УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР
|
УӘЖДІ ӨШІРЕТІН ФАКТОРЛАР
|
түрлі оқыту мен оқу әдістерін пайдаланатын белсенді мұғалім
|
негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция оқитын мұғалім
|
көп оқушыны қамтитын белсенді тапсырмалар
|
аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде қатыспайтын тапсырмалар
|
белгілі бір мағынасы бар және осының алдында өткен тақырыппен байланысты жаттығулар
|
күңгірт, түсініксіз және осының алдында өткен тақырыппен байланыспайтын жаттығулар
|
сабақтағы жаттығулардың күрделілігі тиісті деңгейде және барлық оқушылар орындай алатын етіп сараланған
|
сабақтағы жаттығулар сараланбаған және басында орындау тым қиын немесе жоғары қабілетті оқушылардың қабілеттері ескерілмейді
|
оқыту мен оқудың сан алуан әдістері қолданылады – сабақтың қандай болатынын күні бұрын болжау мүмкін емес
|
оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі қолданылады – сабақтың қандай болатынын күні бұрын болжап білуге болады
|
оқушыларға «ойлануға» уақыт бере отырып, сабақ қарқынын өзгерту
|
сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді
|
әр оқушыға жеке қолдау көрсету
|
оқушылар мұғалімнен көмек күтеді
|
көп мақтау және мұғалімнің дене қимылдарын, ымды тиімді қолдануы
|
мақтау айтылмайды және мұғалім дене қимылдарын, ым-ишараны тиімді қолданбайды
|
оқушылар сабақ мақсатын және олардан не күтілетінін біледі
|
оқушылар сабақ мақсатын және өздерінің нені үйренетінін білмейді
|