Екеуі осылайша біршама уақыт отырды. Басқалар да алғашқыдан гөрі бір-біріне деген мауықтарын басқан. Енді ғалымдар жасырын жиын өткізуге тиісті. Ғылымда мұндай жабық мәжіліс деген жиі болып тұрады. Онда ғылымға қатысы жоқ адамдар естуге тиісті емес мәселелер қаралады. Мұндай жағдай ғылымда бірінші рет болып та отырған жоқ. Ол құпия мәжілісте ғалымдар су астынан көрген басқа да нәрселерін айтуға тиісті. Содан соң тиісті қорытынды шығарылады. Осы мәжілісте қызды қандай ортада ұстау және оны сырттан қорғау мәселелері де арнайы қаралады. Сондықтан да осы алғашқы мауық басу кездесуінен кейін ғалымдардың жұбайлары мен ұл-қыздарына әкелерін үйде күту ескертіліп, сыртқа шығулары ұсынылды. Раушан да солармен бірге өз пәтеріне оралған. Қанша ұнатпаса да, бұл қысқа кездесуде өзінің Айдынбекке деген мауқы сәл де болса басылып та қалған. Бірақ оның есесіне әлгі сүлу қызға деген ойы мен қызғанышы әрбір минут сайын күшейіп бара жатты. Раушан бұл жарықта жалған дүниеде қызғаныштан артқан ауыр сезімнің жоқ екеніне алғаш рет көзін жеткізді.
Раушан көпшілікпен бірге үйіне қайтқаннан кейін де ой тереңінен шыға алмады. Соның алдында ғана Айдынбек айтқан әңгіме оған ерекше бөлек әсер берген. Сол әсермен қалай көшеге шықканын, қалай жеңіл көлікке мінгенін де айыра алмай, байқай алмай қалғандай. Жол-жөнекей ешкім кезіккен жоқ. Егер кездесе қалғанда әрдемені бір сұрап өзін мазалар да ма еді. Раушан қанша дегенмен де оңашалыққа үйренген. Көп сөзділікті ұнатпайтын әйел. Сол себеппен де құрбылары мен таныстарынан үнемі қашқақтап жүргені. Көліктен түскен бетте ол ешқайда бұрылмастан өз пәтеріне келіп енді. Жаңағы әсер, жаңағы бейтаныс қыздың бет-бейнесі, тұла бойы көз алдынан еш кетер емес. Пәтеріне кірген бетте ол сонау бір алыс сапардан келгендей бөлме-бөлменің ішін мұқият аралап шықты. Океанариум деп аталатын үлкен аквариумдегі су асты тіршілік иелеріне біршама уақыт қызықтап қарап тұрды. Айдынбек сапардан аман-есен оралған соң көңілденіп, ол тіршілік иелеріне де басқаша көзбен қарай бастаған. Олардың бәрі де енді өзіне ерекше етене жақын көрініп те кеткендей. Раушан енді оларға құрғақ жем тастады. Шағын су асты әлеміндегі түрлі балықтар құрғақ жемді қағып алып, қағып алып, бұлт-бұлт ойнақшып, ерекше бір көңілденгендей, Раушанға бір алғыс айтқандай дәурен кешті. Раушан да оларға қадала қарап, өзі өмірінде бір де бір рет су астында болып көрмесе де дәл мына балықтармен бірге болғандай күй кешті. Енді, міне, осындай су асты әлемінен балықтар ғана емес, бейтаныс қыз атанған су перісі де табылып отыр. Мұхит құпиясы деген осы. Раушан сәлден соң өзіне-өзі: «Ойбұй, мен неғып тұрмын, енді сәлден соң Айдынбек түскі асқа келмей ме? Онсыз да ғылым-ғылым деп үйден дәм татпай тұрып әлгі қыздың құпия сырына кетті. Ол өзі қандай тамақты ұнатушы еді. Қазақша ет пен қамыр, сүт, айран, қияр, помидор, тәттілер» деп автомат асханаға тапсырыс беруге асықты. Соның артынша асханадағы автомат жүйелер жұмысқа кірісіп те кеткен. Автомат асханадағы жүйелер де мейліншен сақ. Раушанның жаңағы ойлаған тағамдарын сол мезетте тіркеп, жадына жазып үлгеріпті. Оған іштей риза болған Раушан өздерінің жатын бөлмелеріне келіп, Айдынбек екеуі ұйықтайтын кең төсекке ойлы жүзін бұрып қойды. Ер әйелімен, әйел ерімен осындай бір төсекте бірге жатқанға, бірге сырласқанға не жетсін, шіркін! Осыны бір арман еткен Раушан, енді қайтадан кең бөлмеге өткен. Оңдағы океанариумға тағы да көңіл бөлді. Балықтар әлгі өзі тастаған құрғақ жемдерді жұтып-жұтып алып, енді ештеме де болмағандай бұлт-бұлт жүзіп жүр. Олар болса да мына шулы әлемнен бейхабар. Океанариум іші тыныш. Су асты деген өзінше бір бөлек әлем. Раушан неше қилы ойға беріле келе стереотеледидарды іске қосты. Хабар жүргізушілер Раушан естіп-көріп келген жаңалықтарды енді ғана айтып жатыр екен. Раушан оны біраз көріп-тыңдады. Содан кейін автомат асханадағы дастарханның жайын білуге асықты.
Дұрыс шешім
Қазақ Ғылым академиясындағы кезекті құпия мәжіліс көпке созылған жоқ. Онда қаралатын мәселе белгілі еді.. Есенәлі бастаған топ академияға есеп берді. Осы соңғы екі сапарда ашылған жаңалықтар мен жетістіктер түгелімен айтылды.Негізгі жаңалық белгілі еді. Ол — бейтаныс қыз. Ол қыз мәжіліс өткізілігі жатқан кезде түрлі дәрігерлік бақылаулардан өткізілді. Мәжіліс біткен бойда ғалымдар сол қыз бар бөлімге қарай ағылды. Қыздың жағдайы жаман еместі. Оның көңіл-күйі де жоғары көрінген. Бұл көрініс Айдынбектің көңіліне қуаныш ұялатты. Айдынбек неге екені белгісіз, қызды өзгелерден қызғана да бастады. Қандай да бір сезім оты түла бойын билеп алғандай. Енді ол құпия мәжіліс бітсе де үйінде асыға күтіп отырған Раушанына да асығар емес. Басқа ғалымдар болса, аландап, қызды тез-тез бақылап, үйлеріне қарай ұшпаққа дайын. Айдынбектің бұл қылығынан кейін ғалымдар қаласа да, қаламаса да оның бейтаныс қызға деген махаббат сезімінің оянғаның мойындай бастады. Сол себепті де олар Айдынбек пен қыз арасындағы жарасымды, сағынышты көз қарасты бұзбауға көшті. Ғалымдардың бірі осындай сезімдерді бағалай келе ақыр соңында қыздың академиядағы бұл бөлмеде емес, Айдынбектің көп бөлмелі үйінің бір бөлмесінде тұрақтауын ұсынды. Бұл ұсынысты, қызық болғанда, барлық ғалым бір ауыздан қолдап кеп берді.
Айдынбек мұны алғашында әзіл деп қабылдады да, соңынан оның шын екеніне көз жеткізе бастағанда қатты ыңғайсызданды. Табан астында не айтарын да білмеген. Ә дегендеақ ол: «Бұл қалай болады? Раушан не демек?» деген сұрақты ойлар миының жарты шарын шарлап өте шыққан найзағай отындай болып. Ол ойын сөзбен де айтып көріп еді, әріптестері оған көне қоймады. Олар да өздерінше көптеген дәлелдер мен пайымдаулар келтірген. Бір жағынан ойлап қарағанда, қызға одан басқа баратын да жер жоқеді. Айдынбекті басты қинаған нәрсе - қыздың тіл білмейтіні. Ол сол мәселені көбірек ойлаған. Жер шарында тұратын кез келген ұлт өкілінің тілін оп-оңай аударып алуға болар еді. Ал, қыздыңтілі - әуен. Ғалымдар ол жағына да уәж тапты. Олар Айдынбектің қыздың тілін аз уақыттың ішінде табатындарына сендірді. Қыз үшін жан-жақтан қосымша көптеген көмектердің беріліп тұратыныңда ескертті. Осыдан соң Айдынбекке бас тартатындай жағдай қалмады. Біржағынан Айдынбектіңүйінесубассейіні де жақын еді. Қыз қажетдеген кезде соған барып жүрмек. Бұлжағынан да келіп тұр еді. Саналы шешімнің бірі. Ғалымдар осындай-осындай тұжырымдарымен Айдынбекті көндірді.
Шешім осы болды. Бұл қалай дегенде де дұрыс шешім еді. Тіл түсінбесе де қыз осы әңгіме айтылып жатқанда жалтақ- жалтаққарап, мән-жайды іштей сезіп те отырды. Содан соң әуенді дыбысымен әлденені білдіргендей болды. Тек оны ешкім де түсінген жоқ. Бұл қыз мұхиттан құрлыққа шыққалы шығарған алғашқы әуенді дыбысы еді. «Жайынның» құрамы үшін белгілі әуен болғанымен, осы академиядағы қызметкерлерге таңданарлық жаналықболды. Олар мұндай ғажайып әуенді дыбысты өмірлерінде алғаш естіген. Кейбіреуі ішінен: «Мынау бірғажайып қой. Айдынбекке келіп қонған бақ қой», - деп те қойған ішінен.
Мәселе осылай оң шешілген соң қызды басқа бөлмеге апарып киімдерін түгелдей жаңартты. Дәрігерәйелдер оныңденсаулығын тағы біртексеріп, мұкияттап жүр. Олар Айдынбектің үйіне жиі-жиі барып тұратын болып келіскен. Ғалымдар Айдынбекке табыс тілеп үйлеріне асықты. Бірнеше айдан бері отбасыларында бол маған олар әрбір минуттарын жылдай етіп өткізіп отырған еді. Рұксатберілген бетте-ақ тұрып жүреберген. Қыз сенімді қолға тапсырылған соң сенімді болмай қайтсін.
Бәрі қысқа-қысқа қоштасып бөлмеден шығып кетті. Іште тек Айдынбек пен өздері Сәуле деп есім берген қыз ғана қалды. Қыз қазақкиімін киген бетте-ақ ерекше әдеміленіп кетті. Оған мұндай киім ерекше жарасады екен. Тек Жер тұрғыны болмағаны. Соның өзінде де көшеге оңаша шығар болса, қазақтың талай жігіттері ізіне түсер еді. Айдынбек көз алдындағы аруға қарап оны да ойлап, іштей бір қызғаныш білдіріп қойды. ... Содан соң енді өзінің үйіне алып баратының, сонда тұратының, әйелінің есімінің Раушан екенін ымдап та, дыбыстап та айтты. Қыз алғашқы кездегісіндей емес, осы уақыттың аралығында тіл түсінбесе де, адамның бет мимикасынан, қол сермесінен көп нәрсені аңғаратын дәрежеге жетіп те қалыпты. Ол көп нәрсені зердесіне түйіп те үлгерген екен. Қыз Айдынбекке өзін мұхиттереңіндегі жалғыздықпен қатерден құтқарғаны үшін қарыздар еді. Екіншіден, Айдынбек өзін хайуанаттар сияқты бір бөлімде қамап ұстамай, адамсияқты өз үйінде ұстамаққа бел буып отыр. Бұл да үлкен адамгершілік. Қыз осы жақсылықтары үшін де Айдынбекке ерекше ықылас білдірген.
Осындай мимикалықтүсіністіктен кейін Айдынбек жаймен ғана орнынан түрегеп келіп қызға қолын созды. Қыз да оған қадала қарап тұрып қолын берді. Екеуі алғаш рет оңашалықта қол ұстасты. Тек қыздың қолы салқындау еді. Айдынбек оған ой бөлген жоқ. Ол қыздың өзіне деген ниеті мен сыйластығына риза болды. Бұл кезге дейін Айдынбек қыздың қолының салқын келетінің «Жайында» жүргенде-ақ арнайы дәрігерлік құралдар арқылы неше рет байқаған. Тек дәл қазіргі сияқты қысып ұстаған емес. Бұл жолы қыздың тамыр соғысын да байқап үлгерген. Жалпы, Айдынбектің адам баласының денсаулығын тамырының соғысына қарап біле алатын қабілеті барды. Ал қыздың ондай қабілеті өзінен әлде қайда асып түскен. Ол Айдынбектің реңіне қадала қарады да, оң қолын көтеріп, саусақтарының арасын ашып, олай-былай шайқады. Соның артыншағалым өзін кенеттен ғажап жеңіл сезінді. Қызық болғанда, қызға тән ерекше қабілетінің барын да байқады. Айдынбек осы сәтке дейін оны мұндай деп еш ойламаған еді. Қыздыңтағы бір қабілеті айқындалды. Бұл кезге дейін Айдынбек оның қараңғылықты жақсы көретінің, суыққатөзімділігін жақсы білмейтін. Қыз кемеге алынған соң оған алғаш рет барып, онымен тіл табысуға әрекет жасаған да өзі еді. Онда да ой жүйесі арқылы ғана. Айдынбек қызды үйіне алуға келісім бергенде оның тілін үйренуді, құпия қабілеттері мен қасиеттерін білуді іштей мақсаттұтқан. Қаншадегенмендеүйдебіргетұрғандай бола ма? Оның ең бастысы болса да, екеуінің арасындағы құпия сезімнің айқындала түсуі болатын. Оны ғалымдар сырттай жобалап сезгенімендәл өздеріндей ішкі жандүниелерімен бойлаған емес. Тек ашып айта салатын тіл болмаған соң, айтқан сөзді өзара түсінісе алмаған соң ол сезім екеуін де тек төңіректеп қана жүргендей болғанды.