Оңтүстік Американың климаты мен табиғат зоналары. Африканың жер бедері, пайдалы қазбалары. Орындаған: Даурен Ақниет Тексерген: Кулбекова Айман Абдижаппаровна Жоспар
Оңтүстік Американың климаты мен табиғат зоналары. Африканың жер бедері, пайдалы қазбалары. Орындаған: Даурен Ақниет Тексерген: Кулбекова Айман Абдижаппаровна
Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге Америка дүние болігін құрайды.Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті орталық америкамен қосып,Латын Америкасы деп те атайды.Материк пішіні солтүстік жарты шардың Субэкваторлық белдеуінен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіне дейін созыла орналасқан үшбұрышқа ұқсаиды.
Оңтүстік Америка табиғатының мынадай ерекшеліктері бар:
Мұнда Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы өте үлкен өзен – Амазонкаорналасқан, оның жылдық ағыны 7000 км3, су жинау алабының 7 млн. км2 асады;
Материктің солтүстігінде дүние жүзіндегі ең биік сарқырама –Анхель орналасқан, ол 1054 м биіктіктен құлап ағады;
Анд тауларында дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі –Титикака орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812 м биіктіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км2, тереңдігі 304 м;
Материкте дүние жүзіндегі ең биік сөнбеген жанартау – биәктәгә 6880 м болатын Охос-дель-Саладожанартауы орналасқан;
Оңтүстік Америка – Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл материк: жерінің тең жартысына жуығын ормандар алып жатыр;
Географиялық орнына сәйкес, Оңтүстік Америка күн сәулесін өте мол алады. Бірақ ылғалдың көп болуы материкті шамадан тыс қызып кетуден сақтайды. Материк солтүстік субэкваторлық белдеуден оңтүстік қоңыржай белдеуге дейін созылып жатыр. Климаттың қалыптасуына географиялық ендікпен қатар, батыстағы биік Анд тау жүйесінің тигізетін әсері мол. Сондықтан әрбір климаттық белдеу биік таулық және жазықтық климаттарға ажыратылады.
Материк климатына қоршап жатқан мұхит айдындары үстінде қалыптасатын экваторлық, тропиктік, қоңыржай ауа массалары басым ықпал етеді. Сондықтан Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды материк болып табылады. Әсіресе Атлант мұхитының әсері күшті. Мұндағы жылы ағыстар ауаны ылғалға қанықтырады да, материкітң шығысытағы жазық бөлігі ылғалды ауа массаларының құрлықта кеңінен таралуына қолайлы жағдай жасайды.