Сакен Сейфуллин


Еңбек Қызыл Ту ордені (1936). Марапаттаулары Еңбек Қызыл Ту ордені (1936)



бет2/3
Дата13.09.2020
өлшемі1,51 Mb.
#78460
түріӨмірбаяны
1   2   3
Байланысты:
Saken Seifullin Yznaika.com
Saken Seifullin Yznaika.com

Еңбек Қызыл Ту ордені (1936).


Марапаттаулары

Еңбек Қызыл Ту ордені (1936).


Шығармашылығы

С.Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау» (1934), «Қызыл ат» (1934), дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30-жылдардың бас кезінде Казақстанның ауыл шаруашылығында орын алған асыра сілтеу оқиғалары сыналады. «Ақсақ киік» (1924), «Аққудың айрылуы» (1925) шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның ішкі сезім күйлерін суреттейді. С.Сейфуллин проза, драмматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті.



Шығармашылығы

«Жұбату» (1917) әңгімесі – Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер» (1935), «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зертгеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары» (1931), «Батырлар» (1933), «Ақан сері-Ақтоқты», «Ләйлі-Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» (1932) кітабы – осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі.

Абай және Сәкен

20 ғасырдағы қазақ әдебиеті, әсіресе қазақ поэзиясы Абайдың ақыңдық мектебінің әсер-ықпалымен өркендеді. Сәкен Абайды айрықша ұнатқандардың да, мейлінше жек көргендердің де қатарында болған емес. Идеология ыңғайымен үстем таптан шыққанын анда-санда ескертіп қойғаны болмаса, айрықша белсенділікке салынған жоқ. Сақтана пікір айтты. Омбыда оқып жүрген шәкірттік дәуірінде Абай рухына сиынып, аңқылдаған ақ көңілін жайып салған өлеңі бар: «Сөзіңнің қарап тұрсам мағынасы мол, Бастаушы адасқанға болғандай жол, Өзге сөздің патшасы - сенің сөзің, Я бар бол бұл дүниеде, яки жоқ бол...» - деп Абайдың құдіретті сезін ардақ тұтты.



Абай және Сәкен

«Сөзіңді үлгі қылды білген адам, Түсінбес оқыса да бітеу надан, Наданға құр қу ағаш құрған тезің, Көткеншек алға қарай баспас қадам...»- деген әлеуметтік ойларды ұлы ақыннан алғаны сөзсіз. Оның қаншалықты мәні барын «Бірлік» қоғамына басшылық жасап жүргенде өзі мықтап түсінді. Сондықтан «Кім басшы - аға халыққа», «Қазақ сабағы», «Надан бай», «Оқымаған қазақ» деген өлеңдерін жазып, ел қамын ойлау адастырмас арман жолы екенін ұқты. Сол тұста жас ақынды қолтығынан демеп, алға бастырып жіберген Абайдың азаматтық әуені болатын, «Сөз патшасынан» қоғамдық мән-мағына тауып, өз пікірін сабақтауға бел буды.



Абай және Сәкен

«Сөзіңнің жылдан-жылға қадірі артты, Оқуға құмар қылды талай жасты, Құмар болған кеудесі - сәулелі ар, Айтпаймын ауылдағы шыбай масты...» - деуінің сыры да түсінікті. «Сәулелі ары» барлар ғана Абайға серік болмақ.



«Саналы көзі ашыққа сөзің алтын, Санасызға - жел сөз - соққан салқын, Ойында санасыздың еш нәрсе жоқ, Ілгері бассын деген қазақ халқын...» - деген қомақты пікірді түйіндегенде Сәкеннің Абайды қалай түсінгені өзінен-өзі айқындала бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет