Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет5/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ
3830-1-7985-1-10-20220416, Ш.Айтматов-және-қазіргі-түркі-әлемі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ, Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты м-emirsaba.org (2), Әкімбек Лашын ҚМЖ, Айдар Назерке ғылыми мақала, СӨЖ- Әкімбек Лашын 313, Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org (1), Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org
Жұмыстың теориялық маңызы: 
Диссертациялық 
жұмыста 
қол 
жеткізген 
ғылыми 
нәтижелер 
А.Байтұрсынұлының грамматологиялық еңбектеріне деген жаңа ғылыми 
көзқарастың жетекші болуына жол ашады. А.Байтұрсынұлы тек төте 
жазудың 
авторы 
ретінде 
ғана 
қарастырылмай, 
жалпы 
қазақ 
грамматологиясының 
негізін 
қалаған, 
грамматологиялық 
ілімді 
қалыптастырған көшбасшы ретінде танылады. Ғалым тұңғыш рет 
грамматологиялық терминдерді жасаған және қолданған, қалыптастырған 
деп танылады. А.Байтұрсынұлы жасаған қазақ тіліндегі дыбыс пен әріптің 
табиғаты туралы қағидалар мен дыбыстардың жазылу үлгісі, сөздердің және 
грамматикалық формалардың жазылу сипаты туралы емлелер күні бүгінге 
дейін өзінің өзектілігін сақтайды. Қазіргі таңда латынәліпбилі қазақ жазуына 
көшу кезеңінде А.Байтұрсынұлы жасаған грамматологиялық теория үлкен 



ғылыми маңызға ие. Сондықтан А.Байтұрсынұлы жасаған төл тіліміздің 
грамматологиялық теориясын қайтадан терең зерделеу өзінің өзектілігін, 
зәрулігін анық аңғартады. 
А.Байтұрсынұлы еңбектерін талдау барысында түйілген ойлар мен 
пікірлер, болжамдар, қорытындылар А.Байтұрсынұлына байланысты 
пәндерді оқытуда, оқыту әдістемесі теориясын оқытуда мол ғылыми- 
практикалық деректер береді. Зерттеудің теориялық нәтижелерін қазақ тіл 
білімі мамандарына қажетті оқу құралдарын жазу барысында пайдалануға 
болады. 
Жұмыстың практикалық маңызы: 
Ғалым принциптерінің негізінде 
қазақ жазу үлгісінің айтылымға жақын болуы жатқанын анық аңғарамыз. 
Мұның өзі қазіргі тілімізге молынан кіріп отырған жаңа атаулар мен кей 
термин сөздерді бейімдеп алуға мүмкіндік береді, осы ретте жұмыстың үлкен 
практикалық маңызы бар деп есептейміз. 
Зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында «А.Байтұрсынұлы 
тағылымы және ұлттық ғылым» пәнінен дәріс, семинар сабақтарында, өздік 
жұмыстарда, аудиториядан тыс іс-шараларда, үйірме, секцияларда, қазақ тілі 
мұғалімдерінің білім жетілдіру курстарында пайдалануға болады. 
Диссертанттың жүргізген зерттеу нәтижелерінің қорытындысы 
А.Байтұрсынұлына қатысты пәндердің жаңаша зерттелуіне тірек бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет