БӨЖ-1
Тақырыбы: «Төменгі және жоғарғы саңырауқұлақтар кластарының сипаттамасы»
Орындаған:Савронова Парвина Шухратқызы
Қабылдаған: Кулбекова Айман Абдижаппаровна
6В01506-Биология,201-топ
Саңырауқұлақтар (лат: fungi, жекеше түрі fungus) — зең, ашытқы, қозықұйрық сияқты эукариоттық ағзалардың бір тобы. Жануар қасиеттерін де, өсімдік қасиеттерін де қамтиды, сондықтан бөлек бір патшалық болып табылады.
Саңырауқұлақтарды өсімдік, бактерия және кейбір простистен айыратын қасиет — хитиннен тұратын жасуша қабырғасы. Олар жануарлар сияқты гетеротрофты, яғни олар тамақты органикалық молекула сіңіру арқылы табады және фотосинтез жасамайды.
Саңырауқұлақтардың басым бөлігі гифа ретінде өсіп, тіршілік етеді. Гифа деген диаметрі 2–10 µм, ұзындығы бірнеше сантиметрге жететін, цилиндрлік жіп пішінді құрылым. Гифа ұшынан өседі; жаңа гифалар ескі гифалардың жаңа ұш өсіріп, тармақтануы немесе бір ұштың екіге бөлінуі арқылы пайда болады. Бір-біріне ұшырасқан гифалар бірігіп, мицелий деген матасқан гифалар желісін құрайды.
Классификациясы.Саңырауқүлақтар бөлімі жеті классқа бөлінеді:
хитридиомицеттер класы (Chytridiomycetes);
гифохитромицеттер класы (Hyphochytriomycetes);
оомицеттер класы (Oomycetes);
зигомицеттер класы (Zygomycetes);
аскомицеттер класы (Ascomycetes);
базидиомицеттер класы(Basidiom ycetes);
жетілмеген саңырауқұлақтар класы(Deuteromycetes);
Алғашқы төрт кластың өкілдері төменгісатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардыңмицелийлері көлденең перделері арқылы жекелегенбөліктерге бөлінбеген, немесе мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген болып келеді.