Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет48/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

Кесте 27. 
Латын негізді қазақ әліпбиіндегі 32 дыбыс 


119 
Келесі кестеде салыстырмалы түрде А. Байтұрсынұлы әліпбиі мен латын 
алфавитіне негізделген қазақ әліпбиіне талдау берілген. Қазіргі латын 
алфавиті негізіндегі қазақ әліпбиіндегі дауысты дыбыстарды таңбалайтын 
әріптер: a, á, о, о́, у, і, u, ú, е [115,9]. Қазіргі латын алфавиті негізіндегі қазақ 
әліпбиіндегі дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер: b, d, f, g, ǵ, h, ι, j, k, 
l, m, n, ń, р, q, r, s, t, v, ý, z, sh, ch [115,10]. 
Кесте 28. 
Латын алфавиті негізіндегі қазақ әліпбиі мен А. Байтұрсынұлы 
әліпбиіне салыстырмалы талдау 
Латын 
негізді 
әліпби 
Кирил 
негізді 
әліпби 
Әріп атауы 
А.Байтұрсынұлы 
әліпбиі 
Әріп атауы 
А а 
А а 
[а] 
ا 
А а 
Á á 
Ә ә 
[ә] 

ا
Ә ә 
B b 
Б б 
[бы] 
ب 
Б б 
D d 
Д д 
[ды] 
د 
Д д 
E e 
Е е 
[е] 
ڍ, ہ 
Е е 
F f 
Ф ф 
[фы] 


G g 
Г г 
[гі] 
گ 
Г г 
Ǵǵ 
Ғ ғ 
[ғы] 
ع 
Ғ ғ 
H h 
Х, һ 
[хы] 


I i 
І і 
[і] 
ﻯ 
І і 
I ı 
и, й 
[іи] 
ي 
Й и 
J j 
Ж ж 
[жы] 
ج 
Ж ж 
K k 
К к 
[кі] 
ڬ 
К к 
L l 
Л л 
[ыл] 
ڶ 
Л л 
M m 
М м 
[мы] 
م 
М м 
N n 
Н н 
[ны] 
ن 
Н н 
Ń ń 
Ң ң 
[ың] 
ڭ 
Ң ң 
O o 
О о 
[о] 
ﻭ 
О о 
О́ о́ 
Ө ө 
[ө] 
ﻭ̛ 
Ө ө 
P p 
П п 
[пы] 
پ 
П п 
Q q 
Қ қ 
[қы] 
ق 
Қ қ 
R r 
Р р 
[ыр] 
ر 
Р р 
S s 
С с 
[сы] 
س 
С с 
T t 
Т т 
[ты] 
ت 
Т т 
U u 
Ұ ұ 
[ұ] 
ؤ 
Ұ ұ 
Ú ú 
Ү ү 
[ү] 
ٷ 
Ү ү 
V v 
В в 
[вы] 


Y y 
Ы ы 
[ы] 
ی 
Ы ы 
Ý ý 
У у 
[ұу] 
ۋ 
У у 
Z z 
З з 
[зы] 
ز 
З з 
Sh sh 
Ш ш 
[шы] 
چ 
Ш ш 


120 
Ch ch 
Ч ч 
[чы] 


Қазақ жазуы мен әліпбиге байланысты проф. Ә.Жүнісбек «Әліпби 
мәселесі» атты баяндамасында: «Бүгінгі қазақ жазуына, тек әліпби ауыстыру 
ғана емес, түбегейлі реформа керек екендігін айтады. Реформа бір ғана 
әліпби ауыстырумен тынбайды. Реформа үш мәселені – дыбыс, әліпби және 
еміле-ереже – бірдей қамтиды: дыбыс – өзге тілдерден бөлектеп тұратын 
тілдің тұрпат-тұрқы; әліпби сол дыбыстың қауызы, басқаша айтқанда, 
қорғаны мен оққағары; еміле-ереже –дыбыстардың басын біріктіріп, сөз 
құрап тұратын дәнекері. Осы үш мәселе бір-бірімен байланысты және қатар 
шешілмей төл жазу қалыптаспайды. Ал, әліпби ауыстыру қазақ жазуына 
реформа жасаудың алғышарты және ең төте жолы болып табылады. Егер 
латын таңбаларын баптап қабылдай алсақ, онда көптеген тіл бұзар әріптер 
мен еміле-ережелер өзінен-өзі түсіп қалады»,-дейді [117]. 
А. Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» оқу құралында «У» әрпіне 
байланысты 24 мысал берілген [1,40]. 
Мұнда дыбыстар қалай естіледі, солай берілген. Уақ емес, ұуақ. Уыз 
емес, ұуыз. Уыс емес, ұуыс деген секілді мысалдар осының айғағы. 
Ал, латын негізді әліпбиде бұл дыбыстар келесідей берілген. 
Айтылудағы uý (ұу), úý (үу) дыбыс тіркестері cөздің барлық буынында ý 
әрпімен жазылады: ýyldyryq, ýyz, ýildeý; týys, qýyrshaq, gýil, tintýir; oqý, sý, 
jazý, kelý, barý [115,11]. Қазіргі латын негізді әліпбидегі әріптер үстінде 
орналасқан акут таңбасы қажет па деген сауал туындайды. Бізше, акут 
таңбасы қажет емес. Себебі, акут таңбасын қою нәтижесінде үйрету 
барысында қиындық туындайды. Жазу процесінде де қолайсыздық 
туындатады. Жадыда сақтау процесінде де көп уақыт алады. Сонымен, А. 
Байтұрсынұлы қазақ емлесінің, қазақ тіл білімінің, қазақ когнитологиясы мен 
фонологиясының негізін қалаушы. Төл дыбыстардың таңбалануы 


121 
А.Байтұрсынұлы әліпбиінен бастау алады. А. Байтұрсынұлы алғаш рет 
дыбыстар таңбасын жасады. 
А. Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» оқу құралында «Й» әрпіне 
байланысты 24 мысал берілген [1,39]. Мұнда аю дегенді айу, боя дегенді 
бойа, баю дегенді байу деп берген. Демек, жаңа әліпби негізіндегі қазақ 
тілінде берілген дыбыстық ережелердің басым көпшілігі А.Байтұрсынұлы 
әліпбиінде берілген ережеге негізделгендігін байқауға болады. Жаңа әліпби 
негізіндегі қазақ тілінде «ю» әрпі «ıý» әріп тіркесі түрінде жазылады: aıý, 
baıý, oıý, jaıý, súıý. Бұл жерде айтқымыз келген нәрсе қазіргі латын негізді 
әліпбиде «ю» әрпін беруде А.Байтұрсынұлының ауызекі тіл мен жазба тіл 
арасындағы ерекшеліктің сақталуында болып отыр. Жаңа әліпби негізіндегі 
қазақ тілінде я әрпі ıa әріп тіркесімен жазылады: qoıan, ıaǵnı, saıa делінген. 
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінде «ш» дыбысы «sh» болып берілген. 
Ал, А.Байтұрсынұлы әліпбиінде «ш» дыбысы бір ғана дыбыспен берілген. 
Демек, үйренушіге дыбысты жаттау барысында қиындық туындамайды. 


122 
Сонымен қатар, s, z, j дыбыстарына аяқталатын сөздерге s, sh 
дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбір сақталып 
жазылады: basshy (bashshy емес), qussha (qushsha емес), tuzsyz (tussyz емес), 
sózsiz (sóssiz емес), aýyzsha (aýyshsha емес), tájsiz (táshsiz емес) [115,13]. 
Қазіргі кезде берілген жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінде «ш» дыбысы 
«sh» болып, қосар дыбыспен таңбаланып отыр. Демек, латын әрпіне 
негізделген қазақ тілінде дыбыстарды таңбалауға байланысты қиындықтар 
бар екендігін айтқымыз келеді. Оның бірі дыбыстарды таңбалаудағы қосар 
таңбалар болса, екіншісі акут таңбасы. Екі таңба да дыбыстарды 
бейнелеудегі өз міндетін үйренушіге дұрыс жеткізе алмайтындығын 
айтқымыз келеді. 


123 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет