«Жамбыл орта мектебі»ММ
Баяндама
«Қазақ тілі пәнінен жаңартылған
білім беру бағдарламасы»
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің мұғалімі:
Сакупжанова Жанна Жумагуловна
«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу мәселесін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы оқушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.
Казақ тілін меңгеру арқылы қоғамдық өмірге араласуға қажетті жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын жағдаяттар жүйесі негізінде дамытады; олар қазақ тілінде түрлі өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас жасайды, өзара пікір алмасады, көзқарастарын білдіреді, өз ойын жүйелі де нақты жеткізеалады; қазақтілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады; түрлі мәтіндерді өздігінен түсініп оқиды; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары арқылы тың идеяларын өзгелермен еркін бөліседі
«Тыңдалым және айтылым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
болжау;
әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
мәтіннен ақпаратты анықтау;
негізгі ойды анықтау;
тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;
сөйлеу мәдениетін дамыту.
«Оқылым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
ақпаратты түсіну;
мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;
мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;
мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;
оқылым стратегияларын қолдану;
әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
«Жазылым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
жоспар құру;
әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;
жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
эссе жазу;
оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
мәтіндерді түзету және редакциялау.
«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
орфографиялық норма;
орфоэпиялық норма;
лексикалық норма;
грамматикалық норма;
пунктуациялық норма («Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы).
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінің мұғалімдері оқушыларды өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы тәрбиелейді және дамытады:
сенімді қатынас пен ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
әрбір оқушының жеке пікірін тыңдау және алынған білімдер мен түсініктерді қолдану мен оларды дамыту маңыздылығына мән беру;
іс-әрекеттердің белсенді түрлерін ұйымдастыру және тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта оқыту;
оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуін қажет ететін проблемалық жағдаяттар туындату және проблемаларды шешу стратегияларын модельдеу және көрсету;
«оқу үшін бағалауды» қолдану арқылы оқушылардың оқуына қолдау көрсету;
белсенді оқуға және зерттеу жобаларын орындауға негізделген оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерін қолдау;
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
өз ойын жеткізе білу және дәлелдер келтіре алу, мәселелерді анықтау үшін өз пікірлерін жеткізу, болжам құру және ұсыныс жасау қабілетін дамытуға ынталандыратын жағдайлар жасау;
оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, сараланған тапсырмалар әзірлеу;
жеке, жұптық, топтық және ұжымдық оқыту әдістері белсенді қолданылатын жалпы сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің (Роберт Юджин Глейзер енгізген ұғым, Glaser, R., 1963) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) мен жиынтық бағалаудан (ЖБ) тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |