Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет3/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ
3830-1-7985-1-10-20220416, Ш.Айтматов-және-қазіргі-түркі-әлемі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ, Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты м-emirsaba.org (2), Әкімбек Лашын ҚМЖ, Айдар Назерке ғылыми мақала, СӨЖ- Әкімбек Лашын 313, Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org (1), Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org
Зерттеудің нысаны: 
қазақ грамматологиясының негізін қалаған 
А.Байтұрсынұлының қазақ жазуына, қазақ тілі емлесіне қатысты ғылым және 
практикалық еңбектері мен қазақ жазуына қатысты грамматологиялық 
деректер мен ғылыми зерттеулер. 
Зерттеу пәні: 
А.Байтұрсынұлы және қазақ грамматологиясы. 
Зерттеудің 
мақсаты: 
рухани 
мәдениеттегі 
қазақ 
жазуының 
маңыздылығын негіздей отырып, қазақ тіл білімінің негізін қалаған, оның 



бастауында тұрған А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі грамматологиялық 
теорияны 
талдап, 
ондағы 
ғылыми 
қағидалар 
мен 
практикалық 
тұжырымдарды 
жүйелеп, 
саралап, 
А.Байтұрсынұлының 
қазақ 
грамматологиясының негізін қалаушы ретіндегі рөлін көрсету, қазақ 
граматологиясының негізгі ерекшеліктері мен басты қағидаларын талдау, 
қазіргі латынәліпбилі қазақ жазуының сипатын көрсету. 
Зерттеудің міндеттері: 
-
А.Байтұрсынұлының еңбектеріндегі грамматологиялық қағидаларды 
жүйелеу; 
-
А.Байтұрсынұлының қазақ жазу үлгісінің қалыптасуына қосқан 
еңбектерінің сонылығын дәйектеу; 
-
А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі қазақ жазуы мен грамматологиясына 
тән басты ерекшеліктерді сипаттау; 
-
қазақ жазу үлгісінің қалыптасу тарихын зерделеу; 
-
«Төте жазудың» сөйлеу тілін таңбалаудағы маңызын айқындау; 
-
А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі фонетикалық, лексикалық және 
грамматикалық емлелердің мәнін зерттеу; 
-
қазақ граммматологиясының басты ерекшеліктерін теориялық 
тұрғыдан негіздеп, қазіргі бекітілген латыннегізді «Әліпби» мен «Емленің» 
сипатына ғылыми талдау жасау; 
Зерттеудің ғылыми болжамы: 
Қазақ тіл білімінің көшбасшысы Ахмет 
Байтұрсынұлы қазақ грамматологиясының негізін қалаған. Ғалым 
еңбектерінде тұңғыш рет дыбыс пен әріптің, орфография мен орфоэпияның 
аражігі ашылып, қазақ тіліндегі дыбыстардың ғылыми сипаты айқындалады. 
Төл тіліміздің тектік табиғаты (жалғамалылық, сингармониялық табиғаты) 
нақты талданып, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің ерекшеліктеріне 
қатысты нақты ғылыми түсінік беріледі. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың 
табиғаты анықталып, олардың жазудағы және айтылымдағы ерекшеліктері 
сараланады. Қазақ дыбыстарының тілдік төл табиғаты ашылып көрсетіліп, 
сөздің жазылу емлесі ғылыми тұрғыдан зерттеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет