Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет11/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ
3830-1-7985-1-10-20220416, Ш.Айтматов-және-қазіргі-түркі-әлемі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ, Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты м-emirsaba.org (2), Әкімбек Лашын ҚМЖ, Айдар Назерке ғылыми мақала, СӨЖ- Әкімбек Лашын 313, Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org (1), Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org
1.2.
 
Грамматология ғылымының зерттелуі 
 
Қазақ жазуының қалыптасуын зерттеуші отандық ғалымдарымыз 
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы, Е. Омарұлы, Т. Шонанұлы, 
Х.Досмұхамбетұлы, М.Балақаев, С.Аманжолов, Р.Сыздықова, Ә.Жүнісбек, 
Н.Уәлиев, Қ.Күдеринова, М.Жүсіпұлы, А.Фазылжанова және басқа да 
ғалымдар зерттеді. 
Жазу 
және 
грамматология 
туралы 
шетелдік 
ғалымдардың
В.А.Истриннің «Возникновение и развитие письма» (М., 1965); «Развитие 
письма» (М., 1961); И.Фридрихтің «История письма» (М.,1979); Жак Деррида 
«Грамматология туралы» (Of Grammatology, 1967), И.Е.Гельбтің «Опыт 
изучения письма» (Gelb I.J. A study of writing: the foundations of 
grammatology, 1952),одан басқа Д.Дирингердің «Алфавит» (М., 1963) [27], 
Алпатов В. М. «Языкознание: От Аристотеля до компьютерной 
лингвистики» (2017) [28] т.б.еңбектері бар. 
Түркиядағы зерттеуші ғалымдардың А.Байтұрсынұлы туралы жазған 
еңбектері бар. Нергис Бирайдың А.Байтұрсынұлы туралы жазған 
мақалалары (Ahmet Baytursinuli’na göre Kazak Türkleri yazılı Edebiyatının 
dönemleri ve türleri) және 2012 жылы жарияланған «Ahmet Baytursınulı şiirleri 
üzerinde dil ve uslup incelemesi» [29], Alaş'ın Aydınlatıcı Önderi: Ahmet 
Baytursınulı" [30] атты кітаптары бар. Бұл кітаптарда Нергис Бирай 
А.Байтұрсынұлының шығармаларына тоқталады, өлеңдері түрік тілінде 
беріледі, Алаш Орда қозғалысы туралы айтылады, А.Байтұрсынұлының 
жазған шығармалары, Алаш Орда қозғалысы кезінде қазақ халқына сіңірген 
еңбегі туралы сөз қозғалады. 
Ферхат Тамирдың А.Байтұрсынұлының төте жазуына арналған 
мақалалары бар. Олар: «Ahmet Baytursınoğlu ve Arap alfabesının ıslahı» [31], 
«Gaspıralı İsmail bey ve Kazak aydınlarına tesirleri» [32], «Usul-i Cedit ve Ahmet 
Baytursınoğlu» [33],«Ahmet Baytursınoğlu ve 1926 Baku Türkoloji kongresi» 
[34]. Сонымен қатар Ф.Тамир магистрант шәкірттерімен бірігіп, 
А.Байтұрсынұлына 
қатысты 
зерттеулер 
жүргізеді. 
Ф.Тамирдың 
мақалаларында А.Байтұрсынұлы және араб әліпбиі, Гаспыралы Исмаил, усул 
жадит және А.Байтұрсынұлы туралы айтылады. Сонымен қатар, Бакуде
өткен конференцияда орын алған төте жазу мен латын әліпбиіне қатысты 
мәселелерге тоқталады. 
А.Байтұрсынұлына байланысты алты томдық шығармалар жинағы 2013 
жылы «Ел-шежіре» баспасынан «Байтұрсынұлы Ахмет» деген атаумен 
жарық көрді. Жауапты шығарушы: Имаханбет Р.С. 
А.Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының І томына 
«Қырық мысал» (1909, 1913, 1922), «Маса» (1911, 1922), «Қазақтың бас 
ақыны» (1913), «Әдебиет танытқыш» (1926) атты ғылыми зерттеулері 
енгізілген [35]. 
А.Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының ІІ томында 
А.Байтұрсынұлының шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге жазған «Оқу 


26 
құралы» түпнұсқамен қайта салыстырылып, толықтырылған үлгісі берілген. 
Бұл хрестоматиялық еңбекте бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тарихы, 
қазақ тілі мен әдебиеті, жағырапия, шаруа-кәсіп және жаратылыстану, т.б. 
ғылым салалары бойынша мағлұматтар берілген [36]. 
«Оқу құралы» үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Әдебиет, тұрмыс, 
еңбек» 
атты 
бөлімінде 
Ы.Алтынсаринның, 
А.Байтұрсынұлының, 
М.Жұмабайұлының, Л.Н.Толстойдың, А.Құнанбайұлының, Н.Рубакиннің, 
А.Л.Львовтың, А.П.Чеховтың, Н.М.Покровскийдің, т.б. зерттеушілердің 
шығармалары берілген. «Ғылым» атты екінші бөлімде тамақтануға, тағамға, 
өсімдікке, астыққа, жапыраққа, күнге, табиғат құбылыстарына байланысты 
ақпараттар бар. Жалпы алғанда, аталған оқу құралы балалар мен 
жасөспірімдердің жан-жақты болуына арналған танымдық, тағылымдық 
ғылыми ақпараттармен толықтырылған. «Дүние» деп аталатын үшінші бөлім 
жаратылыстану ғылымына байланысты танымдық әңгімелерге бай. Үшінші 
бөлімде Жұлдыздар, Құс жолы, Күн, Жыл уақыттары, Жазғытұрым, Ай мен 
күннің тұтылуы, Ағынды жұлдыздар, Еуропа, Априке, Америке, Аустралия, 
т.б. жаратылыстануға байланысты танымдық ақпараттар берілген. 
А.Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының ІІІ томында 
А.Байтұрсынұлының 
«Тіл-құрал» 
оқулықтары 
мен 
әдістемелік 
құралдарының мәтіндері қайта салыстырылып, толық ұсынылған. «Тіл- 
құрал» (қазақ тілінің сарфы) Орынбор, 1914ж., «Тіл-құрал» (дыбыс жүйесі 
мен түрлері) 1-ші тіл танытқыш кітап, Қызылорда, 1925ж.,«Тіл-құрал» (қазақ 
тілінің сарфы) 2-жылдық, Орынбор, 1915ж.,«Тіл-құрал» Сөйлем жүйесі мен 
түрлері, ІІІ-тіл танытқыш кітап, Қызылорда, 1925ж. оқулықтар берілген. 
Сонымен қатар, методика мәселелері деген бөлімде «Баяншы». Қазақ 
мұғалімдері үшін, Казань, 1920, «Тіл жұмсар». Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс 
тәжірибесі арқылы танытатын І-кітап, Қызылорда, 1928, Қай әдіс жақсы?, 
Жалқылау (айырыңқы) әдіс, Жалқылаулы-жалпылау әдіс, Дыбыстарды 
жіктеу туралы атты мақалалары да енген [37]. 
А.Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының IV томында 
А.Байтұрсынұлының әліппелер мен мақалалар жинағы, төте жазудағы 
тұңғыш әліппелер мен ұлттық баспасөзде жарияланған көсемсөздер берілген. 
Атап айтқанда, Оқу құралы: қазақша әліппесі (1912), Әліп-би (1926), Сауат 
ашқыш (1926) атты оқулықтары және өзекті мәселелерді қарастырған түрлі 
тақырыптағы мақалалары енген. Олар: Қазақ һәм 4-ші Дума, Қазақ жерін алу 
турасындағы низам, Земство, Жер жалдау жайынан, Көшпелі һәм отырықшы 
норма, Уақ қарыз, Қазақ һәм түрлі мәселелер, Закон жобасының баяндамасы, 
Жәрдем комитеті, «-ов» туралы, Қазаққа ашық хат, т.б. мақалалары енген. 
Жазу, емлеге байланысты Жазу тәртібі, Жазу мәселесі, Шаһзаман мырзаға, 
Қазақша сөз жазушыларға, А.Байтұрсынұлының араб әліпбиін жақтаған 
баяндамасы енген [38]. 
А.Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының V томында 
А.Байтұрсынұлының «Ер Сайын» (Мәскеу, 1923), «23 жоқтау» (Мәскеу, 


27 
1926) ауыз әдеби мұрасы, жазған көсемсөздері, сонымен қатар бұрын 
еленбей келген еңбектері мен табылған туындылары енген. Табылған 
туындылары: Дағдарыс (1915), Қоян (1915), Туған тілім (1916), Шекіспей, 
бекіспейді (1916), Қалам қайраткерлері жайынан (1922), Емле туралы (1929), 
МОПР һәм күншығыс елдерінің еңбекшілері (1924). Мақалалары: Қазақтың 
өкпесі (1911), Егін егу (1913), Шаруа жайынан (1913), Ауру жайынан (1913), 
Басқосу турасында (1913), Жауап қат (1913), Білім жарысы (1913), Оқыту 
жайынан (1913), Бұ заманның соғысы (1914), Түзетілген әріп (1929), т.б. 
мақалалары енген [39]. 
А.Байтұрсынұлының алты томдық шығармалар жинағының VI 
томында А.Байтұрсынұлының жинақтарға енбеген мақалалары, ресми 
құжаттары, эпистолярлық мұрасы, сонымен қатар А.Байтұрсынұлы туралы 
замандастарының лебізі, оның есімі ақталғаннан кейін жазылған танымдық 
және ғылыми мақалалар берілген. А.Байтұрсынұлының жинақтарға енбеген 
еңбектері: Қазақстан дәуірінің жаңа құрылымы (1926), Баулу мектебі, 
Баталар. Ресми құжаттар: Ленинге хат, Жазығым не?, Мәлімдемелер, 
Өмірдерек, Хаттар, Мұрағаттық деректер. Сонымен қатар, А.Самойловичтың 
«Байтұрсынұлы Ахмет», А.Кононовтың «Байтұрсынұлы Ахмет» атты 
энциклопедиялық және библиографиялық басылымдарда жарияланған 
мақалалары енген. А.Затаевичтың А.Байтұрсынұлының композиторлық қыры 
туралы жазған мақаласы да енген [40]. 
А.Байтұрсынұлы туралы Шәріпов Ә., Дәуітов С. құрастырған 
Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер жинағы 
бар. Онда І бөлімде 1911-1922 жылдар аралығында жазылған өлеңдері бар. 
Олар: Маса, Сөз иесінен, Жазушының қанағаты, Туысыма, Қазақ салты, 
Достыма хат, Жиған-терген, Жұбату, Н.К.ханымға, Жауап хаттан, Ғылым, 
Ақын ініме, т.б. өлеңдері берілген. Ал, ІІ бөлімде 1901-1922 жылдар 
аралығында жазылған аудармалары бар. Олар: Замандастарыма, Шымшық 
пен көгершін, Ат пен есек, Маймыл, Егіннің бастары, Қасқыр мен тырна, 
Қартайған арыстан, Шал мен ажал, Қайырымды түлкі, Шал мен жұмыскер, 
Жарлы бай, Қасқыр мен қозы, Қайыршы мен қыдыр, Есек пен үкі, Иттің 
достығы, Сарышымшық, т.б. секілді аудармалары берілген. ІІІ бөлімде 1926 
жылы жарияланған «Әдебиет танытқыш» атты оқу құралы берілген. Қара 
сөз, Дарынды сөз, Аңдатпа, Тіл қисыны, Сөз талғау, Қара сөз, Дарынды сөз, 
Жазу әдебиет, Ауыз әдебиет, т.б. шығармалары берілген [41]. 
А.Байтұрсынұлының «Қырық мысал» атты еңбегі өзінің көзі тірісінде-ақ 
«революциялық рухтағы алғашқы сөз», «елшілдік ұраны» (М.Әуезов) деп 
бағаланған. Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастыруға қызмет еткен 
бұл шығармалар Крыловтан жасалған таза аударма емес, автордың төлтума 
туындысы деген дұрыс. Сонымен қатар, 1911 жылы Орынборда жарық 
көрген «Маса» жинағынан алынған өлеңдер де кезінде ұлттық ой-сананы 
оятуда ұйытқылық рөл атқарған еді [42]. 
«Жасөспірімдер 
кітапханасы» 
сериясымен 
жарыққа 
шыққан 
А.Байтұрсынұлы шығармаларына А.Байтұрсынұлының өлеңдері, мақалалары 


28 
мен аударма мысалдары енген. Сонымен қатар, Р.Сыздықова, Р.Нұрғалиев, 
С.Кәкішев сынды зиялы қауымның А.Байтұрсынұлы өмірі туралы жазылған 
зерттеулері мен естелігі топтастырылған. Атап айтқанда, Р.Сыздықова: 
Ахмет Байтұрсынов (өмірі мен қызметі), Р.Нұрғалиев: Алып бәйтерек, 
С.Кәкішев: Қайта қауышу [43]. 
Ө.Әбдиманұлы «Ахметтану» атты оқу құралында А.Байтұрсынұлы 
туралы өз пікірін білдіреді: «Ахмет Байтұрсынұлы –ХІХ ғасырдың аяғы мен 
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани 
өмірінен айрықша орын алған тұғырлы тұлға. Бір басына сан түрлі салқар 
санаткерлік тоғысқан осынау ұлы азамат қазақ руханиятындағы теңдесі жоқ 
құбылыс десек, артық айтқандық емес. Оның кемеңгерлік болмысы мен 
қайраткерлік қасиетін танып-білу бірер жылдың ішінде ғана біте қалар жеңіл 
іс емес. Оған тек ұзақ жылдарға созылған көшелі ізденістер нәтижесінде ғана 
қол жеткізуге болады» [44, 4]. 
Ө.Әбдиманұлының «Ахметтану» атты оқу құралы 5 тараудан тұрады. 
Олар: Ұлт азаттығын ұлықтаған тұлға, Ахмет Байтұрсынұлының 
шығармашылық әлемі, Ұлттық көсемсөздің көшбасшысы, Ұстаз-ғұлама, 
Ұлылар үндестігі. Әр тарауда А.Байтұрсынұлына байланысты ой-пікірін 
өрбітеді. Ұлт азаттығын ұлықтаған тұлға атты тарауда Туған жер-тәлім- 
тәрбие бесігі, Бадрисафа, Алаштың ақ жолы тақырыпшаларымен 
А.Байтұрсынұлының жары, өмір жолы, қызметі туралы мағлұмат берілсе, 
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық әлемі атты тарауда Ахмет 
тәржіме-мысалдарының төл туындылық сипаты, Азаматтық жырдағы 
азатшыл сарын тақырыпшаларында А.Байтұрсынұлының шығармашылық 
жолы берілген. Ұлттық көсемсөздің көшбасшысы атты тарауда ұлттық 
баспасөз жолындағы күрес, «Қазақ» газетінің бас жазушысы тақырыпшалары 
А.Байтұрсынұлының «Қазақ» газетін шығарудағы еңбегі аталынса, Ұстаз- 
ғұлама атты тарауда Тіл білімінің білімпазы, Ұлт мұрасын ұлықтаушы, 
Талғамнан танымға жол ашқан ғұлама, Әдебиеттанудың Бас кітабы 
тақырыпшаларымен 
А.Байтұрсынұлының 
шығармашылық 
ғұмырын 
шығармаларын ұлықтау арқылы сөздермен өрнектей түседі. Ұлылар үндестігі 
атты тарауда Абай және Ахмет мысалдарындағы бірлік пен ерекшелік, 
Поэзиядағы дәстүр және жаңашылдық тақырыпшаларында Абай мен Ахмет 
мысалдарын байланыстыра көрсетеді [44]. 
Ө.Әбдиманұлы А.Байтұрсынұлы туралы пікірін келесідей сөз 
өрнектерімен өрбітеді: «ХХ ғасырдағы қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет 
Байтұрсынұлы. Ол ұлтының тәуелсіздікке қол жеткізуі жолында аянбай 
күресіп, өзінің қайраткерлік болмысымен, шығармашылық мақсаткерлігімен 
танылды. Іс пен сөзде бірлік таныта білген қайраткер, елінің ертеңіне 
сенімділікпен қарады. Сондықтан да шығармашылық арқылы кейінгі ұрпаққа 
сөз қалдыруды мақсат тұтты. Істегі күресшілдікті, сөздегі ойшылдықпен 
біріктіре отырып, ел рухын көтеруге ұланғайыр еңбек сіңірді» [44,254]. 


29 
«Біздер ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының рухани көсемі, өнер 
мен ғылымның сан-саласын терең және жетік меңгерген, елінің ұлттық 
санасының оянуы мен азаттығы жолындағы күресте қиыншылыққа қайыспай 
қарсы тұрған азамат А.Байтұрсынұлының тарихи орнын ардақтай білуіміз 
керек», - деген келелі пікірін білдіреді. 
А.Байтұрсынұлын күрескер-қайраткер, ақын, журналист, ғалым, 
ағартушы-санаткер еткен де, біріншіден, халқына деген сүйіспеншілік, 
екіншіден, алысты болжаған көрегендік. Оның артына қалдырған бай 
мұрасын қарастырғанда, алдына қойған осы күрескерлік мақсатына 
байланысты бағалау ләзім. Ахметтің халқын сүйген ұлтжандылық қасиеті 
бүкіл адамдық, азаматтық қызметі мен іс-әрекетінен көрініс табады [44,254]. 
Қ.Күдеринова «Қазақ жазуының тарихы мен теориясы» атты оқу 
құралында қазақ жазуының қалыптасу жолдарының көшбасында тілдің жаңа 
жүйесінің бағыт-бағдарын нақтылайтын екі мектеп болғандығын айтады. 
Оның бірі А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, Т.Шонанұлы, Қ.Кемеңгерұлы, 
Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамбетұлы ұстанымдары үйлескен сингармониялық 
жазу мектебі болса, екіншісі Қ.Жұбанов бастаған қазақ жазуы дамуының 
жаңа 
кезеңі 
өкілдерінің 
(С.Аманжолов, 
М.Балақаев, 
Ғ.Мұсабаев) 
қалыптандыру мектебі болды [46, 260]. 
О.Жұбаева 
«Қ.Кемеңгерұлының 
тілтанымдық 
мұрасы 
мен 
лингвистикалық тұжырымдамалары» атты кандидаттық диссертациясында 
қазақ тіл білімінің тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөліп қарастырады 
[47,157]: 
І кезең –ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең: Н.Ильминский, 
М.Терентьев, П.Мелиоранский, И.Лаптев,Н.Созонтов еңбектері(1860-1912ж); 
ІІ кезең –ұлттық тіл білімінің қалыптаса бастаған кезеңі: 
А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы, Е.Омаров, 
Ж.Аймауытов (1912-1930 ж); 
ІІІ кезең – ұлт зиялыларының қудалануына байланысты еңбектерін 
оқытуға тыйым салынып, тіл білімінде еуропоцентристік бағыттың белең 
алуы (1930-1988 ж); 
IV кезең – репрессия құрбандарының ақталып, олардың еңбектерін 
кемпайдалануға жол ашылуы (1988 жылдан бергі кезең). 
О.Жұбаева тіл білімінің тарихын шартты түрде кезеңдерге бөліп 
қарастырудың өзіндік себептері ретінде ғалымның тіл білімінің дамуына 
қосқан үлесін зерделеу, түптеп келгенде, ғылымның тарихын зерделеу болып 
табылады дейді [47,157]: 
Е.Омарұлы жөнінде проф. А.Салқынбай «Елдос Омарұлының қазіргі 
кездегі өзектілігі» атты мақаласында ғалымның еңбектеріне қатысты 
келесідей тұжырым жасайды: Елдес Омарұлы еңбектері бірнеше бағытта 
жазылған екен. Біз ғалымның физика, геометрия, жер туралы т.б. сала 
бойынша жазған еңбектерін емес, тек қазақ тілінің теориясы мен практикасы 
бағытында жазған еңбектерін сипаттауды жөн көреміз. Елдес Омарұлының 


30 
тіл білімі саласындағы ғылыми еңбектерін былайша топтастыруға болар еді 
[48]: 
1.
Грамматологиялық зерттеулер. Яғни ғалым ХХ ғасыр басындағы 
қоғамға бірнеше рет өзгертіліп ұсынылған жазулардың басы-қасында болып, 
жазу мәселесіне қатысты өз ғылыми пікірін білдірген; Елдес Омарұлы 
А.Байтұрсынұлынан кейінгі қазақ грамматологиясының теориялық та, 
практикалық та негізін қалаушылардың бірі ретінде танылуы тиіс. 
2.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі. 
3.
Тілдің басты теориялық ұғымдарын жүйелеуі; жалпы тіл біліміндегі 
ілім негізінде жасалған теориялық қағидалар. 
4.
Лексикология саласына қатысты: Өлшем мәнді бірліктерге қатысты 
ғылыми ойлары мен терминологияға қатысты зерттеу мақалалары. 
5.
Морфологиялық зерттеулері. 
6.
Синтаксис туралы ғылыми зерттеуі [48]. 
Е.Омарұлының үш томдық шығармалар жинағын «Алашорда» қоғамдық 
қоры 2018 жылы Астанадан ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет 
және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени 
мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу 
тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды 
түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша 
шығарды. Жауапты редакторлары - филология ғылымдарының докторы О. 
Жұбаева, Ә.Ахмет; сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт 
министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің 
тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен 
қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 
филология ғылымдарының докторы, профессор З.Ахметжанованың жауапты 
редакторлығымен Елдес Омарұлы шығармаларын Алматыдан «Лұғат» 
қоғамдық қоры шығарды (2018 ж.). 
Бұл басылымдардың жазуында бірқыдыру өзгешелік бар екенін проф. 
А.Салқынбай мақаласында атап көрсетеді. Мәселен, Алматы нұсқасында 
(Түсініктерін 
жазып, 
құрастырушы 
– 
Е. 
Маралбек) 
«Сінтаксіс 
жаттықтырғыш» (Орталау мектеп пен орта мектептің 7-8 кластарына 
арналған) кітабындағы «Бастауыш пен баяндауыш» деген тараушада 
сөздердің жазылуы «баяндауыш», «жазу», «жиырма алтыдамын», 
«туысқандарың», «Сәбит» сипатында берілген. 
Ал Астана нұсқасында құрастырушылар барынша авторлық қолданысты 
барынша қаз-қалпында беруге ұмтылғаны аңғарылады. Сөйлемнің басты екі 
мүшесі – байандауыш пен бастауыш. «Біреудің (бірдеменің) не істегені, 
кәйткені, кім (не) екені, қандай екенін көрсететін сөз – сөйлемнің 
байандауышы болады. Мұны мына пормаға келтіріп жазұу керек. Жыйырма 
алтыдамын. Тұуысқандарың бар ма? Сәбійт» сияқты тұлғада жазылған. Яғни 
екі басылымның алғашқысында автордың жазу үлгісі сақталмаған да, екінші 
профессор О.Жұбаева дайындаған басылымда автор қолданысы толық 
сақталған. Мұндай жазудағы өзгерістің сақталуы немесе сақталмауының 


31 
грамматологиялық жағынан ерекше маңызы бар екені белгілі. Бұл, әсіресе, 
емле жасау ісінде аса маңызды фактор саналады. 
Е.Омарұлы еңбектерінің басты маңызы тілдің әлеуметтік орны мен 
маңызы туралы терең ой айтуында. Автор былай деп жазады: «Қазақша жазу 
жайы» атты мақалада «Оқығандарымыздың қазақ тілін, қазақша жазуы керек 
қылатындары санаулы. Бұлардың көбі қазақ тілін шұғылданып тексерген 
емес, тек анда-санда басқа жұмыстардан қолы босаған кезде ғана ермек 
қылады. Бұлардың қазақ тілін керек қылуы бекзада, байлардың бұқараға 
жаны ашығаны сықылды, Лонд Жорждың бұқарашылдығы сықылды. Бұл 
сын әсіресе орысша оқығандарға дәл келеді. Орысша оқығандардың көбі 
орыс тілін жақсы біледі. Орысша сөйлей білуі артықшылық деп түсінеді, 
қазақ тілін менсінбейді» [49]. 
«Қазақ тілі ермек емес, ғылым жөнімен тексеруге жарайтын тіл. Қазақ 
тілінің өзіне ғана меншікті қасиеттері бар, заңдары бар, өзгеше дыбыстары 
бар» [49, 111]. 
«Дұрысында тілдің дағдылы өзгерісі мен айлалы өзгерісінің жігін 
табиғат өзгерісіндей айқындап ашу қиын. Табиғаттың айлалы өзгерісі де, 
табиғаттың негізгі заңынша болатын. Табиғаттың негізгі заңына сәйкес тілдің 
негізгі заңы – сақтық заңы. Тіл сақтық заңына бағынып, өзінің дербес 
заңдарын, өзіне гәнә меншікті негізгі сырларын жоғалтпай, аман сақтау 
жолымен басқа тілдермен қатысып, өңін бұзып жібермей, өзге тілдерден 
өзгеше, өзіне гәнә меншікті түрге түсу бағытымен өзгереді. Тілдің сақтық 
заңы жан-жануарлардың тұрмыс тартысы мен табиғат талғауына түсіп, 
бірінен-бірінің басқалануы сықылды. Тілдің айлалы өзгерісі де сол сақтық 
заңына бағынады. Тіл айлалы өзгеріске түсіп, ағылшынның жүйрігіне 
өңделіп шығуы да мүмкін, шолақ тұмсық көгершінге ұсап өңделуі де мүмкін. 
Қалай өзгергенде де бір халықтың тілі екінші халықтың тілі болып, 
арасындағы жігі жоғалып өзгермейді, басқа тілден басқаланып өзгереді» - 
деп жазады Е.Омарұлы [49]. 
«Тілдің заңы мынадай, бұқараның сөзі дұрыс емес, сөздің түрін тілдің 
заңына келтіріп түзейміз» деу қата. Олай болған күнде бұқараның тіліне 
қарсы заң дегеніміз – тілдің заңы емес, тек оймен жорып шығарған заң 
болады. Тілдің заңының тетігі – жалпы бұқараның аузындағы тіл, оны елемей 
ойдан шығарған заң – заң емес, жазуды ондай заңға сүйеудің жөні жоқ. 
«Мәдениетті ел өнерді, табиғатты өздеріне икемдеп, сыртқы түрлерін өз 
ыңғайларыңа қарап өзгертіп алады. Біз сияқты мәдениетсіз бейшара елдер 
оны білмейді. Өнерді, мәдениетті, техниканы өз тұрмысына ыңғайландырып, 
өзгертіп алудың орнына өнерге, табиғатқа өлшеп, өздерін өзгертеміз деп 
әуреленеді. Егер бұлай болса, бара-бара қазақтың тілін де өзгертеміз дер. Бұл 
өнерден, табиғаттан тұрмыс өлшеуімен пайдалана білмегендік, ескішілдік. 
Біз мәдениетті қазақтың салт-санасына, тұрмысына үйлестіріп, өнерді, 
техниканы өзімізге жакындатайық. Қөзімізді жұмып, өзімізше жүре бермейік. 
Бұған көнбеушілік, тағы да айтамын, баяғы ескішілдік әдеті болады» (1927 


32 
жылдың 28-29 сәуірінде Ташкент қаласында өткен әріп мәселесі туралы 
айтыстағы сөзінен). 
Е.Омарұлының буын туралы пікірі жөнінде проф. А.Салқынбай «Елдос 
Омарұлының қазіргі кездегі өзектілігі» атты мақаласында [48]: 
«Е. Омарұлының буын туралы пікірі де қазіргі күндегі өзекті мәселені қозғап 
отырғанын аңғару қиын емес. «Жүсіпбек «сұу» деген сөздің аяғындағы «ұ» 
мен «у»-ды орыстың «у» сықылды бір дыбыс деп, оны «у» әрпімен 
белгілемекші. «Оқыу» деген сөздің аяғындағы «ы» мен «у»-ды да бір дыбыс 
деп, оны да «у» әрпімен белгілемекші. «Сұу»-ды «су» деп жазып, «сұуы» 
деген сөзді «суы» деп, «жазыуы» деген сөзді «жазуы» деп жазбақшы. 
Жүсіпбектің айтып үлгере алмаған жазбасынша: «сыйы» деген сөз «сиы» 
болып, «мыйы» деген «миы» болып жазылуға керек. Бұл «суы», «жазуы», 
«сиы», «миы» деген сөздерді Жүсіпбек «су-ы», «жазу-ы», «си-ы», «ми-ы» деп 
буындайды. Мұның аты – буынсыз жерге пышақ салған. Олай болғанда, 
«жазуы» деген сөзді «жаз-у-ы» деп буындауға да болса керек. Бірақ қазақ 
баласы қазақ сөзін олай буындай алмайды. Буындаудың да жолы бар. Сөздің 
қатар екі буынының бұрын айтылатынын алғашқы буын деп, артынан 
айтылатынын жалғас буын десек, алғашқы буын бітеу йә тұйық болғанда 
(соңғы дыбысы дауыссыз болғанда), оған жалғас буын дауысты дыбыспен 
бастала алмайды. «Жас» деген бітеу буынға дауысты дыбыспен басталатын 
«ар»-ды қоссақ, «жасар» болады. «Жасар-ды» «жас-ар» деп буындауға 
болмайды, «жа-сар» деп ғана буындауға болады», - деп жазады [49,115]. 
Ғалым үндестік заңы туралы мәнді ғылыми тұжырымдар жасайды. 
Қазақ тілінде үндестік заңы бар. Қазақ тілінде үндестік заңына келмейтін 
сөздер де жоқ емес, соны айтып үндестік заңына қарсы болып жүрген 
азаматтарымыз да бар. Үндестік заңына келмейтін сөздердің бәрі де қазақтың 
өз сөзі емес, қазақ тіліне кіріп кеткен жат сөздер. Үндестік заңына келмейтін 
қазақша сөз түрі – жалғыз-ақ «-нікі» (-дікі, -тікі)-мен жалғанып айтылатын 
түр. Қазақ тілінде үндестік заңы бар екеніне осы «-нікі»-ден басқа қарсы 
дәлел жоқ. Дұрысында, ешбір тілде де тастай қатқан тұрлаулы заң болмайды, 
бір заңның күшімен екінші заңға бағынбай кететін сөз түрлері болмай 
қалмайды. Ондай заңға келмейтін бірен-саран сөз түрлерінен ол заңды жоққа 
шығару, я ол заң жоғалуға бет алған деп жору қата. Қазақ тілінде үндестік 
заңы бар екені рас болса, қазақ тіліне кіргізген жат сөздердің бәрін де сол 
заңға келтіріп алу керек, сөздің ішіндегі дыбыстарының бәрін де біріңғай 
жіңішкертіп, я бәрін де жуандатып алу керек (Қазақша пән сөздер). 
Жазу жүйесі туралы: «Біздің жазуымыз дыбыс жүйесінше. Бірақ
қазақша жазу олай дыбыс жүйесінше болғаннан қиындамайды, қайта 
оңайланады. Қазақша сөздер өзгергенде түбірімен қопарылып өзгермейді, бір 
түбірге түрлі жалғау, жұрнақтар жалғанып өзгереді, – сондықтан біздің 
дыбыс жүйесіне келтіріп жазған сөздеріміз түбірлерінен басқаша болып 
шықпайды». 1924 жылы 12-18-маусымда Орынбор қаласында өткен «Қазақ 
білімпаздарының тұңғыш сійезіндегі» жазу ережелері тақырыпты 
баяндамасынан. 


33 
Кірме дыбыстар туралы. Қазақ тіліне жат сөздерді кіргізгенде, оның жат 
дыбыстарын бұзбай кіргізуге болмайды; жат дыбысқа жалпы бұқараның тілі 
келмейді де, ішінде жат дыбысы бар жат сөз жалпыға жат болып қала береді; 
сөйте келе қазақша әдебиет тілі бұқараның тілінен мүлде басқаланып, қат 
танитұн бұқара біздің жазған сөзімізге түсінбейтін болады. 
У мен и-ға қатысты пікір. Біздің «ұу», «ыу», «ій» болып бір дауысты 
дыбыс пен бір дауыссыз дыбыстың тізілгенінен болған сөз буынын орыстың 
ұзын «у»-ы мен ұзын «и»-не ұқсатып екі дыбысты бір әріппен жазуды 
қолайлаушылар бар. Бірсыпыра азаматтарымыздың бұл үшін ұсынып жүрген 
жобасы: «у» мен «й» дауысты дыбыстардан соң жарты дауысты делінсін де, 
дауыссыз дыбыстардан соң дауысты делініп, орыстың дауысты «у» мен «и»- 
інше оқылсын деген жоба. Бұл жобаны ұсынушылар оның дыбыс жүйесінше 
қыйсынсыз екені мен таласпайды, тек: солай болса жазу жеңілденеді дейді. 
Дұрысында бұл жоба жеңілдік жағынан да қыйсынды бола қоймайды. 
«Латын» әлібпиінде дауысты «ы» мен «ғ»-ға арналған әріптері жоқ, 
тілінде «сұуат», «тійуі» сықылды сөздердің де болмауы мүмкін, сондықтан 
латынның «й» мен «у» тақырыпты ережесі бізге үлгі бола алмайды. 
«Сұу», «жазыу», «бій», «қый» сықылды сөздердің аяғындағы 
дыбыстары орыстың дауысты ұзын «у» мен «и»-не ұсап естілетіні рас. Бірақ 
бұл сөздерге дауысты дыбыспен басталатұн жалғау, жұрнақтар жалғасақ: 
бітеу буындағы дауысты «ұ», «ы»-лар ашық буынға келіп дауыссыз «у», «и»- 
лардан айырылып шығады: «сұуат», «жазыуы», «бійіміз», «қыйады» деген 
сөздер де дауысты «ұ» мен «ы»-да, олардан соңғы дауыссыз «у» мен «й»-да 
анық естіледі. Орыстың дауысты «у» мен «и»-не ұсап естілетүн қазақша 
дыбыстардың бәрі де осылай, – сөзге жалғау, жұрнақтар жалғағанда ішіндегі 
дауысты дыбысы мен дауыссыз «у», «й»-лері бірінен бірі айырылып шығады, 
– тұйық буында көмескіленіп естілетүн дауысты «ұ» мен «ы» буын 
ашылғанда анық естіледі. 
Е.Омарұлының терім сөздер жөнінде айтқан пікірі жөнінде проф. 
А.Салқынбай «Елдос Омарұлының қазіргі кездегі өзектілігі» атты 
мақаласында: «Е.Омарұлының терім сөздер туралы пікірі де өзгеше болған. 
Ғалым барлық пікірлерінде А.Байтұрсынұлымен пікірлес болғаны анық 
байқалады. «Пән сөзі өз тілімізден таба алмаған күнде, Еуропа қолданған 
латынша пән сөздерді алуға болады. Бірақ ондай жат сөздерді алғанда, оны 
тіліміздің заңына келтіріп өзгертіп алу керек. Өйткені жат сөздің асыл түрін 
бұзбай алсақ, ондай сөзге қазақтың тілі келмейтін болады жана қазақ тілінің 
заңына келмеген сөзді, оған қазақша жұрнақ, жалғаулар жалғап өзгертуге де 
болмайды. Ондай сөз қазақ тіліне қазақтың өз сөзіндей болып сіңісе де 
алмайды, бір түрлі ерсі сөз болып қалады»,-деп, тұжырым жасайды [48]. 
Е.Омарұлының кірме сөздер туралы ғылыми тұжырымдары бүгінде де 
өзекті деп айтуға болады. Қазақ тіліне кірген жат сөздер түбір сөз есебінде 
алынып, қазақ тілінің заңдарынша өзгеретін болуға тиіс. Жат сөзді жат 
жұрнағымен алуға болмайды; жұрнағымен кірген сөз болса, оның сол 
жұрнақты түрін түбірге балап алу керек. Пән сөзі тақырыпты негізгі 


34 
жолымыз: оның қазаққа, жалпы бұқараға түсінікті болуы, қала берді: тіліне 
жеңіл болып, құлағына ерсі болмауы деп түсіндіреді алаш қайраткері. 
Ғалым қаламынан шыққан «Синтаксис жаттықтырғышы» атты оқу 
құралының жазылу сипаты мен грамматикалық құрылымда түсіндіруінің 
өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда ғалымның қазір біз үшін өзекті әрі ғылыми 
жаңалық болып жүрген функционалдық принципі бар. Мәселен, барыс 
септеулі айқындауыштар мен шығыс септеулі айқындауыштар жалпыша 
барыс-шығыстық септес делінеді. Мағына жағынан бұлардың түр-түрі тым 
көп. Бірақ іріктеп таптастырғанда 4 айырұуға болады: 1) мекен-мезгіл септес, 
2)
себеп-мақсат септес, 3) сүубійекті-обійекті, 4) жай обійекті. 1) Қыймыл 
мәнді етістіктердің жетегіне еріп қай жерге? қай жерден? қайдан? деген 
сұрауларға жауап ретінде мекен септес болады. («Тауға шықты. Таудан асты. 
Таудан түсті. Қолына жабысты. Қолынан ұстады».) Істелетін амалдың 
басталатын уақытын, не бітетін уақытын, не болмаса істеліп болғанша өтетін 
уақытты көрсетеді – мезгіл септес болады. («Қызыл іңірден ұйқыға кірді) – 
деп талдануы грамматикалық тұлғаның жеке өзін сипаттау емес, оның 
контекстегі қызметі мен мағынасын саралап барып, семантикалық- 
функционалдық тұрғыдан таразылау деп түсінеміз. Бұл өз алдына жеке 
зерттеуді қажет ететін тақырып [48]. 
Проф.А.Салқынбай «Телжан Шонанұлы шапағаты: үндестік заңының 
анықтығы мен ұлттық танымға жақындығы» атты мақаласында: «Дүние 
болмысы мен руханият мазмұны өзгеріссіз тегінде, алайда сол мазмұн 
түсініктері мен танымдық мәнінің адами формалары заманға сай өзгеріп 
отыратыны рас. ХХІ ғасырдың желкенімен алға қарай білдірмей жылжып 
бара жатқан уақыт тіл мен лебіздің кеңістігіндегі көкжиектерге де өз ізін 
жасырмай салып, танымдағы ағылған ойдың өзіндік жаңаша бір таңбаларын 
үсті­үстіне жазуда. Бұл тарихи даму үдерісінде ғаламдық ашықтық пен 
динамизм анық аңғарылады. Мұның бір көрінісі, әрі белгісі – қазақ ұлтының 
латын әліпбиіне өтуге бет алуы. Латын әліпбиіне өтудің негізінде, әрине, 
рухани жаңғыру жатыр. Яғни алаш көсемдерінің іргелі жолын бүркемелеп, 
сталиндік идеямен саналы түрде тұншықтыра, көзімізді тұмшалай отырып 
енгізілген кирилл таңбаларынан бойды алыстату – бұл сол таңбалардан 
алыстау ғана емес, тілдегі жат әріптерден, жат сөздерден (туған тілімізге 
икемдеу арқылы), сол арқылы еніп кеткен кеңестік таным-түсініктерден 
арылу да»,-деп тұжырым жасайды [50]. 
Ал рухани жаңғыруды бастау үшін, ең алдымен сөзімізді дұрыс айтып, 
дұрыс жазуды оңдау қажет. Мұның бағыт-бағдарын іздеудің де қажеті аз, ол 
бізде бар. Тек өзімізді тұмшалап тұрған (мүмкін саяси) сауатсыздықтан 
арылып, рухани жаңғырсақ болғаны. Елбасының сілтегені де, елдің күткені 
де осы рухани жаңғыру деп есептейміз. Рухани жаңғырудың басты тетігі 
қазақ тілінде дұрыс сөйлеу, дұрыс жазу десек, мұның нақты үлгісі, әрі жолы, 
жөні - алаш қайраткерлерінің мұрасында тұр. Ақымет Байтұрсынұлы, Халел 
Досмұхаметұлы көрсеткен жол бар. 


35 
Проф.А.Салқынбай «Телжан Шонанұлы шапағаты: үндестік заңының 
анықтығы мен ұлттық танымға жақындығы» атты мақаласында 
Т.Шонанұлының еңбегіне тоқталады [50]. Телжан Шонанұлының бестомдық 
еңбегінің беташар алғашқы томы «Шала сауатты ересектер үшін» оқу құралы 
Хрестоматия для малограмотных взрослых» атты еңбекпен басталыпты [50; 
51]. Оқу құралының алғысөзінде ғалым өз мақсатын былай белгілейді: «Бұл 
кітап сауатсыздықты жойатұн алты айлық мектепті бітірген, шала сауаттылар 
мектепте оқитын ересектерге арналып жазылған. Кітап, қолдан келгенше, 
комплекс жолымен жазылған. Комплекске келерлік ірі теме жеті: мал бағу, 
егіншілік, кәперетсійе, саяси сауат, Ленин өмірі мен ісі, төңкеріс 
мыйрамдары, есеп білдіргіш. Бұл ірі темелерді ұсақтап бөлуге де келеді. Әр 
теменің ішінде керекті жерлерінде есеп, табиғат тану жайынан мағлұматтар 
қыйыстырылып отырады». 
Хрестоматиялық жинақ болғандықтан, негізінен, шағын мәтіндер 
алынған екен, олардың таңдалуы да таңдай қақтырады. Ғалым шала сауатты 
адамға сауатын тереңдету үшін не керек екенін нақты біледі, сондықтан 
қызығушылығының деңгейін тап басып, дәл анықтаған. Келтірілген мәтіндер 
ауыл қазағына қажетті деректер, көкірек көзін ашуға бағытталған саяси мәнді 
ақпараттар. 
Ал жазу үлгісі айтылымға негізделіп, үндестік заңын бұзбай, табиғи 
тілдің икеміне көндірілген. 
Мысалы, 
Қазақыстанда мал бағыу. 
Шарыуашылығының қай түрі басымдығына қарай, Қазақыстанды үш 
ауданға бөліуге болады: 1) Әр қалық егінші аудан. Мұнда 387,400 шаршы 
шақырым жер бар. Бұл бүтін Қазақыстанжерінің 20% болады. 2) Орталық 
мал бағып-егіншілік қатар жүргізетін аудан. Мұнда 360,200 шаршы шақырым 
жер бар. Бұл бүтін Қазақыстан жерінің 19% болады. 3) Оңтүстік көшіп жүріп 
мал бағатын аудан. Мұнда 1,192,400 шаршы шақырым жер бар. Қазақыстан 
жерінің 61% болады. Қазақыстан елінің дені (56,6%) егінші ауданда тұрады. 
Онан соң қалықтың көп тұратын жері (23,6%) оңтүстік мал бағатын аудан. 
Мал мен егінді қатар жүргізетүн орталық ауданда ел аз (19,6%) тұрады. 
Арқалық егін салатын аудандағы үйлердің 87,2% орыс, 12,8% қазақ. Орталық 
аудандағы үйлердің 89,7% қазақ, оңтүстіктегі үйлердің 98,3% қазақ. Егіндік 
аудан қалқының көбі орыс болып шығады. Егін салатын ауданда кесіптің бір 
мықтысы мал бағыу. Орталық ауданда егіннен мал бағыу күшті. Оңтүстікте 
ел тек мал бағып ғана күн көреді. 1920-жылы бүкіл Қазақыстандағы 
13,192,370 бас малдың 7,856,220 басы (59,6%) көшпелі қазақтікі болған. 
Қазақыстанда кесіптің мықтысы – мал бағыу. Мал баққызатын 
Қазақыстанның ауасы, топырағы, шөбі, жолы мен базары іреті [50; 51]. 
Немесе: 
Лене оқыйғасы. 
Сібірдің «Тайға» деген қалың орманы арасында Ленеалтын ауданы 
жатыр. Бұл аудан Ленінгіраттан 7 мың шақырым. Лене өзені бетіндегі 


36 
жолдан 500 шақырым. Бұл жер капыйтал қожалығына қақы жоқ болған. 
Палыйтсійеде, сотта, әскерде, мектепте – қысқасы барлық сайасат қожалық 
лене серіктігіндегі алтыншы байлар қолында болған. Мұндағы алтыншылар 
қандығы жалғыз Петіргірад қандығы түгіл, шет мемлекеттер жыйангерлігі 
мен тұтасып жатқан. Бұл жерде басы байлы тұрмыс күштілігі қалмаған. 
Үлкен түрлері жұмысшылардың қатын-қыздарын қалай болса солай бійлеп 
жүрген. Забастөпкі алдында лене серіктігі жұмысшылардың көбін ауырлата 
берген; ақысын кеміткен, айып салыуды күшейткен, тамақты қымбаттатқан, 
жұмысшылардың пәтер жағын қыйындатқан. Тағы сондай таршылықтар 
істеген. 
Жұмысшылар шыдай алмаған. 1912 жылы пыйбырал жыйырмасында 
жұмысшылар мынадай тілек көрсеткен: 1) он сағат орнына күніне сегіз сағат 
жұмыс болсын, 2) ақы артылсын, 3) жұмысшылар тек жұмысшылар 
кемесійесі ырзалығымен жұмыстан шығарылсын, 4) айып салыу қойылсын, 
5)
зауыт жамандығынан ауырып, жарақаттанса, жұмыс қылмаған күніне де 
жұмысшылар ақша алсын, 6) үйлі баранды жұмысшылар пәтері 
бойдақтарінікінен бөлек болсын тағысын, тағылар [50;51]. 
Бұл үзінділерден мынадай мәселелердің шешімін аңғарамыз: 
1.
ХХ ғасыр басындағы қазақ лебізі осындай болғандығын көреміз. 
2.
Сөйлеудегі басты жүйе сақталып жазылған. 
3.
Қазіргі дау туғызып жүрген 
и мен у
-дың қалай жазылу үлгісі 
көрсетілген. Әрі осы үлгіні алаш ғалымдары түгелдей қолдаған да қорғаған. 
4.
Кірме сөздерді өз тілімізге бейімдей, сингармонизм заңына 
бағындырып, икемдеп жазудың үлгісі бар. 
Ал, ең бастысы, тіл ғылымының бүгінгі басты бағыт-бағдарын 
айқындайтын ілім де осы лебізге сүйенуді қолдайды. Сөздің лебізде айтылу 
үлгісі, оның жұмсалудағы қызметі – бүгінде басты зерттеу нысаны ретінде 
ғана танылмайды, сонымен бірге, сөйлеу заңдылығы барлық деңгейлерде 
ескерілу керектігі нақтыланады. Қазақ тіл білімінде де сөйлеу прагматикасы, 
қызметтік грамматика белең алып зерттеле бастағаны белгілі. 
Бүгінгі тіл ғылымының басты бағыты сөйлеу тілін зерделеу. Яғни, Тіл – 
«халықтың жинаған рухани қазынасының жиынтығы, соның бәрін сақтайтын 
қоймасы» болса, сол «қоймадағы» таңбалардың әртүрлі мақсатта жұмсалуы, 
сөйлеуші мен тыңдаушының арасында болатын әңгіме-дүкеннен бастап, 
ғылыми, көркем шығармаларда, ресми құжаттардағы қолданысы – лебізді 
құрайды. Лебіз – тілдегі бірліктердің сөйлеу барысында қолданысы, 
жұмсалуы; белгілі бір уақыт аралығында жазбаша немесе ауызша түрде әр 
алуан, әр типті ақпарат беру құралына айналуы. Тіл мен лебіз адамзаттық 
ортақ феномендік құбылыс бола тұра, бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Тіл 
– қарым-қатынас жасаудың құралы, лебіз осы құрал арқылы сөйлеуді жүзеге 
асырады. Суретшінің құралы – қалам, қағаз, салынған көркем сурет сол құрал 
арқылы орындалады; тілдік бірліктер де – осы сияқты құрал, ал оның 
қолданыстағы көрінісі, мәтін арқылы жеткізілген пікір – лебіз болады. 


37 
Лебізде сөзді әркім өзінің ыңғайына сай, танымдық, біліктілік, білімдік 
деңгейіне қарай субъективті көзқарасын айту үшін қолданса, тілдегі 
бірліктердің мағынасы оны жұмсаушы үшін объективті, сөздіктегі мағынасы 
халықтық таным деңгейінде жасалғандықтан, ортақ ұғымды таңбалайды [50]. 
Лебіз адамдар арасында коммуникативтік қарым-қатынас орнатады, 
сондықтан ауызша лебізде сөйлеу барысында дауыс ырғағы, темп, тембр 
ерекшелігі, дауысталуы, артикуляциялық анықтығы, акцент, интонация т.б. 
қатынасады. Лебізде адамның сезімі, ой-өрісі, талап-талғамы, талант- 
толғамы, дүниетанымы, көзқарасы көрінеді. Лебізге тек ауызекі сөйлеу үлгісі 
ғана еніп қоймайды, қазіргі ғылыми әдебиеттерде көрсетіліп, дәлелденіп 
жүргеніндей, сонымен бірге жазбаша жазылған кез келген ақпараттық мәтін 
(ғылыми, мәдени, ресми, көркем т.б.) лебіз ретінде танылады [50]. 
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін алғаш негіздеген А. Байтұрсынұлы «Тіл 
құрал» еңбегінде сөйлеуді ерекшелеп бөліп алуының үлкен теориялық мәні 
бар. Автор тіл дыбыстарын тілдің негізінде емес, сөйлеудің негізінде 
түсіндіреді. Сөйлеудің сөйлемнен, сөйлемнің сөзден, сөздің буыннан, 
буынның дыбыстардан тұратынына ерекше мән беріп, лебіздегі ішкі 
құрылымдық жүйені нақты, ғылыми дәлдікпен айқындайды [50]. 
Әр дыбыстың сөз басында, сөз ішінде, сөз аяғында келу тәртібі мен 
естілу жолына ерекше назар аударады. Дыбыс табиғатының бұлайша 
зерттелуі қазіргі қазақ дыбыстарының қолданыстық мәнін анықтауда аса 
маңызды да, функционалдық (қолданыстық) фонологияның зерттелуінің 
басы саналуға тиіс [50]. 
Осындай қисынды қағидаттардың практикалық қолданысын ұсынып 
отырған Телжан Шонанұлы еңбектерінің маңызы, әрине, ерекше. 
Ғалым еңбектерінде танымдық, тағылымдық бағытта берілетін 
ақпараттар мол. Біріміз жадымызда сақтасақ, біріміз ұмытып қалған көптеген 
қазақы ұғымдарды қайта бір жаңғыртып алсақ мақұл болмақ [50]. 
Т.Шонанұлы жазған «Орыстар үшін қазақша әліппе» 1931 жылы 
Қазағыстан баспасынан (Одобрено УМС НКПроса КАССР для русских школ 
в качестве учебника для І года обучания казакскому языку) [52] және Қ. 
Төлебайұлымен бірге жазған «Үлкендер үшін қазақ тілінің оқұулығы» [53] 
Жиенбаев пен Талжановтың редакторлығымен 1934 жылы жарық көрген. 
«Білмегенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз» демекші, біз өзге ұлт 
өкілдеріне қазақ тілін оқытуды кеше ғана бастадық деп жүрсек, алаш 
қайраткерлері оны 100 жыл бұрын бастап, оқу құралдарын шығарған. Мұнда 
алдымен суреттерді берумен басталып, бірден жалаң сөйлемдер арқылы 
оқытылады [50]: 
Мысалы: Бала арбада, ара балада. 
Ата аман. Ата далада. Ата, мал аман ба? Папа, мама, апа далада малда. 
Бала арбада. Ата далада. Папа малда. Ара апада. Ата, ара ал! Папа арба ал. 
Ата, папа, мама, апа, аман ба? – аман. Мал аман ба? – Мал аман. Бала аман 
ба? – Бала аман. Апа арбада ма? – Апа арбада. Ара балада ма? – Ара балада. 
А-та. Па-па. Апа. Папа [50;51]. 


38 
Тақырыптың таңдалуы да, реті де (отбасы, таныстыру, мамандық, тағам, 
мектеп, табиғат т.б.), берілу тәртібі де, оқыту әдістемесі де қазіргі оқыту 
жүйесіне толық сәйкес келеді екен. 
Т. Шонанұлы дауысты дыбыстар ретінде а, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, ә; дауыссыз 
дыбыстар ретінде Б, ш, ж, д, г, һ, й, к, л, м, н, ң, п, қ, р, с, т, у, з – көрсетеді. 
Барлығы: 9 дауысты, 19 дауысты [114-115-беттер]. Кеңестік кезеңдегі қазақ 
ғалымдары зерттеулерінде дауысты мен дауыссызды бөлуде көп 
айырмашылық болғаны бұрын да жазылып жүр. Бастысы, жазу үлгісінде 
дыбыс үндестігі сақталады, у және и дыбыстарының таңбалануы қосарланып 
беріледі. Бұл түсінікті де, өйткені автор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет