Тамағының кұрғап қалғанын да оянған соң сезді. Енді мензеңболып отыр. Пәтер іші тым-тырыс. Дабыл беретін жүйе де жоқ. Бәрі де дыбыссыз етіліп жасалған. Бұл да техниканың бір жетістігі еді. Сәлден соң Айдынбектің ұйкысы ашыла түсті. Бірақ ол орнынан түруға асыққан жоқ. Раушанды мезгілсіз оятып алмауға тырысты. Бұдан бұрын өз басы жастыққа тигеннен ұйықтап кетіп таң ата бір-ақоянатын. Енді түн ұйқысы осылайбөлініп кетті. Біржағынан қаттыұйықтаудың даонайға соқпайтынын сезіп отыр ішінен. Айдынбек тағы да Раушанның жүзіне қарады. Егер Раушан кенеттен оянып кетсе, өзінін неғып отырғанын сұрайды. Ұйкысы шайдай ашылады. Онан оянбағанын дұрыс көрді Айдынбек. Айдынбек енді су ішу үшін аяғынын ұшымен ғана басып автомат асханаға өтті. Сол кезде ол жаңағы өлеусіреген жарықтын қыз жатқан бөлмедегі түн шамынан емес, қыздыңөзденесінен шығып жатқанын көрді. Елең етіп, бірорнындатұрып қалды да, олай карай баруға батпады. Өйткені, онда не жағдай болып жатса да түн түгілі, күндіз де қадам басқан емес. Оған тек Раушан ғана кіріп-шығып жүреді. Айдынбек көп тұрмай қайтадан асханаға еніп, ондағы дыбыс шығармайтын күрделі жүйені іске қосатынтүймені нүкыды. Ішетін су дайын болды. Автомат қолдардың бірі су құйылған ыдысты Айдынбектін алдына жай ғана қойды. Сөйтіп ол қолдар көзді ашып-жұмғанша лып деп жоқ болды.
Айдынбек суды сіміріп ішті. Ыдысты дастархан үстіне еппен қойды. Пәтер ішінде қайтадан тыныштық орнады. Айдынбек өзі отырған жұмсақ орындықтың биік жақтауына шалқая түсіп, екі көзін жұмып, ойға шомды. Ой тереңіне кетіп, бейтаныс қыздын бойынан су асты жәндіктерінен тарағандай болып тарап жатқан жарықтың нендей себептен болғанын ойлады. Ол бөлмеде, тіпті, түн мезгілінде өз бойынан жарық шашатын гүл де болған емес. Түн шамының жарығы бөлек. Алғашында Айдынбек оған ұйқылы-ояу көзбен мән бермеген екен. Ендігісі ғажап жұмбаққұбылыс. Мұндай құбылыс Сәуле ол бөлмеге орналасқанға дейін болған да емес. Айдынбек жұмыстан шаршап келіп, кешкі асын ішіп, шамалытеледидар көрген соңтөсегіне жатып қатты ұйықтап кететін де, қыз жатқан бөлмеде түні бойы қандай құбылыстардың болып жататынын білмейтін. Бүгін алғаш рет оның жалғыз куәгері болып отыр. Ал қыздың өзі болса да терең ұйқыда. Ол мұның бұлайша бақылап ұйықтамай отырғанын қайдан сезсін. Айдынбек енді бұл ғажайыплюменисценциялық жарықты су астындатіршілікететін кейбіржәндіктерден шығатын жарықпен ойша салыстырды. Кең бөлмеге, одан да басқа бөлмеге барса, ол екеуінде де үй океанариумы мен аквариумы бар. Солардан көре салуға да болар ма еді. Бірақ, дәл қазір бірде болмаса да бірде тырс еткен дыбыс шығарып алып, екеуін де оятып алудыңеш жөні жоқеді. Онын үстіне өзі түн мезгілінде, ұйықтағанға дейін Раушан екеуі үйдеп бар шам біткенді сөндіріп қойып қызықтайтын су асты жәндіктерінін жарығы өзіне жақсы белгілі де. Айдынбек жаймен ғана орнынан түрегелді. Аяғының ұшымен ғана басып қайтадан жатын бөлмесіне кірді. Қыз жатқан бөлмеден тараған жанағы ғажайып жарықты тағы бір көріп өтті. Раушанның жанына отырды. Ол әлі де шырт ұйқыда. «Ұйқы жартылай өліммен тең» деген де рас екен-ау, — деп бір қойды. Өйткені, Раушан ештемені сезер емес. Енді ол жаймен ғана төсектін біршетіне отырды. Құр отырмай: «Қыз жатқан бөлме жаққа барып әлгі жарықты тағы бір көрсем бе екен? Көрмесем бе екен?» деп құбылды. Бірақ академиядағы ғалымдар өзіне осындай ерекшеліктерді бақылап-зерттеуді сеніп тапсырған соң қалай тыныш қалады. Басына осы ой келгенде ол өзін төсектен біреу көтеріп кеп жібергендей ширақтүрегеп кетті. Оған тағы бір түрткі болған нәрсе — қыз жатқан бөлменің есігінің сәл ғана ашықтығы еді. Кейде қыз есігін мүлдем жаппайды. Бүгін де солай екен. Егер ол есікке қатты жақындап барса, өзі көрініп те калмақ. Егер Айдынбектің орнында әйелқұмар басқа біреу болса, онда ол қызды әлдеқашан айналдырып, екінші әйел етіп те алар ма еді. Ал бұл болса әлі де тек ішкі сезімге бөленіп, содан ғана рахат сезім тауып,« Көзбен көр де іштен біл» дегеннің керін келтіріп, өзінше бөлек бір арман-қиялмен ғана жүр.
Енді әрі ойланып, бері ойланып, бойында бір батылдықпайда болды. Оның үстіне бұл уакыт түннің бір мезгілі. Өзі ғана. Раушан да, Сәуле де шыртұйқыда. Бар ісін өзінен басқа көріп тұрған жан баласы жоқ. Несіне сасады, несіне қаймығады?! Айдынбек осы батыл ойдан кейін аяғын санап басып қыз ұйықтап жатқан бөлмеге қайта жақындады. Сол кезде барып жарықтың бөлмедегі түн шамынан емес, тап қыздың өз денесінен шығып жатканынаекінші рет, анығырақ көзінжеткізді. Бірақ бұл жарықтың қыз денесінен қалайша бөлініп жатқанына ақылы жетпеді. Есіктің шамалы ашық жерінен шығып тұрған жарықтың өздерінің жатын бөлмесіне дейін тарап жеткенін оянған мезетте-ақ байқаған болатын. Ол жарықтың сәулесімен Раушанның бет-әлпетін де анық көріп еді-ау. Ал қыз жатқан төсектің ол жақ, бұл жағы тіпті де жап-жарық. Айдынбек есікті еппен ғана ұстап, өзіне қарай жай ғана тартты. Жарық күшейе түскен. Бөлме ішіндегі үстел, оның үстінде жатқан заттар, айна ап-анық көрінеді. Ал қыз жатқан жұмсақ төсек оң жаққабырғаға тақау қойылған еді. Сондықтан да есікті әлі де болса аша түсуге болады. Бірақ осы кезде өзінің жатын бөлмесіндегі Раушаннын қозғалған, сәл ыңырсыған дыбысы естілді. Айдынбек есікті тез ілгері қарай итерді де өзі аяғының үшымен жылдам-жылдам қадам басып, жұбайының қасына келді. Келсе, Раушан ояныпты. Тек ол сол жағына қарай бір аунап түскен. Сол қолын созып, басын білегінің үстіне қойған. Бейнебір ұйқылы-ояу күйінде өзін іздегендей.
Айдынбек, «Енді қайтер екен?» дегендей жұбайының бет- әлпетіне қадала қарап тұрып қалған. Егер ол ояна қалса, бұл асханадан жана ғана келген болып жанына жата кетпек. Білдей ғалым бола тұрса да ғылым үшін осындай бір ешкімге зиян- залалсыз қулық іске баруына тура келген. Өмірінде ұрлық- қарлық жасап көрмеген адамға мұның өзі де ауыр еді. Раушан кенеттен ояна қалса, не айтарын білмей сасқалақтап қалуы да ғажап емес. Айдынбектің көкейінде бір ғана сөз: «Тамағым қатты кұрғап оянып кетіп, асханадан су ішіп келдім». Осылай ақталмақ. Бірақ оныңда негізі жоқ емес-ті. Тамағы құрғап оянғаны, асханадан су ішкені анық. Дегенмен де Айдынбек, дәл қазір екі әйелдің арасында жүрген ер адамдай бір сезім-күйге де бөленді. Енді амалы қанша, ғылым үшін бәріне де бармақ.
Ол Раушанның тынышталуын біраз күтіп отырып, қатты үйқыға қайта терендеген кезде жаймен ғана қыз жатқан бөлмеге қарай жүрді. Бұл жолы аяғын ширақ басқан. Енді асықпаудың еш реті де жоқ еді. Уақытта біршама болып қалған. Көретін нәрсесін тезірек анықтап көріп, қайта келіп жатуы керек. Айдынбек жылдам басқан бойда әлгі есікке жетіп, оны өзіне қарай тартып ашты. Міне, ғажап! Айдынбекөзкөзінесенер-сенбесін білмей тұрып қалды. Қыздың ақ балғын денесі жарты беліне дейін ашық жатыр. Ал көкірегі, қос анары, мойны, күллі деңесінен жарық шығып тұр. Тіпті жұқа ақ көрпе жамылып жатқан аяқжағының жарығы да көрпеден өтіп, төбеге дейін жетіп, одан шағылысып, бөлме ішіне тараған. Әсіресе, оның көкіректұсы, қос анары, бет-жүзі бал-бұл жанған. Айдынбек не істерін білмеді. «Осы күнгедейін түн мезгіліндетүрегеп, мұндайғажабын неге бір ретте көрмегенмін» деп өкінді ол ішінен. «Әлде ол тек бүгін ғана осылай жарық шашып жатыр ма, өз бойынан» деп тағы тоқтады. Бірақ енді өз-өзіне қанша, қандай сұрақ қойса да бар ғажайып көз алдында. Қыздың баяу тыныс алысына қарай жарықта баяу құбылады. Текол құбылмалылық жарықтыңтарауына ешқандай залал келтіріп тұрған жоқ. Айдынбек осы жарық арқылы бөлме ішіндегі еңтиттей деген заттарды да анық көре алды. Қызға қайта бұрылып қарағанда, оның денесінің қызғылттанып, алтындай әдеміленіп те бара жатқанын аңғарды. Оған қайран болды. Не істерін білмей әлі тұр. Не бөлме ішіне кірерін, не қайта бұрылып кетерін де білмеді. Қызәзірге ештемені десезеремес. Алаңсызғана ұйықтап жатыр. Айдынбектің өзін манадан бері таңырқай бақылап жүргенін қайдан білсін. Кәдімгі адамға тән қатты да тәтті ұйқыға кеткен. Айдынбекендітез кейіндеп барып кеңбөлмедегі үлкен үй океанариумына қарады. Ондағы өз денелерінен жарық шығаратын жәндіктерәдеттегісінше жарқырап жүзіп жүр. Ештемемен істері жоқтай. Қайта күндізгіге қарағанда олардың белсенділіктері артатүскендей. Жалт-жүлтетіпбұлтбұрылатындарын қайтерсің. Айдынбек екі арада жүр. Ол біресе океанариумдегі әлгі жәндіктерді, біресе бөлмесінде шырт ұйқыдағы қыздан шыққан жарықты бақылайды. Осылайша жападан-жалғыз әуре-сарсаңға түскен.