Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет4/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

Зерттеудің жетекші идеясы: 
А.Байтұрсынұлының грамматологиялық 
ғылыми мұраларын тереңдей зерттеп, ондағы танымдық, тағылымдық мәнді 
анықтау, 
ойжасампаздықпен 
үңіліп, 
ғылыми 
тағылымын 
қазіргі 
латынәліпбилі қазақ жазуы мен жаңа жазу емлелерін түзуде қолданудың 
тиімді жолдары мен талаптарын зерделеу. 
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізіне 
қазіргі шетелдік және 
қазақ тіл біліміндегі грамматологияға қатысты ғылыми-теориялық 
зерттеулер, 
пікір-көзқарастар, 
тұжырымдар 
алынады. 
Жазу 
және 
грамматология туралы шетелдік зерттеуші ғалымдардың В.А.Истриннің 
«Возникновение и развитие письма» (М., 1965); «Развитие письма» (М., 
1961); Д. Дирингердің «Алфавит» (М., 1963), И.Фридрихтің «История 
письма» (М.,1979); Жак Дерриданың «Грамматология туралы» (Of 
Grammatology, 1967), И.Е.Гельбтің «Опыт изучения письма» (Gelb I.J. A 



study of writing: the foundations of grammatology, 1952) т.б. еңбектеріндегі 
ғылыми тұжырымдар басты назарда болады. 
Отандық 
зерттеуші 
ғалымдар: 
А.Байтұрсынұлы, 
Е.Омарұлы, 
X.Досмұхамедұлы, 
Қ. 
Кемеңгерұлы, 
Т.Шонанұлы, 
Қ.Жұбанов, 
С.Аманжолов, М. Балақаев, Р.Сыздықова, Ә.Жүнісбек, Ө.Әбдиманұлы, 
А.Ісімақова, М.Жүсіпұлы, Н.Уәлиев, А.Салқынбай, 
О.Жұбаева, 
С. Иманқұлова, Қ.Күдеринованың еңбектеріндегі грамматологияға қатысты 
ғылыми тұжырымдар мен пікірлер негізге алынады. 
Зерттеу әдістері: 
Талдау, жинақтау, сипаттау, когнитивтік, салыстыру 
және түсіндірмелі әдістер. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. 
Диссертацияның жаңа пайымдаулары 
төмендегідей нәтижелерден байқалады: 
-
Қазақ тіл білімінде грамматология ғылымының негізін қалаған және 
қалыптастырған А.Байтұрсынұлы деп танылады; 
-
А. Байтұрсынұлы еңбектерінде алғаш рет грамматологияның негізгі 
метатілі жасалды және сараланды, дыбыс мен әріп, графема мен фонема, әр 
әріптің жазылу емлелері туралы тұңғыш ғылыми тұжырымдар жасалды; 
-А.Байтұрсынұлы ұсынған араб әріптері негізінде жасалған төте жазу – 
қазақ тілінің төл табиғатына жақын жазу ретінде танылады. Бұл жазудың 
негізгі ғылыми теориясын «Әліпбиінде» келтіру арқылы ғалым тіліміздегі 
жазудың дыбыстық жазу болатыны туралы тұжырымын дәлелдеді; 
-А.Байтұрсынұлы түзген емле тәртібі – қазақ грамматологиясы 
тарихындағы тұңғыш төл емле саналады. 
-А.Байтұрсынұлының зерттеулерінде орфография мен орфоэпияның 
ерекшеліктері санамаланып, жазылу мен айтылудың басты ерекшеліктері 
тұңғыш рет қағида ретінде ұсынылды. 
-
төл дыбыстардың жіктелімін ғылыми-теориялық және практикалық 
тұрғыдан дұрыс көрсетіп, олардың арасындағы үндестік пен гармонияны, 
дыбыстардың бір-біріне ықпалдасуын ғылыми талдады; 
-А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің грамматологиясы бойынша негізгі 
теориялық тұғыр қалыптастырушы көшбасшы екені дәлелденді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет