Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет18/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ
3830-1-7985-1-10-20220416, Ш.Айтматов-және-қазіргі-түркі-әлемі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ, Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты м-emirsaba.org (2), Әкімбек Лашын ҚМЖ, Айдар Назерке ғылыми мақала, СӨЖ- Әкімбек Лашын 313, Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org (1), Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org
тайаз 
деп айтамыз, 
таяз 
деп жазамыз; 
айу 
деп 
айтамыз, 
аю 
деп жазамыз; 
бұу 
деп айтамыз, 
буу 
деп жазамыз; 
кійім 
деп 
айтамыз, 
киім 
деп жазамыз; 
байыйды 
деп айтамыз, 
байиды 
деп жазамыз. 
А.Байтұрсынұлы маңызды деп тапқан жазба тіл мен ауызекі тіл арасындағы 
ерекшелік сақталмағандығының айғағы осы мысалдар болып табылады. 


50 
Қ.Б.Күдеринова «Қазақ жазуының тарихы мен теориясы» атты оқу 
құралында жазба тіл екі жақты межеде өмір сүретіндігін айтады. Оның 
дыбыстық деңгейдегі мазмұн межесі графема, тұрпат межесі – әріп, бас әріп, 
кіші әріп, әріптің кіші баспа түрі, үлкен баспа түрі, жазба түрі болады. 
Ауызша тілдің ең кіші мағыналық бірлігі – фонема – абстракті, санада ғана 
өмір сүретін единица болса, жазба тілдің кіші единицасы абстракті бірлік – 
графема санада өмір сүріп, әріптің түрлі формалары арқылы таңбаланады. 
Сөйтіп, графеманың реализацияланған әріп тұрпаттары белгілі бір тәртіппен 
орналасқан, белгілі саны бар жиынтық ретінде жазба тілдің код жүйесі – 
әліпбиге ұйымдасады. Ол жазба тілді оқудың немесе керісінше ауызша тілді 
жазуға 
айналдыратын 
кодашқыш 
(Н.Уәлиұлы 
термині) 
болып 
табылатындығын, ал коммуникация теориясы тұрғысынан әліпбидегі әріптер 
санының аздығы жазудың код болуына жарайды дейді [46]. 
Әліпбидегі я, ю, ё әріптері орыс әліпбиіндегі сөзді жіңішкертетін 
белгісінен айрылып, қазақ сөздері үшін тек й+а, й+ұ+у, й+ү+у, й+о дыбыс 
тіркесін беретін болды дей отырып, орыс тілінің әсерімен енген әріптер 
қандай сөздерде және дыбыс тіркестерінде кездесетіндігін айтады. Мысалы: э 
– әрпі тек кірме сөздерде, ал у, и таңбалары ый, ій, ұу, үу – дыбыс тіркестерін 
белгіледі. Щ әрпі қос ш-ны таңбалады. Сөйтіп, қазақ әліпбиінде бес әріп 
қосар дыбыс таңбасын береді. Олар: /я/ – [йа], [йә]; /ю/ – [йұу], [йүу], /у/ – 
[үу], [ұу], [у]; /и/ – [ый], [ій]; /щ/ – [ш+ш]. 
Сонымен қатар, Қ.Б. Күдеринованың еңбегінде төте жазу қазақ 
графикасы тарихында бірден-бір фонематикалық жазу болды делінеді. 
«Графиканың жетілгенін аз әріппен тілдегі дыбыстарды қаншалықты дәл
жеткілікті бере алды – сол арқылы анықтайды». Үндесім заңдылығы қазіргі 
қазақ жазуында: 1) дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке түрлеріне әріп 
арналумен; 2) <қ><к><қ><г> фонемаларына таңба берілумен; 3) түбірдің 
соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай қосымшалардың жалғануымен; 
4)
бейүндес буын жігінде ћ, х әріптерінің маркерлігімен (жићаз [жійћ’а’з], 
Ахмет [ах’ім’ет’]) көрініс тапты. 
Н.Уәлиұлының айтуы бойынша, һ әрпі – кірме сөздердегі бейүндес 
буынның жігін жымдастыру қызметінде жұмсалатын маркерлі әріп. Мысалы, 
Ахмет, жићаз т.б. сөздерде буындардың жіңішке/жуан айтылуына сілтеп 
тұрады. Х әрпі сөз тұлғаларының мағынасын графикалық тұрғыда ажыратуға 
көмектеседі, кірме сөздерде жазылады [46,109]. 
Һ дыбысына А.Байтұрсынұлы әліпбиде арнайы дыбыс арнамағандығын 
айта кеткім келеді, бастапқыда бұл дыбысқа байланысты сөздер аз 
болғандығын, соған байланысты оған дыбыс арнау қажет деп таппағандығын 
айтады. Һ әрпінің дыбысы қазақ тілінде бар дейді. Мысалы: шаршаған кезде 
«уһ!» деп күрсінеміз. Жақтырмағанда «түһ!» дейміз. Өкінгенде «аһ» дейміз. 
Ауырғанда «әһ!», «әһ!» дейміз дейді. Жалпы алғанда, һ дыбысына 
байланысты сөздер одағай сөздерде кездеседі дейді. А.Байтұрсынұлы бұл 
әріпті қазақ әліпбиінен шығарған кезде мұнымен жазылатын сөздер аз деп 


51 
шығарған еді дейді. Дегенмен, аз болғанмен тілде бар дыбыс болған соң, 
жоқтығы сезілетін көрінеді дейді. 
Қазақ тілінде әрдайым жуан айтылатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет