Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет9/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ
3830-1-7985-1-10-20220416, Ш.Айтматов-және-қазіргі-түркі-әлемі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ, Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты м-emirsaba.org (2), Әкімбек Лашын ҚМЖ, Айдар Назерке ғылыми мақала, СӨЖ- Әкімбек Лашын 313, Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org (1), Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org
1.1.
 
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ 
жазуының тарихи сипаты 
 
Тіл мен мәдениет – қоғам дамуының әлеуметтік азығы. Адамның 
жан дүниесі мен болмысының, мәдениетінің қалыптасуына үлкен үлес 
қосатын халықтың баға жетпес байлығы – оның тілі. Себебі, бүкіл бір
ұлттың әдет-ғұрпын, дүниетанымын, рухани мәдениетін тек тіл арқылы
ғана танып біле аламыз. Кез-келген халықтың мәдениетіндегі тілдің 
маңыздылығын бағалау аса қиын. Мәдени әдебиетте тілдің маңыздылығы 
келесі бағалауларға саяды: тіл-адамды қоршаған шынайы әлем ғана
емес, сонымен қоса халықтың менталитеті, оның ұлттық сипаты, 
дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ғибраты, ережелер мен құндылықтар жүйесі, 
әлем көрінісі бейнеленетін мәдениет айнасы; тіл–мәдениеттің жинағы, 
өйткені барлық білімдер, шеберлік, сол немесе басқа халықпен
жинақталған материалды және рухани құндылықтар оның тілдік 
жүйесінде - фольклорда, кітаптарда, ауызша және жазбаша сөйлеуде 
сақталынады [7,14]. 
XVІІІ ғасырдың атақты философтары Ж.Ламетри, К.Гельвеций, 
П.Гольбах және басқалар тілдің қоғам мен мәдениетті қалыптастыруда 
қажетті шарт болып табылатындығын, мәдениетті дамытуда әр адам пен 
халықтың шексіз мүмкіндіктеріне сенетіндігін атап көрсетті. Олардың 
ізінше тіл мен мәдениеттің ара байланысының мәселесін өздерінің 


16 
зерттеулерімен жаңа лингвистиканың негізін қалаған Д.Вико, И.Гердер 
және В.Гумбольдт болды. Ең үлкен деңгейде бұл мәселе тіл мен 
мәдениетті кеңістік пен уақыт ұрпақтарының байланысында ерекше 
құрал деп қарастырған, сонымен қоса олардың әлемді қабылдау мен 
өмір бейнесін қалыптастыруға тигізетін әсерін бағалаған И.Г.Гердердің 
тұжырымдамасында түсіндіріледі. В.Гумбольдт тілді «халықтың рухымен» 
тікелей өзара байланысқан мәңгілік өзгеріп отыратын тарихи құбылыс
деп түсінді [8]. В.Фон Гумбольдттың пікірінше, ұлттың өзіне тән, іштей 
дамитын рухы бар. Сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, 
ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш – тіл. Л.В.Щербаның тұжырымдамасы тілді 
психологиялық тұрғыдан түсіндіру болып табылады, ол сөйлеу әрекетінен, 
тілдік жүйеден және тілдік материалдан тұрады. Осыған орай бірінші
орында сөйлеу әрекеті, сөйлеу және түсіну үдерісі тұрады; ол екінші аспект – 
тілдік жүйенің, сөздік пен грамматиканың бар болуымен байланысты, ал 
сөздік пен грамматика тек қана тілдік материалдан алынады [9]. 
Ұлт тілі арқылы ұлтты тану, ұлттың ойлау жүйесінің
ерекшеліктерін айқындау, яғни ұлттық ділді айқындау, басқалардан 
айырмашылығын көрсету болып табылатындығына Э.Сепир мен Б.Уорф 
өз еңбектерінде ерекше көңіл бөлген. Егер кез-келген тіл болмысты
өзіне ғана тән тәсілмен бейнелесе, тіл өзінің «әлемнің тілдік көрінісі»
арқылы ерекшеленеді. Сепир-Уорфтың болжамы тіл әрбір адамда табиғи 
бейнемен қалыптасатын және бізді қоршаған әлемнің құбылыстары мен 
заттарын ретке келтіретін әлем көрінісінің негізі болып табылады деген 
ережеден келіп шығады [10]. 
Әріптік-дыбыстық жазудың таралуы б.э.д. І мыңжылдықтың бірінші 
ғасырынан басталады [11,222]. Әріптік-дыбыстық жазу екі маңызды бағытта 
таралды. Шығыс бөлігінде – барлық әріптік-дыбыстық және Азия халқының 
бірнеше буындық жүйесі бастау алатын финикий жазуының негізінде 
құрылған арамей жазуы пайда болды. Батыс бөлігінде – еуропа халқы 
жазуының барлық жүйесі бастау алатын финикий жазуының негізінде 
құрылған грек жазуы пайда болды [11,223]. 
Әріптік-дыбыстық жазудың барлық шығыс бөліктік жүйесі (ежелгі
еврей жазуынан басқасы) арамей жазуы негізінде жасалған финикий 
жазуынан бастау алады. Ежелгі арамей мәтіндері б.э.д. ІХ-VІІІ ғасырға 
жатады. Бастапқыда арамей жазуының финикий жазуынан айырмасы 
болмады. Нәтижесінде арамейліктер жазуға шамалы өзгеріс енгізді: жеке 
әріптердің формасын өзгертті, сөздерді нүктемен немесе интервалдармен 
жүйелі түрде бөлуді енгізді [11,224]. 
Арамей жазуынан туыстас төрт түрлі жазу бөлініп шықты: еврей, иран, 
сирия және араб. Бұл тармақтағы жазулардың дамуы төрт діни ілімнің 
таралуымен байланысты: иудеизм (еврейлік тарам), зороастризм (ирандық 
тарам), христиан (сириялық тарам), мұсылман (арабтық тарам) [11,224]. 


17 
Араб тілі арамей жазуының негізінде және Аравий түбегінде Набатей 
мемлекетін құрған ханаан-арамей тайпасы б.э.д. ІІ ғасыр мен б.э.д. ІV ғасыр 
аралығында қолданған «набатей жазуы» негізінде құрылды. 
Консонантты-дыбыстық (консонантты-фонемографиялық) немесе жай 
ғана консонантты жазу деп аталуының себебі оның таңбаларымен тек қана 
дауыссыз дыбыстар (consonants) белгіленген әріптік-дыбыстық жазудың 
ежелгі түрі болып табылады. Консонантты жазудың пайда болуы б.э.д. ІІ 
мыңжылдықтың екінші жартысына жатады. Консонантты-дыбыстық жазуда 
дауысты дыбыстар көрсетілмейді немесе оларға жақын орналасқан дауыссыз 
әріптердің көмегімен көрсетіледі немесе арнайы жол үстіндегі немесе жол 
астындағы таңбалар арқылы көрсетіледі. 
Араб жазуы арамей жазуы арқылы біздің эрамызға дейінгі соңғы 
ғасырда пайда болған набатей жазуынан бастау алады. Набатей жазуы 
консонантты-дыбыстық мағынасы бар 22 дыбысқа негізделген. Әріптер 
жіңішке және дөңгелек сызықтардан тұрды және сөздердің бастапқы және 
соңғы жағында әртүрлі жазылды. Бастапқы кезде набатей жазуы 
набатейлердің семит тайпасының арамей тілін қамтамасыз етті. Тек қана 
б.э.д. ІV ғасырдан бастап араб тілін қамтамасыз ете бастады. Араб жазуының 
ислам діні енгенге дейінгі бірнеше түрлері бар болып табылады (синай 
немесе жаңа синай, карматтық, куфалық). Олар набатей жазуынан 
классикалық араб жазуына өтуге дейінгі аралықтағы жазу түрлері болып 
табылады [12,147]. 
Әріптік-дыбыстық жазу тарихындағы кірме болудың рөлі екі себеппен 
түсіндіріледі: біріншіден, бұл жазудың аса қарапайымдылығымен және оның 
әртүрлі тілдердегі беруіндегі оңай бейімделгіштігімен, екіншіден, халықтар 
арасындағы сауда, мәдени және басқа да байланыстардың кең тарауымен. 
Кейбір халықтар, басқалардан әріптік-дыбыстық жазуды ала отырып, оның 
алфавиттік құрамын өз тілінің дыбыстық құрамына бейімдей отырып, 
шамалы болса да өзгертті: финикий жазуының негізінде құрылған грек 
жазуы, грек жазуының негізінде құрылған славян жазуы. 
Тілдері туыс болып табылатын халық арасында осындай кірме болған 
кезде олар ешқандай қолайсыздық тудырмады: еврей және арамей жазуы 
финикий жазуының негізінде жасалған кезде ешқандай өзгеріс орын 
алмастан енгізілді. 
Сонымен, араб тілінің түп төркіні қайдан бастау алады деген сауалға 
жауап берер болсақ, араб тілінің түп төркіні набатей жазуынан басталады, ал 
набатей жазуы финикий жазуының негізінде құрылған арамей жазуының 
негізінде құрылған. 
Араб тілі – семит тілдері тобының (эфиоп, иврит, аккад, арамей) ең бай 
тармағы. Араб тілі орта ғасырларда Үндістан мен Атлант мұхиты
аралығында өмір сүрген халықтар арасында кең қанат жайған. Өйткені, VII 
ғасырдың ортасынан бастап ислам дінінің таралуына байланысты араб
тілінің рөлі де бірте-бірте күшейе түседі. Әсіресе араб мәдениетінің қайта 
өрлеу дәуірі тұсында оқу, білім, әдебиет пен мәдениет, сәулет өнері айрықша 


18 
дамыды. Тіл білімі, тарих, география, математика, астрономия, медицина 
секілді ғылым салалары бойынша гуманизм идеяларына толы көптеген 
еңбектер дүниеге келді. 
Классикалық араб тілі көптеген ғасырлар бойы Орта және Кіші Азия, 
Таяу және Орта Шығыс, Закавказье, Солтүстік Африка мен Оңтүстік 
Испания (Андалусия) халықтарының өзара қатынас құралы болды. Күні 
кешеге дейін (1929) қазақ халқы да өзге түркі тектес халықтар сияқты, араб 
графикасын пайдаланғаны белгілі. 
Араб тілі иран, түркі тілдеріне де едәуір әсер етті. Мысалы, кейбір түркі 
мен иран тілдері сөздік қорының едәуір бөлігін араб тілінен енген сөздер 
құрайды. Ал, қазақ тіліне енген араб сөздері шамамен он бес мыңға жуық. 
Оларды екіге бөлуге болады: біріншісі –қазақ тіліне араб тілінен тікелей 
немесе өзге шығыс тілдері арқылы (мұғалім, қала, дін, медресе т.б.), екіншісі 
–европа тілдері арқылы кірген сөздер (алгебра, азимут, адмирал, альманах 
т.б.). 
Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар 
алмасатын саналы әрекет түрінде жүзеге асады. Өзара хабар алмасатын 
саналы әрекет түріне ауызекі сөйлеу тілі мен жазбаша сөйлеу жатады. Жазу 
тарихы қай ғасырдан бастау алады деген сауалға келер болсақ, жазу ғасыры 
Орхон-Енисей жазбасынан бастау алады. 
Тас бетіндегі жеке жазбалар 1722 жылдан бастап пайда бола бастады, 
ХІХ ғасырдың соңынан бастап олар үлкен мөлшерде Сібір облыстарынан 
(Енисейдің жоғарғы жағынан), негізінен Орхон маңынан және Монғолияның 
басқа да жерлерінен табыла бастады [13,168]. 
Қазақ тілінің қалыптасу, даму кезеңдерін айқындау жалпы түркі 
тілдерінің даму жолдарымен тікелей байланысты. Турк (түрік,түркі) сөзінің 
мағынасы жөнінде айтар болсақ, ол түркі қағанатының аты, этникалық 
термин болуымен қатар, өзінің негізгі байырғы «күшті,қуатты» деген 
мағынасын да көне ұйғыр жазба ескерткіштерінде сақтаған [14]. 
Орхон жазбалары тілінде орын алған сингармонизм құбылысы, яғни көп 
буынды сөздердің алдыңғы буынындағы дауыстының жуан-жіңішкелігі 
соңғы буындарға әсер ететіндігі (сөздің біркелкі, бір қатарлы дауыстыларды 
қабылдайтыны: өзүм сансыз, атлығ), алғашқы буынында еріндік дауысты 
дыбыс келетін сөздердің екінші буынында еріндік емес, езулік дауыстының 
келуі (бунсыз, оғлыңа, тутдым), сөз буындарының құрылымдық типтері 
(дауыссыздардың 
орналасу 
тәртібі: 
дауысты+дауыссыз+дауысты, 
дауысты+дауыссыз, дауыссыз+дауысты+дауыссыз), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет