Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет16/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ
3830-1-7985-1-10-20220416, Ш.Айтматов-және-қазіргі-түркі-әлемі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ, Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты м-emirsaba.org (2), Әкімбек Лашын ҚМЖ, Айдар Назерке ғылыми мақала, СӨЖ- Әкімбек Лашын 313, Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org (1), Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org
тін, 
бік 
деп жазған дей отырып, өз пікірінің дұрыстығын дәйектеуге тырысады. 
1884 жылы шыққан «О языке Куманов» дейтін шығармасында В.Радлов 
ұу, 
ій
-лердің жалаң дыбыс екенін мойындаған. Ноғайбақтарға арналған оқу 
құралдарында миссионер Ильминский ұу, үу-лерді ыу, еу таңбаларымен 
белгілеген болатын делінеді. Радлов мұны да жай, шартты таңба деп 
қарастырған. Радлов бұл дыбыстардың қос емес, жалаң екендігін айтып 
кеткен делінеді [55, 346]. 
Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген профессор П.Мелиоранский осы 
В.Радловтың пікірінде болып
ұу, ій
-лерді жалаң әріппен таңбалаған. Бұл 
дыбыстардың татар тіліндегісі мен қазақ тіліндегісінің ешбір айырмасы жоқ. 
Ал, татар тіліндегі дыбыстарды эксперименталды тұрғыдан тексерген 
Ғалымжан Шарап бұлардың жалаң дыбыс екенін айтты. Татар, түрік тілдерін 
эскперименталь фонетика тұрғысынан зерттеген оқымысты Богородицкий «О 
корневом вокализме в турецком языке» деген еңбегінде Радловтың пікірін 
қостап, дыбыстардың жалаң дыбыс екенін айтады. 
Қ.Жұбанов қосар әріптің әліппеде балаларға қиындық тудыратындығын 
айта отырып, мақала соңында, 
ұу мен үу 
орнына латын тіліндегі 

дыбысын, 
ый мен ій 
орнына латын тіліндегі 

дыбысын алуды қолдайтындығын айтады 
[55, 348]. 
Қ.Жұбанов А.Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» оқу құралына байланысты 
келесідей 
пікір 
білдіреді: 
Шынында 
неге 
осы 
уақытқа 
дейін 
Байтұрсынұлының кітаптары қолданылып келеді? Неге оның тіл құралдары 
1-басқыштан бастап жоғары дәрежелі мектептерге (ВУЗ-ға) дейін бәріне де 
«жарап» жүр. «Тіл-құралмен» оқыту тиылған бола тұрса да, мұғалімдеріміз 
неге әлі күнге дейін оны құрандай қолтықтап, сабаққа сонан даярланады? Кім 
бұған айыпты? Әлде, сол мұғалімдер ме? –Жоқ. Бұған біз, тіл зерттеушілері 
айыптымыз. Бүгінге шейін қазақ тілі жайында жазылған жолбасшы 
кітаптарымыздың бәрі де «Тіл-құралдан» кем болған. Біздің шығарған 
кітаптарымыздың кеудесіне нан піскендей мен-мендігі болғанмен, іші 
қуысырақ соққан. Білімге сусаған қалың мұғалім бұлардан шөлін қандыра 
алмаса, бірқатар жоғы «Тіл-құралдан» табылып тұрса, ол сусынды содан 
іздемей, қайдан іздесін? Біздің кітаптарымыз шынында да мүгедек туған. 
Өйткені бұлар «жеңілдетілген». Жеңілдетілгенде, сөз табы 9 екен, оны ауыр 
көріп, алтауын кесіп түсіріп, үшеуін қалдырған. Етістіктің жіктеулері, 


45 
райлары, етістері көп екен, «жеңілдетіп» азайтқан, жұрнақтар көп екен, 
«жеңілдетіп» санын кеміткен. 
Мұндай «жеңілдетуге» алғыстан бөтен еш нәрсе айтпас едік-ау, егерде 
қазағы түскірдің аузына қақпақ қойып, сол артық сөз таптарын, артық рай, 
шырайларды, жұрнақтарды айтпайтын қылып, бұлар қазақ тілінен біржола 
аластап қуылса. Бірақ, не пайда. Кітап бетінде тұжырып, кесіп тастағанмен, 
тіл өмірінде ол «артықтар» баршылығын қоймайды екен. Сонысын-ақ 
жеңілдемейді екен. 
Барды «жоқ» деп жасырғанмен болмайды екен. Сонысын-ақ бұл 
жасырынбақ ойнаудың арты жеңілдету емес, ауырлату болады екен. 
Ауырлық басып баратқансын, «суға кеткен тал қармар», «сасқан үйрек 
артымен ұшып», «жаудан жақсылық күту –тарыққанның салдары» болса да, 
тарыққан мұғалім байғұс «артымен ұшып», артта қалған «талды қармап», 
«Тіл-құралдан» сусын күтеді екен,-дейді [55,35]. А.Байтұрсынұлының «Тіл- 
құрал» оқу құралының осы уақытқа дейін қолданылуына тіл зерттеушілерін 
айыптай отырып, тіл біліміне қатысты оқу құралдарын жетілдірудегі кемшін 
тұстарды да тілге тиек етеді. 
Қ.Жұбанов осылай айта отырып, А.Байтұрсынұлының қазақ тілін 
ғылыми зерттеу барысында бұрынғы күншығысшыл оқымыстылардан ұзап 
кеткен жоқ еді дейді. Орыс тілінде етістіктің 3-ақ шағы бар екен, Ахмет 
қазақта да шақ санын 3-еу деді. Қазақ сөйлем құрылысының өзгешелігін 
мүлде көрсеткен жоқ,-деген пікірге тоқталады [55,35]. Дегенмен, 
А.Байтұрсынұлының «Тіл-құралы», қазақ тілін ғылыми зерттеу барысында 
ашқан жаңалықтары, метатіл, терімсөздер қазақ тілінің іргетасын қалады деп 
айтуға болады. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңде қазақ тілінің 
дыбыстық ерекшеліктерін қарастырған зерттеушілердің басым көбі 
А.Байтұрсынұлының еңбектерін негізге алғандығы А.Байтұрсынұлының 
қалдырған мұрасының құнды екендігінің бірден бір дәлелі. 
Профессор М.Балақаев, доцент А.Исқақов жауапты редактор болған 
«Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика, грамматика)» атты кітап Қазақ ССР 
Ғылым Академиясының баспасынан 1954 жылы жарияланды [56]. Аталған 
кітаптың «Фонетика және дыбыстар туралы түсінік» атты бөлімінде тілдің 
фонетикалық жүйесінің зор мәні бар екендігі айтылады [56,95]. Тілдің негізін 
жасайтын – оның грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры. Қазақ 
тіліндегі сал және сәл, сан және сән дегенде (жуанды-жіңішкелі жұпта) 
мағынаға ұйытқы болып тұрғандары –дауыстылар; осында мағына ажыратуға 
себепкер болып тұрғандар: бірде а, бірде ә; ал н,с,л құлаққа естілуде бірде 
жуан, бірде жіңішке болғанмен, оның сөз семантикасына қатысы болмайды. 
Дыбыс атаулының қандайы болса да серпінді (сығылмалы) заттың 
вибрациялық қыймылынан пайда болады. Тілдегі дыбыстар күрделенген 
вибрациялық қыймылдың нәтижесінен пайда болатын құбылыс. Бұл кітапта 
қазіргі қазақ тілінде келесідей тоғыз жалаң дауыстылар (монофтонг) бар 
делінеді: а, е, ы, і, ә, о, ө, ү, ұ. Бұдан басқа мынадай екі қосынды дауыстылар 
(дифтонгоид) бар: и, у. 


46 
Дауыстылар үшке бөлінеді: езу дауыстылар, ерін дауыстылар, 
дифтонгоид дауыстылар. Езу дауыстылар: а фонемасы дауыстылардың 
ішіндегі мейлінше ашық айтылатын түріне жатады. Жасалу орны жағынан, 
бұл фонема тілдің кейін қарай жиырылуы арқылы дыбысталады. Сондықтан 
жуан дауысты болады. Бұл дыбысты айтқанда еріннің сүйірленбей, 
керісінше, тартылуы арқылы дыбысталатындықтан, оны езу дыбысы дейміз. 
Езу дыбыстары: а, и, ә, ы, і, е. Ерін дыбыстары: о, ө, ұ, ү, у. 
Түрік тілдерінің фонетикалық заңы бойынша жу-ар, су-ат, ки-ер, ки-ім 
сияқты сөздер жұ+уар, сұ+уат, кі+йер, кі+йім түрінде ғана буынға бөліне 
алады. Демек, у, и арқылы айтылатын фонемалардың әрқайсысы екі 
элементті (қосарлы) фонема екендігі айқын байқалады. Тіл ғылымында бұл 
секілді фонема «жалған дифтонг» деп аталады. Дифтонг құрамындағы екі 
элементтің бірі буын жасай алатын, бірі буын жасай алмайтын дыбыс 
болады. Қазақ тіліндегі бұл секілді қосынды дауысты тұйық дифтонгілер 
тобына жатады: әр дифтонгінің алғашқы сыңары – дауысты (буын құрағыш), 
кейінгісі – дауыссыз (буын құрай алмайтын) болады. 
Дифтонгоид дауыстылар: у мен и. Бұл фонемалар келесідей мысалдарда 
кездеседі: бу, буын, буу, қуат, киім, ту, қу, қуу, ине, би, билеу, Иса, т.б. Осы 
сөздердің дәл айтылуын фонетикалық транскрипциямен келесідей жазуға 
болады: бұу, бұуұн, бұуұу, құуат, кійім, тұу, іинэ, бій, бійлэу, Ыйса, т.б. 
Қазақ тілінің у, и әріптері арқылы жазылатын дыбыстары –дифтонг 
дыбыстар. Себебі, мұның әрқайсысы қос дыбыстан жасалып тұр [56,111]. 
Бару сөзінде у дифтонгісінде ұ фонемасы да, у фонемасы да бар; келу 
сөзінде жіңішке у дифтонгісінде ү фонемасы да, у фонемасы да бар: дауысты 
ұ, ү фонемалары дауыссыз фонемадан бұрын келіп тұр. Би деген сөзде и 
дифтонгісінде і фонемасы да, й фонемасы да бар. Қазақ тілінің кей 
сөздерінде и таңбасы ый орнына да жүреді, мысалы: Иса, тарихи дегенде и 
дифтонгісінде ы фонемасы да, и фонемасы да бар: дауысты і, ы фонемалары 
дауыссыз фонемадан бұрын келіп тұр. Сондықтан бару, келу, би, тарихи 
сөздеріндегі у, и дыбыстарын тұйық дифтонг деп табуымыз керек. 
1954 жылы жарияланған «Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика, 
грамматика)» атты кітап бойынша қазақ тіліндегі дауысты фонемалардың 
жыйнақталған түрі келесі кестеде берілген [56]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет