39
О.Жұбаева
«Қ.Кемеңгерұлының
тілтанымдық
мұрасы
мен
лингвистикалық тұжырымдамалары» атты кандидаттық диссертациясында:
«Қ.Кемеңгерұлының дыбыстарды – дауысты, дауыссыз, жарты дауысты деп
топтастыруы Х.Досмұхамедұлы, А.Байтұрсынұлының жіктеуімен ұқсас.
А.Байтұрсынұлы
ұяң дауыссыздарды жалғау, жұрнақтардың ауанына қарай
әрі сөз соңында келмеуіне байланысты ымыралы, ымырасыз деп жіктесе,
Е.Омаров жарты дауыстыларды қосымшаның басқы дыбыстарын өзгертуіне
байланысты ымыралы, ымырасыз деп бөледі. Ал Қ.Кемеңгерұлында
ымыралы, ымырасыз деген атаулар кездеспейді.
Келтірілген ғалымдардың
бәрінде де дауыстылар құрамы (саны) мен қатаң дауыссыздарды
топтастыруларында
ұқсастық
байқалады.
Жалғыз-ақ
б
дыбысы
А.Байтұрсынұлы еңбектерінде қатаңға жатқызылса, Е.Омаров пен
Қ.Кемеңгерұлының еңбектерінде ұяң дауыссыздар қатарына жатқызылған», -
дейді [47].
Сонымен‚ қазақ тіліндегі дыбыстардың құрамын‚ түрлерін‚ белгілерін
анықтауда Қ.Кемеңгерұлы А.Байтұрсынұлының
еңбектерін басшылыққа
алғаны байқалады. Сонымен қатар ғалым ұстазының ойларын одан әрі
дамыта‚ толықтыра түскен. А.Байтұрсынұлы қ-к‚ ғ-г дауыссыз дыбыстарын
акустикалық жағынан да‚ артикуляциялық жағынан да өзгешеліктері
болуына байланысты‚
жеке фонема ретінде танып, олардың әрқайсысына
таңба арнайды. Ал Қ.Кемеңгерұлы сингармонизм ерекшелігіне сәйкес‚
сингармофонема корреляциялық қарама-қарсы жұптардан тұратынын
ескеріп‚ қ-к‚ ғ-г дыбыстарын жұптасқан фонемалар ретінде таниды [47].
Х.Досмұхамедұлы да
Достарыңызбен бөлісу: