14
Дененiң қозғалыс жылдамдығының бағыты мен шамасын сақтау
құбылысын –
инерция
деп атайды, ал
денелердiң бұл қасиетiн
инерттiлiк
дейдi.
Денелердiң инерттiлiгiнiң сандық мӛлшерi ретiнде физикалық скаляр
шама
масса енгiзiлген
.
Ньютонның 1-шi заңы орындалатын санақ жүйесiн
инерциялық санақ
жүйесi
деп атайды. (и.с.ж.)
Мысалы инерциялық санақ жүйесiне - гелиоцентрлiк санақ жүйесi
жатады.
Кез-келген үдеумен қозғалатын санақ жүйесi инерциялық санақ жүйесi
болып табылмайды.
Күш.
Денелердiң ӛзара әсерлесуiнiң сандық сипаттамасы ретiнде
физикалық
векторлық
шама -
күш
енгiзiлген. Ӛлшем бірлігі
,
Денелер ӛзара әсерлескенде келесi құбылыстар байқалады:
1. Дене үдеу алады.
2. Денелер деформацияланады.
15
3. Жоғарыдағы екi құбылыс бiр мезгiлде жүредi.
Денеге бiрнеше күштер әсер еткен жағдайда денеге әсер ететiн тең әсерлi
күш - жеке күштердiң векторлық қосындысына тең.
.
Мысалы, суреттегi F күшi шаңғышыға әсер ететiн ауырлық күшi мен
нормаль қысым күштерiнiң векторлық қосындысы- тең әсерлi күшi
болып
табылады. Бойымен күш әсер ететiн түзудi – күштiң әсер ету сызығы деп
атайды.
Достарыңызбен бөлісу: