126
А.Байтұрсынұлының оқу құралындағы «Сөз жазуының жалпы
ережесіне» тоқталғым келеді [1,154-155].
1.
һәр түбір сөз һәм туынды сөз жұрнақтарымен, жалғауларымен бірге,
тұтас жазылады, бірақ үзетін харіфтер келген жерде үзіледі (үзетін харіфтер:
а, д, з, р, о, ұ, е).
2.
Қос сөздердің арасы сызықша (–)-мен айырылып жазылады (аяқ-
табақ, киім-кешек).
3.
Қосалқы сөз бөлек жазылады.
4.
Жұрнақтар барша сөзге қосылып жазылады. Жұрнақ ішіндегі дүдәмал
естілетін дыбыстар естілген қалыпша жазылады.
5.
Жалғаулар. Түбір сөзге де, туынды сөзге де қосылып жазылады.
Жалғауда «т» мен «д» дыбыстары дүдәмал болса, «т»
жазылмай, «д»
жазылады.
Жұрнақтар түбір сөздің, жалғаулар түбір һәм туынды сөздің аяқ
дыбысының түріне қарай өзгеріліңкіреп жалғасады [1,155].
А. Байтұрсынұлы: «Жазу –әріптердің сүгіретін сала тізу; оқу –әріптердің
дыбыстарын айта тізу» дейді. Қазақ тілінде көпше жалғау немесе басқа
жалғау қосылғанда, тек жалғау қосылғаны болмаса, сөздің басқа тұлғасы мен
тұрпаты өзгермейді. А. Байтұрсынұлы француз, қазақ, қырғыз, орыс, қытай,
ағылшын тілдеріне мысалдар келтіре отырып, жан-жақты салыстырмалы
тұрғыдан дәйектемелер келтіреді. Мысалы: қазақ және қырғыз тілдерінде
«сақал» деп жазып, «сақал»
деп оқимыз; «тырма» деп жазып, «тырма» деп
оқимыз. Қазақ тілі мен қырғыз тілінің емлесі дыбысша емле [1].
Орыс тілінде А.Байтұрсынұлы мысалдар бере отырып, тілінің шартына
қарай дыбысына сәйкестеп әріп арнауға болмағандықтан, сөзінің жазылуы
мен айтылуы бөлектенген жұрттың мысалы орыс тілі екенін айтады. Орыс
тіліндегі дыбыстарға сәйкестеп әріптер белгілеу мүмкін емес: «сақал»
орысша «барада» (борода), «тырма» деген секілді мысалдар береді. Француз
тілінде де мысалдар келтіреді, «бе ау» (beau)
деп жазады, оны «бо» деп
оқиды, «орейлле» (oreille) деп жазады, «орей» деп оқиды. Француз жазуының
ережесі бойынша 26 әріптің 100 шақты ережесі бар дей отырып, кей әріптер
тұрған орнына қарай жазылғанмен, тіпті оқылмай да қалатындығын айтады.
Ал, кей әріптер басқа дыбыстармен қатар келген жерде тіпті дыбысынан
айрылып қалатындығын айтады [1].
А.Байтұрсынұлы тілдердің басым көбін салыстыра келіп, ағылшын,
америка, француз жазуларының жүйесі әріпті болғанмен, мағынасы таңба
жүйелі жазуға жақын екендігін айтады. Сауаттылық негізі жазу ма, оқу ма
деген
сауал бере отырып, сауаттылық негізі жазу дейді. Жаза білу үшін
тілдегі дыбыстарды тани білу керек дейді. Ол дыбыстарға арналған әріптерін
тани білу керек дейді. Жалпы алғанда, А. Байтұрсынұлы әдістің екі түріне
айрықша тоқталады: тұтас сөзді әдіспен үйрету жолы мен дыбысты әдіспен
үйрету жолы. А.Байтұрсынұлының әліпбиде дыбыстарды үйретуде дыбысты
әдіспен үйрету жолын қолданған, себебі үйренуші бұл тәсіл арқылы жылдам
үйренетіндігін айтады.
127
А.Байтұрсынұлы дыбыстар мен әріптер арасында сәйкестік күшті
болғандықтан, сөзінің жазылуы мен айтылуының арасында да сәйкестігі
күшті деп мысал ретінде қазақ тілі мен қырғыз тілін келтіреді. Қазақ тілі мен
қырғыз тілінде дыбыс басына арналып әріп алынған дейді, әріп таңылған
дыбыстан қайда тұрса да айрылмайтындығын айтады. Сөздері жазылғанда
көбінесе-ақ сөзінің ішінде естілетін дыбысына қарай жазылады дейді. Орыс
тілі мен қазақ тіліндегі дыбыстар қолданысын қарастыра келіп, орыс тілінде
бір
сөз дыбысына қарай жазылып, он сөз дыбысына қарамай жазылатын
болса, қазақ тілінде он сөз дыбысына қарай жазылып, бір сөз ғана дыбысына
қарамай жазылады.
Әдетте, түбір деп сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін бөлшегі
айтылады. Мысалы: басқарма деген сөзбен қатар басқар, басқару,
басқарушы, бастық, басшы деген сөздер бар. Бұлар өзара түбірлес сөздер.
Мұндағы түбір тек бас деген сөз. Өйткені бұл сөз біріншіден мағына
жағынан сол айтылған сөздердің бәрінің түпкі төркінін білдіріп тұр,
екіншіден ол сөзді одан да әрі қарай бөлшектеуге келмейді [56,190].
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінде түбір сөздер тіл үндестігі бойынша
жазылады делінген. Төл сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесіммен
жазылады: azamat, yntymaq, bosaǵa, turmys; ásem, memleket, izet, úmit, sóılem.
Ал кейбір кірме сөздерде тіл үндестігі сақталмай жазылады: quzіret, qudіret,
muǵalim, qyzmet, qoshemet, aqіret, qasıet, qadir, kitap, taýqіmet, qazіret.
Сөздердің, күрделі сөздер мен сөз тіркестері сыңарларының түбір тұлғасы
сақталып жазылады: qulyn (qulun емес), júzim (júzúm емес), kóılek (kóılók
емес), júrek (júrók емес), oryndyq (orunduq емес), kók oramal (kóg oramal емес),
aq ala (aǵ ala емес), aq aıý (aǵ aıý емес); bara almaımyn (baralmaımyn емес),
barsa ıgi edi (barsıgedi емес), baryp pa eken (baryppeken емес), kele jatyr (kelatyr
емес) [115,11-12].
Мұнда төл сөздер бірыңғай жуан не жіңішке үндесім бойынша
жазылады делінген. Демек, жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінде
А.Байтұрсынұлының
әліпбиіндегі
дыбыстардың
жуан,
жіңішке
сингармониясы сақталған. Сонымен қатар, жаңа әліпби негізіндегі қазақ
тілінде сөздердің, күрделі сөздер мен сөз тіркестері сыңарларының түбір
тұлғасы сақталып жазылады делінген, ал А.Байтұрсынұлының
әліпбиінде
берілген ережеде түбір сөз бастапқы мағынасындағы, бастапқы тұлғасындағы
сөз делінген.
«Қазіргі қазақ тілі» оқулығында қосымшаға байланысты арнайы тарау
берілген [56,205]. Онда қосымша деп сөздің түбіріне үстелетін
морфологиялық қосымша бөлшектерді айтамыз делінген. Түбірге үстелетін
ондай морфологиялық бөлшектердің дара тұрғанда өздеріне тән жеке
мағынасы болмайды.
Қосымшалардың көпшілігі дыбыстық жағынан өзгергіш, түрленгіш
келеді, демек, қосылатын сөздердегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың
әуеніне қарай үйлесіп, үндесіп отырады. Осы ерекшеліктеріне байланысты
олардың бірнеше түрлері болады. Мысалы: балалар, төбелер, қыздар, біздер,