Сайыстың тақырыбы:Білім-сарқылмас бұлақ,өнер-өмірлік мұрат
Сайыстың мақсаты: оқушылардың бойына сүйіспеншілікті,жылылықты ұялату,ата-анасын құрмет тұтып,адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу;
Сайыстың жүрісі:
Атам қазақ сонау заманнан бері ақылды бала өсіріп,дұрыс тәрбие беруге көп көңіл бөлген. «Балаңды өз тәрбиеңмен емес,өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»деген.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса,баланың бас ұстазы-ата-анасы. «Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер»дегендей,баланың бағын ашуда бастапқы баспалдақта ата-ананың тәрбиесі ерекше орын алады.Балаңыз өзіңізге ұқсап,әрбір іс-әрекетінен үлкенге құрмет,кішіге ізет байқалып тұрсын деп тәлейік!Ата-ананың тәрбиедегі бағыттарын,жақсы ниет,бастамаларын отбасы мен мектептегі байланыс жалғастырып,одан әрі дамытып жатса,нұр үстіне нұр емес пе?
Құрметті ата-аналар,бала бойына сүйіспеншілікті,жылылықты ұялату,адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу-біздің басты мақсатымыз.ендеше ,
Білгенге білім-байлық,бағасы артық
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай
Үйренсең өнер-білім өшпес мұра
Таусылмас тау кенінің бағасындай,-деп «Білім-сарқылмас бұлақ,өнер-өмірлік мұрат» атты сайысымызды бастаймыз!
Бүгінгі сайыстың мақсаты -оқушылардың білімін,ой ұшқырлығын,жылдамдығын,тапқырлығын,шешендігін,икемділігін байқау.
Әділқазылармен таныстырайын Төлепова.А
Сымбат
Таласбаева Фариза
1.Топты таныстыру,ұраны,әні
2. «Тәрбие тал бесіктен» үйтапсырмасы
3. «Көңілді әзіл»бөлімі
4. «Білімді мыңды жығар»деп аталады,бұл сайыста оқушылар қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілдерінен,математикадан берілген сұрақтарға жауап береді.
Тіл деп біл өз тіліңді ғалам сүйген,
Өйткені атаң менен анаң сүйген.
Ал мұны біліп қана қойсаң күнә,
Мұрат ет жалғастырып балаң сүйген,-деп қазақ тілінен берілген тапсырмаларға жауап беріңіздер.
1-топ:бағасыз,апар,әдептілік,жиырма бестей
2-топ:шипалы,білезік,тоқсан,белгіледі
3-топ:қара көк,аяқ-табақ,алтау,шуламайды
«Үш тұғырлы тіл»-біздің ұранымыз,
Сәуле апайдан көп сұрарымыз
Орыс тілін меңгеріп тиянақты
Қатесіз берейікші біз жауапты.
Оқушылар,қазақша берілген мәтінді орыс тіліне аударады.
Үш тұғырлы тілдің бірі-ағылшын
Арамыздан тілші ұлдар табылсын
Шетел тілін меңгерсек тереңірек
Жемісін болашақта біз көрер ек,-деп енді сіздерге ағылшын тілінде мәтін берілген.Сол мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
Төрт амалды қолданған,
Төресі ол ғылымның
Математика деп ұғам
Қиынның нағыз қиыны,-деп математика пәні бойынша логикалық сұрақтарға жауап берсеңіздер.
1.Бөлменің 4бұрышында бір-бір мысықтан отыр.Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр.Барлығы бөлмеде неше мысық отыр?(4)
2.1т мақта ауыр ма,10ц темір ауыр ма?(тең)
3.Алты аяқ,екі арқа,бір бас.Бұл не?
4.Төрт қайың өсіп тұр.Әрбір қайыңда төрт-төрттен үлкен бұтақ бар.Әр бұтақта төрт-төрттен алма бар.Барлық алма саны қанша?
5.Бес бірлікті пайдаланып 100санын жаз.
6.қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?(құс жолымен)
7.Ағаш үстінде 100торғай отырады.Аңшы 10торғайды атып алады.торғаүйдың қаншасы қалады?(10торғай)
8.үстел үстінде үш стакан шие тұр.Марат 1стакан шиені жеп қойды.Неше стакан қалды?(3стакан)
9.Тауық бір аяғымен тұрғанда 4кг,ал екі аяғымен тұрғанда неше кг?(4кг)
Жан ана жарық күн жанарың,
Бір сенде кеңдігі даланың.
Балаңды құшақтап сүйгенде
Сеземін көктемнің самалын.
Әлемге тыныштық тілеген
Жан ана жаныңа гүл егем
Балалық жүрекпен айтылған
Махаббат белгісі бұл өлең.
Құрметті ата-аналар, ендігі бөліміміз жүректен жүрекке деп аталады,балаларыңыздың ақ жүреғінен шыққан ыстық лебізін қабыл алыңыздар.Берілген әріпті падаланып анаңызға жақсы лебізіңді арнаңыз.
Ата-аналар,сіздер де балаларыңызды еркелетіп, жылы сөздеріңізді арнасаңыздар.
Ата салтым-асыл мұрам,ардағым
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім
Өткенімді бүгінменен жалғадым,-деп салт-дәстүр,әдет-ғұрыпқа байланысты сұрақтар беріледі.
Базарлық-алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.
Байғазы-балалардың,жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай,заттай сыйы.
Сүйінші-шын қуаныштың белгісі.
Үш байлық:денсаулық,ақ жаулық,он саулық
Бес дұшпан:өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ
Бес асыл іс:талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым.
Оқимыз жақсы сабақты
Пісіреміз дәмді тамақты
Тәлім берген біздерге,
Рахмет үлкен сіздерге,-деп біздің аспаздардың да өнерін тамашалаңыздар.Сіздерге жеміс-жидектерді ұсынамыз.ол жеміс-жидектерді сіздерге
Аслан,Руслан,Бекарыс атты ұлдарыңыз арнайы әзірлеп ұсынады.
Оқушылар дайын болғанша мәнерлеп оқу сайысын тамашалаңыздар.
Екпін Гүлназ «Туған жер»
Жүсіп Ақерке «Қазақ тілі»
Сираж Айбек «Мен қазақ»
Ендігі сөзді әділқазыдар алқасына береміз.
Құрметті ата-аналар,бүгін сіздер балаларыңыздың білімін,өнерін көріп тамашаладыздар.Бүгінгі сайысымыздың негізгі мақсаты:әдептілікке ,үлкенді,ата-ананы сыйлауға үйрету,мейірімді ,тіл алғыш елгезек болуға ,халқының салты мен дәстүрін қадірлеуге,білімді болуға,өз ұлтының нағыз патриоты болуға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |