Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет8/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ
3830-1-7985-1-10-20220416, Ш.Айтматов-және-қазіргі-түркі-әлемі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ, Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты м-emirsaba.org (2), Әкімбек Лашын ҚМЖ, Айдар Назерке ғылыми мақала, СӨЖ- Әкімбек Лашын 313, Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org (1), Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org
Диссертация құрылымы: 
Диссертациялық жұмыстың құрылымы 
кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер 
тізімінен тұрады. 


11 
І. А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ГРАММАТОЛОГ ҒАЛЫМ 
 
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен 
кейін ел ішінде ағартушы-педагогтық қызмет атқарған, сөз құдіретін 
танытқан тамаша ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен 
талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш 
жұмсаған мәдениет қайраткері, жас совет үкіметіне адал қызмет еткен ірі 
қоғам қайраткері А. Байтұрсынұлы еді [1,8]. 
А.Байтұрсынұлы – жанының түкпіріне ешкім бойлап бара алмаған, 
қанша қиындық пен азапқа толы жылдардың өткелінен өтсе де, халқына және 
ғылымға адал болған, қазақ тіл білімі мен грамматологиясының негізін 
қалаған, қазақ халқының ұлттық дүниетанымын негізге ала отырып, араб 
таңбалық жүйесіне негіздей отырып, қазақ жазуын ұлттық және әлемдік 
деңгейге көтерген, тек қана қазақ халқының мүддесін ойлаған, қазақ 
халқының сауатты болуы үшін ерен еңбектер жасаған және сол жолда аяусыз 
еңбектенген алаштың аяулы да біртуар азаматы. 
Диссертациялық жұмысымызда қазақ жазу үлгісін қалыптастырған, араб 
таңбаларын төте жазуға әкеліп оңтайластырған, қазақ тіл ғылымында 
грамматикалық құрылымдардың жүйесін негіздеп, грамматикалық тұлғалар 
мен категорияларды жүйелеп, зат есім, сын есім, сан есім, есім, етістік, үстеу, 
сияқты ғылыми ұғымдар мен термин сөздерді қалыптастырған, нақтылаған, 
функционалды грамматика мен коммуникативті-когнитивті құзыреттіліктің 
негізін қалап берген алаш ұлдарының бірі де бірегейі А.Байтұрсынұлының 
грамматологиялық ілімді қалыптастырудағы рөлі мен маңызы, қазақ жазу 
үлгісінің қалыптасуы мен дамуы, қазақ грамматологиясының даму жолдары 
қарастырылады. 
Ең алдымен, диссертациялық зерттеуімізде Ахмет Байтұрсынұлының 
өмір жолы туралы шағын ақпарат беру қажет. Ғалымның туған жылы туралы 
екі түрлі пікір бар болды. Алдымен, кей ғалымдар (Алғаш Ахмет 
Байтұрсынұлы туралы ғылыми зерттеу жазған Р.Сыздық еңбегінде де) 1873 
жылы 28 (15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 
5-ші аулында, Сарытүбек деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин 
ауданы, күні кешеге дейін «Южный» деп аталған, ал бұл күнде 
А.Байтұрсынов атындағы совхоз орналасқан жерде) дүниеге келген деп 
жазды [1,8]. Кейінгі ғылыми деректер бойынша 1872 жылдың 5 қыркүйегі 
екені архив материалдары негізінде нақтыланды. Бұл мағлұматтарды 
нақтылауда 
А.Байтұрсынұлы 
мұражайының 
директоры, 
филология 
ғылымдарының кандидаты, доцент Райхан Сақыбекқызының қызметі мол 
екенін айту орынды болмақ. 
А.Байтұрсынұлы Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесін 
1891жылы бітіреді. Бітіргеннен кейін Орынборға барады. Онда баяғыда 
Ы.Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын оқу орнына – 
«Учительская школаға» оқуға түседі. Төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді де, 
ағартушылық іске кіріседі. 13-14 жыл бойы (1895-1909 жылдар арасында) 


12 
Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық бастауыш 
мектептер мен 5-6 жылдық екі кластық училищелерде мұғалім болып жұмыс 
істейді [1,9]. Бала оқыта жүріп, сол оқыту ісіне қажетті жағдайлар (нәрселер) 
жайын ойлайды: ең алдымен, қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын 
ұлттық жазу таңбалары (графикасы, сол кездегі термин бойынша «әліпбиі») 
бар ма, екіншіден, оқыту жүйесі жолға қойылған, үкімет тарапынан ашылған 
мектептер бар ма, үшіншіден, ондай әліпбиі мен мектебі болған күнде қазақ 
тіліндегі «Әліппесі» («Букварь» оқулығы) мен ана тілі оқулықтары 
(«Грамматика» кітаптары) бар ма, баланы ана тілінде оқытудың тиімді 
әдістері қайсы –міне, осыларға назар аударады. Әрине, бұлардың бірде- 
біреуінің талапқа сәйкес емес екенін біледі және осыларды дүниеге 
келтірмейінше, жүзеге асырмайынша, қазақ даласындағы оқу-ағарту ісін 
дұрыс жүргізу мүмкін емес екендігін жақсы түсінеді. Енді, ол «барымен 
базар болып», күнделікті бала оқытумен қатар, жоғарыда айтылған жоқтарды 
түгендеуге кіріседі. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы 1910-жылдардан бастап 
қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге 
түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары 
таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ 
тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алады. Ол үшін, 
алдымен, қазақ тілінің дыбыстық құрамын зерттеуге кіріседі. 
1910 жылдың 9 наурызында Орынборға келіп, А. Байтұрсынұлы 1917 
жылдың соңына дейін қызмет етеді. Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқып 
жүрген қазақ жастарының, Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «қазақтың 
ерте оянған тобының» инициативасымен, елден қаржы жиналып, 1913 жылы 
«Қазақ» атты газет шығару ұйғарылады. Газеттің редакторлығына А. 
Байтұрсынұлы ұсынылады. Ол 1913 жылдың басынан 1917 жылдың соңғы 
айларына дейін осы органның редакторы болып қыруар еңбек етеді [1,10]. 
1905 жылға дейін қазақтардың ана тіліндегі бірде-бір ұлттық газеті мен 
журналы, өзіне тиесілі типографиясы болғаны жоқ. Қазақ элитасының 
көшбасшысы Ә.Н.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, 
Жақып Ақбайұлы, Райымжан Мәрсекұлы, өзге де мұраттас серіктерімен бірге 
1905 жылдан бастап 1906 жылдың бірінші жартысына дейінгі аралығында, 
яғни Мемлекеттік І Дума таратылғанға дейін жалпыхалықтық газет шығаруға 
күш салып бақты [5,57]. 
Ұзақ күттірген газет Семейде, Омбы немесе Қарқаралыда шыққаны жоқ. 
«Каримов, Хусаинова және К» серіктестігінің типографиясында басылған 
газеттің бірінші саны Орынборда 1913 жылдың 2 ақпанында жарық көрді. 
Газет бастапқыда апталық ретінде шыға бастады. 1915 жылдан бастап 
аптасына екі рет жарияланып тұрды [5,59]. 
Түркістан республикасы Орталық атқару комитеті мен Түркістан 
Орталық партия комитетінің газеті «Ақжолдың» 1923 жылғы 14 ақпанында 
шыққан 270-санында: «Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл 
һәм оқу қүралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң 


13 
еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда 
бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді», - деп жазылған [6,56]. 
Алаш қозғалысы дәуірі – ұлттық жазба әдебиетінің тарихындағы ерекше 
жылдар. Қазақтың жазба әдебиетінің өмірге келуінің бастапқы кезеңі Абай 
заманымен байланысты болғанымен, оның буыны бекіп, бұғанасы қатуы XX 
ғасырдың алғашқы онжылдықтарына келеді. 
XIX ғасырдың екінші жартысындағы жазба әдебиетке Ыбырай 
Алтынсарин, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Нарманбет 
Орманбетұлы т.б. кейбір жекеленген әдебиет өкілдерінің шығармашылығы 
мысал бола алса, келесі ғасырдың басында жазба әдебиет өкілдерінің саны 
еселеп артты. Жазба әдебиеттің жарық көретін қалыптары - баспасөз, кітап 
басу ісінің дамуы жазба әдебиетті өркендете түсті. Ендігі жерде әдебиет 
оқырманға арнала бастады. «Айқап» журналы, «Қазақ» т.б. газеттер көркем 
ойды мыңдаған оқырманға жеткізушіге айналды. Үшіншіден, көркем проза, 
драма, әдеби сын үлгілері туып қалыптасты. Әдеби сынның қалыптасуы, 
оның шығармаға, әдеби мұраға, әдеби процеске баға беруі - жазба әдебиеттің 
есейе бастағандығының айғағы болды. 
Абай шығармаларының тұңғыш жинағының жарық көруі - жазба 
әдебиеттің қалыптасуына игі ықпал етсе, Міржақыптың «Оян, қазағы!», 
Ахаңның «Масасы» әдебиеттегі ұлтшылдық, елшілдік ұрандарды күшейтті. 
Сөйтіп бұл жаңашыл дәстүрді Жүсіпбек, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар, 
Бейімбет секілді жас дарындар соны көркемдік сапада, тың қырынан 
жалғастырып әкетті. Соның нәтижесінде, Алаштың қалам кайраткерлері 
қазақтың тұңғыш романдары мен драмалық шығармаларын, алғашқы әдеби- 
сын мақалаларын дүниеге келтірді. Қазақтың сөз өнерін жанрлык жағынан 
да, 
идеялық-көркемдік 
жағынан 
да 
байытып, 
жазба 
әдебиетін 
калыптастырды. Шамасы он-он бес жылдың ішінде Алаш қаламгерлерінің 
ерен қабілеті, ұлтына деген ерекше махаббаты, туған жұртының бүгінгісіне 
көңілі толмаған күдігі мен азат болашағына сенген үміті кейінгілерге үлгі 
боларлық әдеби туындыларды өмірге әкелді. 
Алаш ұранды әдебиеттің беті мен екпіні, бағыты мен мазмүны Ахаң 
бастаған қазақ ақын-жазушыларының үсталып кеткен кезеңіне дейін, яғни 
1920 жылдардың соңына дейін жалғасты. Сол екпін, сол бет, сол бағыт 
қашанда ұлтына перзенттік сүйіспеншілігі мен адалдығын сақтаған 
қаламгерлердің шығармашылығында баяу болса да қан тамырындай бүлк- 
бүлк соғып жатты. Алаштық саралы жолдан ауытқыған советтік әдебиет 
әсіре қызылдың тез оңатынын сезбестен, адамға емес, саясатқа қолбалалық, 
құлдық сапарын айғай-шумен, беттен алумен бастап, бір кісінің ғұмырындай 
ғана өмір кешті. Әуелден таза, әуелден көркем, әуелден адамға, ұлтқа деген 
жанашырлық пен ізгілікке, шуақ пен мейірімге толы «Алаш әдебиеті» 
аталатын алып бәйтерек қайта жаңғырып, ізгілік тұқымдарын шаша бастады. 
Ендігі жерде қазақ баласы жасағанынша жасайтын оның байтақ та баянды 
мәңгілік өнегелі сапары басталды [6,12]. 


14 
Бес жылдай (1913-1918) уақыт өз қаражатымен, сол кезең үшін үлкен 
тиражбен (8000 дана) шығып тұрған «Қазақ» газеті ең алдымен қазақ 
халқының ұлттық азаттығы мен мәдени-әлеуметтік дамуы үшін күрескен 
және қазақ қоғамының мүдделерін көздейтін проблемалар көтеріп, оларға 
әлеуметтік үн бере білген орган болды. Газет әсіресе тіл мәселесін бірінші 
орынға қойды. Қазақ тілін сақтап, әрі қарай дамыту керектігін, ол үшін қазақ 
балалары сауатын ана тілінде ашып, ана тілінде оқу керектігін, ұлт 
мектептеріндегі оқу-тәрбие ісін дұрыс жолға қою қажеттігін жиі жазды 
[1,10]. 
«Қазақ» газетінің тұңғыш санында А.Байтұрсынұлы: «...Өзіміздің 
елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең 
алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, 
әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде 
біздің халіміз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде 
оқып шыққандар қазақ тілінен алыстап барады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер 
тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз 
мың жасамаса, ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де 
мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан 
тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті»-деген 
екен. 
А.Байтұрсынұлы 1917 жылдың соңында газеттен кетіп, осы кезден 
бастап 1919 жылдың наурызына дейін «Алаш» партиясының жұмысына 
араласады, «Алашорда» атты уақытша халық кеңесінің (үкіметінің) 
оқулықтар жазу жөніндегі Комиссиясының құрамында қызмет етеді. 
А.Байтұрсынұлы 1920 жылдардың басынан бастап әр түрлі мемлекеттік 
басқару істеріне, қоғамдық жұмыстарға араласа жүріп, оқытушылық, 
ұстаздық қызметін тоқтатпаған. Ол 1921-1926 жылдары Орынбордағы 
Қазақтың халық ағарту институты деп аталатын оқу орнында, 1926-1928 
жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында қазақ тілі мен 
әдебиетінен сабақ береді, лекция оқиды. 1928 жылдың соңында, қыркүйек 
айында Алматыда Қазақ мемлекеттік университеті деп аталған жоғары оқу 
орны ашылады. Бұған сабақ беруге Москва, Ташкент сияқты орталықтардан 
мамандар шақырылады. Солардың бірі болып Ташкенттен А.Байтұрсынов 
келеді. 1928 жылғы қазан айының 15 жұлдызындағы № 14 бұйрығымен осы 
жылғы қазанның бірінен бастап А. Байтұрсынұлы қазақ тілі мен әдебиетінің 
профессоры болып жұмысқа алынады. Бұл қазіргі Абай атындағы қазақ 
ұлттық педагогикалық университеті еді [1,12]. 
Жазықсыз жала жабылып, 1937 жылы 8 желтоқсанда атылған 
А.Байтұрсынұлын Қазақ ССР-інің 1988 жылы 4 қараша күні ешбір қылмысы 
жоқ деп тауып, толық ақтау жөнінде шешім қабылдады. Ал Қазақстан 
Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бюросы 1988 жылы 
желтоқсанның 
28 
күні 
А.Байтұрсыновтың, 
М.Жұмабаевтың, 
Ж.Аймауытовтың қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогикалық және әдеби 
қызметтері жөніндегі тарихи шындықты толық көлемінде қалпына келтіру 


15 
қажет дегенді ұйғарды. Сол кезден бастап, А.Байтұрсынұлының еңбектерін 
жарыққа шығару, жариялау, еңбектерін төте жазудан кириллица әрпіне 
аударып, жазба тілде беру қарқын алды. 
А.Байтұрсынұлының зерттеулерінде қазақ грамматологиясының ғылым 
негізі қаланды, жүйеленді. Тұңғыш рет қазақ әліпбиі төте жазу үлгісінде 
жазылып, әр таңбаға қатысты ғылыми ой түйінделді. Осы әліпбиге қатысты 
емле жасалды. Алғаш рет қазақ грамматологиясының метатілі айқындалып, 
қазақтың төл сөздерінің негізінде термин сөздер жасалды. Мұның ғылыми- 
теориялық маңызы ерекше деп есептейміз. Сондықтан, ғылыми жұмыстың 
басты мақсаты мен міндеті ретінде А.Байтұрсынұлының грамматологиялық 
зерттеулерін талдауды жұмыстың негізгі өзектілігі деп бағалаймыз. Олай 
болатын себебі, жазу – мәдениеттің негізгі тұғыры саналады. 
А.Байтұрсынұлының өзі «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу 
ауызбен сөйлесуден артық даражаға жеткен заман. Алыстан ауызбен 
сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шеіндегі 
адаммен сөйлеседі. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу 
қандай керек болса, жазғанда да, сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек», 
-
деп жақсы жазады [1,174]. Сөздің қисынын келтіріп жазу үшін, оны 
таңбалайтын әріптерді және оны қалай жазудың емлесін көрсеткен 
А.Байтұрсынұлының еңбегінің мәні өлшеусіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет