Сакенова Р. Е., Батырбай Ә. Т., Жапарова М. С., Ботабаева Г. Б., Сакпанов Е. М



Pdf көрінісі
бет2/68
Дата19.06.2023
өлшемі2,44 Mb.
#178977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
2914351229724 Сакенова, Батырбай К ПЕЧАТИ
мәдениеттану 30 вопросов ) (копия), мәдениеттану 30 вопросов ) (копия), ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис, ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис, ЛЕК Білім беру менеджменті, testi-kl-inform, нед 5,6 лекц ССРЯ КРиЛ, жылдық тәрбие жоспары Кобенгалиева Р, 7 сынып 2 зертхана
ISBN 978-601-314-090-2 
© ЖШС «АРГО ШҚПК», 2016 
© Сакенова Р.Е., Батырбай Ә.Т., Жапарова М.С.,
Ботабаева Г.Б., Сакпанов Е.М., 2016



Кіріспе 
 
Физикадан есептер шығару оқушылардың алған білімін бекітуге, ойлауын 
дамытуға, физикаға қызығуын артыруаға, проблемалық оқытуға жағдай 
жасауға қолданылуын түсіндіру және физикадан есептердің классификациясын 
беруге мүмкіндік береді.
Физика пәнінен есеп шығару – оқу үрдісінен бӛліп алуға болмайтын бір 
бӛлігі болып табылады, себебі ол физикалық ұғымдарды қалыптастыруға, 
оқушылардың физикалық құбылыстарды оқып–үйренуіне, ойлау қабілетін 
дамытуға, білімдерін нақтылауға, оны практикада қолдана білуге үйретуде 
маңызы зор. 
Есептер шығару физикалық заңдарды оқып- үйренуде, тереңірек және 
нақты білім алуға, алған білімдерін берік меңгеруге, логикалық ойлау 
қабілетінің дамуына, белсенді болуына, физика пәніне деген қызығушылығын 
арттыруға, алға қойған мақсатқа жетуде табаңдылыққа, ӛзіндік жұмыс істеу, ӛз 
бетімен білім алу дағдысына ие болуға кӛмектеседі. Есептер шығаруды мына 
жағдайларда қолданады: 
а) проблемалық ситуация туғызуда;
ә) жаңа мәлімет беруде; 
б) практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруда; 
в) білімін(нақтылығын және тереңдігін) тексеруге; 
г) бекітуге, материалды қайталауға; 
д) техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін түіндіруде; 
е) оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіруде. 
Физика есептерінің оқу үрдісін ұйымдастыруда алатын орны ерекше. 
Оқушыларға есептерді шыгартып үйретудің мынандай тәсілдерін беруге 
болады. 
Оқытушы есепті оқып, талдау жасап, әр түрлі сұрақтар беру арқьшы 
сыныпты есеп шығаруга жұмылдыра отырып, тақтаға есепті ӛзі жазып, 



берілгенін жазып кӛрсетеді. Мұндай тәсіл жаңа сабақты түсіндіріп болғаннаи 
кейін қолданылады. Оқытушы орташа қиындықтағы есепті таңдап алғаны 
дұрыс. 
Есепке талдау жасап талқылау мұғалімнің басшылығымен бүкіл сынып 
болып талқыланып, одан кейін бір оқушыны тақтаға Ішығарьп, қалғандары 
орындарында шығару. Мұнда тақтаға орташа оқитын оқушыны шығарғаны 
дұрыс. Себебі жақсы оқитын оқушы есепті тез шығарады да, қалғандары оғанг 
ілесе алмайды, ал нашары тіптен шығара алмайды. 
Оқытушы қандай есепті шығару керектігін айтады, оқушылар оны ӛзінше 
орындайды. Мұнда мұғалімнің әр есептің түріне қарай кететін қателерге кеңес 
беріп отырғаны жӛн. Мұнда оқушыларға әр деңгейдегі есеп карочкаларын 
жасап, ӛздік жұмысты сол арқылы орындаса да болады. 
Бұл үш тәсілден басқа есепті шығаруды сыныптан тыс уақытта физикаға 
қызығатын оқушылардың есеп шығару үйірмесін ұйымдастыру арқылы 
шығаруға болады. Есептердің осы түрдегі классификациясының ӛзі шартгы 
түрде, кейде бірдей есептер классификациялау тәсіліне қарай түрлі топтарға 
жатқызылуы мүмкін. Мазмұнына қарай физикада есептерді механика
молекулалық физика, электрдинамика т.б. больп бӛлінеді. Олар мәтінмен, 
суретпен, графикпен және сапалық-сұрақ есептермен берілген. Бұл есептер 
физиканы оқыту әдістемесіндегі қолданылуына, қиындық деңгейіне қарай 
бӛлінеді. Олар жеңіл (жаттығу), орташа және қиын, шығармашылық болып 
бӛлінеді, Жеңіл есептер немесе жаттығу есептері деп бір немесе екі формула 
қолданып шығаратын, жеңіл тәжірибе жасау арқылы шығарылатын есептерді 
айтады. Бұл есептерді материалды бекіту үшін қолданады. 
Физика есептерін шығаруда логикалық ойлауға байланысты –
 
талдау
 
және іріктеу әдісі қолданылады. 
Одан кейін іріктеудің кӛмегімен, пайымдауда кері қарай жүргізіп, белгілі 
шамаларды пайдалана отырып және қажетгі қатынастарды іріктеп ала отырып, 
бірқатар есептеу амалдарын қолданып, нәтижесінде белгісізді табады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет