Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу


ІІІ. А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ЕМЛЕСІ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІН



Pdf көрінісі
бет2/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ
3830-1-7985-1-10-20220416, Ш.Айтматов-және-қазіргі-түркі-әлемі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ, Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты м-emirsaba.org (2), Әкімбек Лашын ҚМЖ, Айдар Назерке ғылыми мақала, СӨЖ- Әкімбек Лашын 313, Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org (1), Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org
ІІІ. А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҚАЗАҚ ЕМЛЕСІ ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗІН 
ҚАЛАУШЫ 
3.1
 
А.Байтұрсынұлының күрделі сөздер емлесі ............................................... 123 
3.2
А.Байтұрсынұлының грамматикалық емлелері – қазіргі емленің 
бастауында .......................................................................................................... 137 
ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................. 
152 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ................................................................. 
155 



КІРІСПЕ 
 
Зерттеу жұмысының өзектілігі. 
Көрнекті қазақ ғалымы, ұлт ұстазы, 
қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізгі салалары 
туралы алғаш қалам тартқан ғалым. А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің 
теориялық және практикалық тұрғыдан негізін қалады, грамматикалық 
құрылымның ғылыми жүйесін жасады, дыбыс жүйесінің басты 
ерекшеліктерін айқындады. А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің метатілін 
қалыптастырды. 
А.Байтұрсынұлының «Әліппе» оқу құралы нағыз грамматологиялық 
бағытта жазылған еңбек, онда қазақ тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 
дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауысты бар деп беріледі. Дыбыстар 
дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты болады деп көрсетіледі [1,146]. 
Х-ХІ ғасырлардан бастап қолданыста болған араб жазуы түркі 
халықтары тілдерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай 
қолданылса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де қолданылды. 
Ғасырлар бойы түркі халықтарының мәдени-рухани жағынан өркендеуіне 
негіз болған, ислам дінінің ілгерілей енуінің де басты тұғырына айналған 
араб жазуы екенінде шүбә болмасқа керек. 
Қазақ жұртында П. Мелиоранский, А.В.Ильминский т.б. миссионерлер 
бастаған оқу жұмыстары жүргізілгені белгілі. Қазақ тілінің грамматикалық 
құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И.Ильминскийдің «Материалы к 
изучению киргиз-казахского наречия» деген еңбегінде кездеседі. Кейін 
М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и 
узбекская» (1875), П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах- 
киргизского языка» (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің «Грамматика 
киргизского языка» (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру 
мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын 
ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен 
қазақ тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін орыс тілімен салыстырып, сол 
тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. Сондай-ақ, А.Е.Алекторовтың 
«Краткий казахско-русский словарь»‚ 1891; «Начальное руководство к 
изучению арабского‚ персидского и татарского языков с наречиями
бухарцев‚ башкир‚ киргизов и жителей Туркестана»‚ 1869; Т.Бокин «Русско- 
киргизский словарь»‚ 1913; Н.И. Ильминский «Материалы к изучению 
киргиз-казахского наречия»‚ 1861, т.б. еңбектері бар. Бұл туралы жазылған 
ғылыми зерттеулер бар (Ақымбек С. [2], Иманқұлова С. [3]). Сондықтан 
зерттеуімізде бұл мәселелерге терең талдау жасамаймыз. 
Қазақ тіл біліміндегі грамматология ғылымының негізін қалаған - Ахмет 
Байтұрсынұлы. Қазақтың өзінің төл жазуын алғаш рет жәдидшілдік, усул 
жәдид – төте оқу жолы негізінде негізін алғаш рет қалаған лингвист ғалым. 
А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу 
құралында» (қазақша әліппе) буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты 
дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, харіп секілді терминдер 



берілген. 1914-1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін 
бірнеше рет басылған «Тіл құрал» оқулықтары (қазақ тілінің сарфы) - қазіргі 
таңдағы қазақ тіл біліміндегі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, 
үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты терминдердің негізін қалаған оқу 
құралы. 
Аталған оқу құралында А. Байтұрсынұлы былай деп жазады: «Жұрт 
баласын әуелі ауыз тілінде оқытып, ауыз тілінде жазу сызу үйретіп, ауыз 
тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан 
кейін басқаша оқыта бастайды. Бізде тіліміз бұзылмай сақталуын өзгелерше 
тілесек, әуелі ауыз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс.
Қазірдің бастауыш мектебінде басқа тілдермен қатар қазақ тілінің оқу харпы 
да үйретілу керек. Үш жылдық бастауыш мектеп оқытуға шамалап қазақ 
тілінің оқу жазу харпін біліп, балаларға оқытуға ыңғайлы осы «Тіл – құрал» 
деген кітапшаларды шығарудамыз» [1,142]. 
Сол кездің өзінде А. Байтұрсынұлы, ең алдымен, адам ана тілінде білім 
алу керек, ана тілін меңгерген соң басқа тілді үйренуге қарай ойысу керек 
деген пікірде болғандығын байқауымызға болады. 
Байтұрсынұлы әліпбиі 1912 жылдан бастап қазақ-орыс мектептерінде, 
мұсылман медреселерінде қолданыс тапты. Қазіргі таңда төте жазу үлгісі 
көптеген халықтың жазу үлгісі болып табылады. 
Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау, жазба тілдің 
грамматикалық құрылымын қалыптастыру үшін іргелі ғылыми жұмыс 
жазды. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929): «...Орынборға келгеннен кейін, ең 
алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын 
зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, 
жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен 
тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге 
тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын 
жасанды кітаби сипаттан арылтып, халық тәжірибесіне ыңғайластыру үшін 
ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым» - деді. 
А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған елдің – өзі де жоғалады» -деді. 
Ғалым латын мен кириллица әріптерінің қазақ жазуына енуіне түбегейлі 
қарсы болды. Оның себебі, араб жазуында, төте жазу тілінде көптеген оқу 
құралдары жарияланғандықтан, халықтың басым көбі сол тілде оқып жаза 
білетіндіктен, халықтың рухани мол қорындағы дүниелер өзіндік 
құндылығын жойып, халықтың түпсанасындағы тіл мен рухани 
құндылықтардың жойылуына әкеліп соғады,- деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет