тоқты топыраққа сіндіріп жіберетіні. Ал бұл үйде ондай қара саз жоқ. Ең болмаса есік алдында қара жер болсайшы. Бәрі де қандай да бір жасанды тас қабатпен қапталған. Бүкіл қаланың ішінде де қара сазды жердің жок екенін Сәуле стереотеледидардан аңғарған. Сәуленің байқауынша адамдар жүріп жатқан жіңішке тас қабат жолдардын жанында жасыл шөбі жайқалған жолақ бар еді. Сәуле енді соны басуды да ансады.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет