69
Салыстыра отырып, берілген мысалдарда қандай айырмашылықтар
орын алғандығын жазумен бердік.
Суыр
Ауған
Ау
Суық
Жауған
Ауыз
Жуық
Айау
Бау
Ұуық
Тайау
Бауыр
Ұуыз
Бұуаз
Жау
Ұуыс
Ұуақ
Жауын
Ау сал. Балық аула. Қой сау. Қар жауар. Қолың жұу. Ақ жаулық.
Қоңыр саулық.
Асау тай. Жұуан қарағай. Асқар тау. Жауын жауып тұр. Таудан
бұлақ ағады. Саулық сауын болады. Қалауын табса, қар жанар.
А.Байтұрсынұлының екі
еңбегін де салыстыра отырып, грамматология
ұғымдарының бірі таңбаланушы мен таңбалаушыға
арнайы тоқталғымыз
келеді. А.Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» оқу құралында берілген 24
мысалда таңбаланушы-таңбалаушы бірдей берілген. Ішкі жақ пен сыртқы
жақ екеуі бірдей көрініс табады. Ал, А.Байтұрсынұлының 1914 жылы
Оренбургта жарияланған «Ахмет Байтұрсыновтың қазақша алфабеси» оқу
құралында «У» дыбысына байланысты 18 мысал берілген.
Дегенмен мұнда
таңбалаушы
бар болғанымен, таңбаланушы берілмеген.
Ішкі жақ, ұғым,
мазмұнды жоғарыда жазумен бердік. Демек, А.Байтұрсынұлы еңбектерінде
кейде таңбаланушы мен таңбалаушы қатар келсе, кейде тек қана таңбалаушы
берілгендігін байқауға болады.
Мәтіннің
«орнын толтыруда»
Деррида
құрылымдық ереже, ойын,
тәртіп, тізбек, құрылым, жүйе, заң, ереже, логика, құрылымдық қажеттілік,
графика,
механизм, болмыстың ерекше тәсілі (бір мезетте артылуды да,
жетіспеушілікті де болжамдайтын) және тіпті тұтас «дәуір» секілді әртүрлі
контекстерді ұсынады.