6
study of writing: the foundations of grammatology, 1952) т.б. еңбектеріндегі
ғылыми тұжырымдар басты назарда болады.
Отандық
зерттеуші
ғалымдар:
А.Байтұрсынұлы,
Е.Омарұлы,
X.Досмұхамедұлы,
Қ.
Кемеңгерұлы,
Т.Шонанұлы,
Қ.Жұбанов,
С.Аманжолов, М. Балақаев, Р.Сыздықова, Ә.Жүнісбек, Ө.Әбдиманұлы,
А.Ісімақова, М.Жүсіпұлы, Н.Уәлиев, А.Салқынбай,
О.Жұбаева,
С. Иманқұлова, Қ.Күдеринованың еңбектеріндегі грамматологияға қатысты
ғылыми тұжырымдар мен пікірлер негізге алынады.
Зерттеу әдістері:
Талдау, жинақтау, сипаттау, когнитивтік, салыстыру
және түсіндірмелі әдістер.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Диссертацияның жаңа пайымдаулары
төмендегідей нәтижелерден байқалады:
-
Қазақ тіл білімінде грамматология ғылымының негізін қалаған және
қалыптастырған А.Байтұрсынұлы деп танылады;
-
А. Байтұрсынұлы еңбектерінде алғаш рет грамматологияның негізгі
метатілі жасалды және сараланды, дыбыс мен әріп, графема мен фонема, әр
әріптің жазылу емлелері туралы тұңғыш ғылыми тұжырымдар жасалды;
-А.Байтұрсынұлы ұсынған араб әріптері негізінде жасалған төте жазу –
қазақ тілінің төл табиғатына жақын жазу ретінде танылады. Бұл жазудың
негізгі ғылыми теориясын «Әліпбиінде» келтіру арқылы ғалым тіліміздегі
жазудың дыбыстық жазу болатыны туралы тұжырымын дәлелдеді;
-А.Байтұрсынұлы түзген емле тәртібі – қазақ грамматологиясы
тарихындағы тұңғыш төл емле саналады.
-А.Байтұрсынұлының зерттеулерінде орфография мен орфоэпияның
ерекшеліктері санамаланып, жазылу мен айтылудың басты ерекшеліктері
тұңғыш рет қағида ретінде ұсынылды.
-
төл дыбыстардың жіктелімін ғылыми-теориялық және практикалық
тұрғыдан дұрыс көрсетіп, олардың арасындағы үндестік пен гармонияны,
дыбыстардың бір-біріне ықпалдасуын ғылыми талдады;
-А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің грамматологиясы бойынша негізгі
теориялық тұғыр қалыптастырушы көшбасшы екені дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: