67
Екі зат та «ала» сөзінен басталады. Үйренуші жадысында «ала» сөзі –
мал, хайуанат, құс денесінің немесе денесінің бір бөлігінің ақшыл түсіне
басқа да түстердің араласып келгендегі түрі
деген ұғымды туындатады, ал
затқа байланысты суретті көру арқылы жазбаша ұғым қалыптасатындығын
атап айтқан жөн. Баланың санасында жазу арқылы таным қалыптасады. Есте
сақтау үдерісі мен метафизикадағы ой қозғалысы бір бірімен байланыса
отырып, баланың санасына әріп беріп тұрған ақпарат арқылы әсер етеді және
есте сақтауын дамытады.
А.Байтұрсынұлы мен Карл Юнгтың қарастырған адам психологиясының
ерекшеліктеріне тоқталғымыз келеді. Психоаналитикалық бағыттың көрнекті
өкілі Карл Юнг санадан тыс процестерді тікелей бақылау мүмкін
емес,ұжымдық бейсаналы деңгейдің мазмұнын архетиптер құрайды дейді.
Адам психологиясындағы ұжымдық бейсаналы сфераға тарихи қалдықтар
мен естеліктер енеді. Адам өз психологиясының
ең терең қабатында жеке
индивид болып қалмайды. Олардың психологиялық жаны бүкіл адамзат
психологиясымен бірігеді. Барлық адамның психологиялық фундаменталды
құрылымы бірдей. Алдымен ұжымдық, одан
кейін барып индивидуалды
бейсаналы сфера, одан кейін сана сферасы қалыптасады.
Екі ғалымның жаңалығындағы ұқсастық түпсанаға байланысты.
А.Байтұрсынұлы адам санасындағы байланысты жазумен байланыстырған,
себебі қазақ халқының санасында орныққан дыбыстарды басқа халықтардың
дыбыстарымен
салыстыру
мүмкін
емес,
басқа
дыбыстармен
сәйкеспейтіндігін айта кеткен жөн.
Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл
таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталған. Белгілі-бір ұлттың
тарихынан,
мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен
хабардар ететін тілдік бірліктерге ең алдымен фразеологизмдер,
мақал-
мәтелдер, нақыл сөздер жатады, себебі, бұл тілдік бірліктер белгілі-бір
ұлттың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін,
салт-
дәстүр ерекшеліктерін білдіретін ұлттың өмірлік көріністерінің айнасы
болып табылады. Тілдік бірліктер әрбір халықтың жазуынан, алфавитінен
көрініс табады. Сондықтан
тілдегі дыбыстардың мазмұны, мағынасы,
ұлттық мәдени сипаты қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады.
А.Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб
жазуы негізінде жасалды. Қазақ тілінің табиғаты дегеніміз – қазақтың өзінің
таза ауызекі сөйлеу тілі. Ауызекі сөйлеу тілі жазу тіліне жақын болу керек.
Себебі, түп санадағы ақпарат жазу арқылы беріледі және әр халықтың өзіне
ғана тән мәдениеті мен рухын байланыстыратын сөйлеу тілі әр халықтың
өзіне ғана тән болып табылады [91].