6
құрылыстар салу, бір жағынан, механикалық құбылыстар туралы білім
қорын
жинақтауға себін тигізсе, екінші жағынан жаңа білімді қажет етті.
Міне, осы жаңа практикалық қажеттілікке жауап ертінде жаңа білім –
механика дүниеге келді.
Қарапайым машиналардың құрылысы мен қасиеттерін баяндайтын
механика туралы жазылған алғашқы шығармалар – трактаттар Ежелгі
Грекия ғалымдарына тиесілі. Олардың қатарында Аристотельдің (б.э.д. ІҮ
ғасырда) «Физика» деп аталатын еңбегі жатады, мұнда алғаш рет ғылымға
«механика» термині енгізілді. Аристотель бұл еңбегінде механикалық
құбылыстар жӛніндегі ӛзіне дейінгі ғалымдардың еңбектерін бір жүйеге
келтірді.
Б.э.д. ІІІ ғасырда ежелгі грек
ғалымы Архимед механикалық
құбылыстарды талдау және сипаттау үшін алғаш рет математиканы
пайдаланды. Архимед рычагтың тепе-теңдігі мен денелердің жүзу заңдарын
тұжырымдады. Осы кезден бастап механика ғылым ретінде дами бастады.
Механиканың дамуындағы жаңа бір кезең Г.Галилейдің инерция
заңын тұжырымдап, дененің құлап түсуі және маятник тербелісінің
заңдарын тағайындаған еңбегімен тікелей байланысты.
Галилей және онымен замандас
ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ
ӛз зерттеулерінің нәтижелеріне сүйене отырып, ағылшын ғалымы
И.Ньютон денелердің механикалық қозғалысы мен ӛзара әсерлесуі
жайында классикалық механика деп аталатын біртұтас ілімді құрды.
Механика туралы ілім ең алдымен бізді қоршаған дүниені танып білу
үшін қажет, олай дейтініміз, кез келген
құбылыс қозғалыспен тікелей
байланысты. Шын мәнінде механика білімінсіз табиғатта болып жатқан
құбылыстарды ұғыну тіпті де мүмкін емес.
Кӛптеген техникалық обьектілердің (мейлі шаңсорғыш болсын,
немесе ғарышкеме болсын және т.с.с.) құрылысын және жұмыс
7
принциптерін түсіну үшін, оларды ойлап табу үшін, дұрыс және тиімді
пайдалану үшін механика білімі қажет.
Сонымен қатар, механика білімінің қажеттілігі сонда, ол
ғылым
ретінде физиканың басқа салаларынан және басқа ғылымдардан бұрын
пайда болды, оның құбылыстарды оқып-үйрену әдістері, негізгі ұғымдары
физиканың басқа салаларында және физикаға жақын ғылымдарда
(астрономия, электро – және радио – техника, космонавтикада және
басқаларда) пайдаланылады. Механика – физиканың және кӛптеген басқа
ғылымдардың іргетасы десек, артық айтқандық емес. Осы айтылғандардан
механика білімінің кез келген мамандық иесіне қажет екенін кӛреміз. [1]
Достарыңызбен бөлісу: