4
|
ҚАЛТАЛЫ САҢЫРАУ
ҚҰЛАҚТАР НЕМЕСЕ
АСКО
МИЦЕТТЕР КЛАСЫ
Қалталы саңырауқұлақтарға 30 мыңдай түр жатады.
|
Қалталы саңырауқұлақтарға 30 мыңдай түр жатады.
Олардың мицелийлері субстратқа еніп жататын, бірнеше
бөліктерге бөлінген (членистый) гифалардан тұрады. Субстраттың бетінде тек жыныстық көбею органдары орналасады. Қалталы саңырауқұлақтардың түрлерінің дені
(көпшілігі) сапрофиттер. Олар негізінен топырақты мекендейді де, өсімдіктердің шірінділерімен және тағамдардың
қалдықтарымен қоректенеді. Сонымен бірге бұлардың
бірқатары өсімдіктердің, сиректеу жануарлардың және адамның паразиттері болып келеді. Кейбіреулері өмірлік циклын паразит ретінде бастап, сапрофит ретінде аяқтайды
|
Жыныссыз көбеюі конидиялары арқылы жүзеге асады.
Жыныстық көбеюі қарапайым түрлерінде
мицелидің екі жіпшесінің бірігіп кетуі арқылы
жүреді. Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей-ақ,
оның диплоидты ядросы бірден мейоз жолымен, содан соң
митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесінде сегіз гаплоидты аскаспора пайда болады. Жоғарғы деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтарда жыныстық көбею органдары болады: аналық жыныс органы-архикарп және аталық жыныс органы — антеридий деп аталынады. Архикарп екі клеткадан тұрады: төменгі бүйірленген — аскогеннен және жоғарғы цилиндр тәрізді — трихогинадан.
|
Кластармағының кең таралған
және ең маңызды өкілдерінің бірі ашытқы саңырауқұлағы
|