Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу


қ мен ғ , әрдайым жіңішке  айтылатын  к мен г



Pdf көрінісі
бет19/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

қ мен ғ
, әрдайым жіңішке 
айтылатын 
к мен г 
дыбыстарын А.Байтұрсынұлы әліпбиде атап көрсетті. 
А.Байтұрсынұлы кей орында «қ» дыбысы «ғ» болып өзгереді, ондай орында 
айтылуынша «ғ» харфін жазу керек дейді. Мысалы: Істің ағы білмес, жігіттің 
бағы білер. Иттің сағы жақсы. Кей кезде «к» дыбысы «г» болып кетеді дейді. 
Ондай кезде естілуінше «г» харфін жазу керек дейді. Мысалы: етік-етігі; етігі 
жаман төрге шықпас. Еңбегі молдан өнбегі де мол. Бұдан байқайтынымыз, 
А.Байтұрсынұлы 
қ мен ғ, к мен г 
дыбыстарының әрдайым жуан не жіңішке 
айтылатындығын көрсете отырып, әліпбиде қазақтың табиғатына сай төл 
дыбыстардың негізін құрады деуге болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі 
үндестік заңы А.Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алады.Дыбыстардың 
жуан мен жуан, жіңішке мен жіңішке болып үндесетіндігі қазақ тіліне ғана 
тән десек, оның негізін А. Байтұрсынұлы қалады. 
А.Салқынбай «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің көшбасшысы» 
атты мақаласында терминді терім сөз дей отырып, А.Байтұрсынұлы жасаған 
термин сөздердің басты ерекшеліктерін атап көрсетеді [58,9]. Олар: 
анықталатын ұғымның дәлдігі, таңбаланған атаудың қазақилығы, терминнің 
жалқылық сипатының болуы, терминнің нақтылығы. 
А.Байтұрсынұлы 
туралы 
еңбектермен 
қатар, 
конференция 
жинақтарында А.Байтұрсынұлының еңбектеріне байланысты жарияланған 
мақалалар да бар. Олар: Қ.Күдеринова «А.Байтұрсынұлы және қазақ 
жазуының қалыптануы», А.Фазылжанова «А.Байтұрсынұлы және қазақ тілі 
құрмалас сөйлемдерінің интонациясы жайында», Л.Қисамединова «Ахмет 
Байтурсынов –основоположник казахской лингвистической терминологии», 
А.Бексейітова «А.Байтұрсынұлы еңбектерінде грамматикалық ілімнің 
дамуы», А.Жүнісбек «А.Байтұрсынұлы және қазақ тілі дыбыстары 
артикуляциясының зерттелу жайы», Г.Қайдарова «А.Байтұрсынұлы 
еңбектеріндегі буын жайы», О.Жұбаева «А.Байтұрсынұлы –қазақ тіл 
біліміндегі когнитивті лингвистиканың негізін салушы», Қ.Ашекеева 
«А.Байтұрсынов шығармаларындағы тілдің философиялық мәселелері», 
Ғ.Иманалиева «Ахмет Байтұрсынұлы және тіл көрнектілігі», С.Иманқұлова 
«Ахмет Байтұрсынұлы және тілді меңгертудегі берік ұстаным», Х.Қарабаева 
«А.Байтұрсынұлы миссиясы –ұлтқа үлгі», Н.Егізбаева «А.Байтұрсынұлы 
еңбектеріндегі рай категориясының жіктелуі», М.Ахметова 
«А.Байтұрсынұлы және мәтін лингвостилистикасы мәселелері» [58], 
Р.Сыздық «Ахмет Байтұрсынұлы мен Телжан Шонанұлының «Оқу құралы» 
атты көлемді еңбегі жайында» [59], т.б. 
Р.Сыздықованың «А.Байтұрсынов» атты еңбегінде А.Байтұрсынұлы 
туралы мәліметтер беріледі [60]. 
«Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау: теориясы мен 
практикасы» атты ұжымдық монографияда А.Байтұрсынұлының еңбектеріне 
шолу жасай отырып, әліпбиі туралы мағлұмат беріледі [61]. 


52 
А.Байтұрсынұлы туралы «Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі 
фонологиясы» атты монография жазған ғалымның бірі М.Жүсіпұлы. Ол 
Алматы қаласынан 1988 жылы 216 беттен тұратын монография жариялады. 
Монография сингармофонологиялық теорияға арналған. Бірінші тарауда А. 
Байтұрсынұлының фонемографиялық мұрасы зерттелінеді, тіл білімі 
тарихындағы оның орнын, ғылыми мәні мен әсерін анықтауға арналған. 
Мұнда 
А.Байтұрсыновтың 
сингармофонемалық 
алфавиті 
мен 
сингармофонемалық орфографиясының негізгі принциптері, ұғымдары, 
нормалық категориялары ретінде келесі ережелер беріледі: 
1.
Араб графикасының негізін (тегін) сақтау. 
2.
Сингармофонема – сингармодыбыстар қоры. 
3.
Әріп – бір таңбаның төрт түрлі өзгерілген қоры. 
4.
Қазақ тілі сөйлесімі процесінің сингармониялық қасиеттерін көрсету 
үшін, орфографияның сингармофонемалық принципін және арнайы таңба - 
«дәйекшіні» пайдалану. 
5.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі – сингармониялық 
принцип. 
Қазіргі таңда қолданылып жүрген қазақ жазуында осы аталған бес 
ереженің екеуі сақталғандығын айтады. Олар: а) сингармофонема - 
сингармодыбыстар 
қоры. 
ә) 
негізгі 
орфографиялық 
принцип 
– 
сингармофонемалық принцип дей отырып, сингармониялық жұп әріптерге 
тоқталады: а-ә, о-е, ы-і, ұ-ү.... М.Жүсіпұлы дыбыстар туралы былай дейді: 
«Қазақ сана-сезіміндегі қазақ тілі дыбыстарының психологиялық бейнелерін 
анықтап, сол арқылы қазақ тілі сингармофонемаларының санын және 
қасиеттерін анықтауда А.Байтұрсыновтың ой-өрісі, талғамы өзгеріске 
ұшырамады, яғни бір логикалық арнада, бір ғылыми-теориялық және 
практикалық бағытта болды» [62]. 
Бұл зерттеу еңбегінен тұжырым жасар болсақ, А.Байтұрсынұлының 
қазақ жазуындағы сингарможуан және сингарможіңішке дыбыстарды 
жүйелеп бергендігін байқауға болады. Егер дауыссыз дыбыстардың дауысты 
дыбыстарға бағынатындығын ескерсек, дауысты дыбыстар жуан айтылса, 
дауыссыз дыбыстар да жуан айтылады, дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, 
дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылады. А. Байтұрсынұлы қазақ жазуының 
грамматологиясының негізін қалады. Практикалық тұрғыдан мысалдармен 
бекітті, теориялық тұрғыдан өзі ойлап тапқан метатілге анықтама берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет