Салалық волонтерлік бойынша нұСҚаулық «Салалық волонтерлік бойынша нұсқаулық: birgemiz asyl mura»


САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет13/51
Дата21.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#175061
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Байланысты:
Волонтерлік

САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
ВОЛОНТЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ 
СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ
I КЕЗЕҢ. ДАЙЫНДЫҚ
Волонтерлерді қабылдау алдында, ұйымдар келесі сұрақтарға 
жауап беруі керек:
1. Сіздің ұйымыңыз қазір қандай бағдарламаларды іске асырады 
және жоспарлайды?
2. Сізге волонтерлер қандай жобалар үшін қажет?
3. Сіздің ұйымыңызда волонтерлер-дің жұмысы тұрақты бола ма 
немесе сіз оларды қысқа мерзімді жобалар үшін тартасыз ба?
4. Сіздің ұйымыңызда волонтерлердің жұмысын кім үйлестіреді?
5. Волонтерлердің жұмысын жоспарлауға кім тартылады?
6. Сізге нақты кім қажет? (жасы, мамандануы және т.б.) 
Волонтерлерге қойылатын талаптар қандай?
7. Волонтерлер сіздің ұйымыңызда жұмыс жасаудан не ұтады? 
Болашақта сіз оған не ұсына аласыз?
8. Сіз волонтерлерді қалай тартасыз және оларды қалай іріктейсіз?
9. Волонтерлердің қалып, өз міндеттерін орындауы үшін не істейсіз? 
10. Қандай да бір волонтердің қызметтерінен бас тартуға не себеп 
болуы мүмкін?
ҚАНДАЙ ВОЛОНТЕРЛЕР ҚАЖЕТ?
Дегенмен, волонтерлер жұмысының маңыздылығын мойындай отырып, оларды саналы, ойласты-
рып және ұйым қызметінің жоспарлары аясында тарту қажет екенін түсіну маңызды. Егер ұйым во-
лонтердің не үшін қажет екенін ғана емес, сонымен бірге волонтерге ол не үшін қажет екенін анық 
түсінсе, бұл мүмкін болады. 
Егер волонтерлерді ойсыз және қандай да бір жоспардан тыс жұмысқа тартса, қандай мәселелер 
туындайды?
• 
«Барлық тілек білдірушілерді» шақыру. Ұйым жастарды осы жағдайда талап етілетін бір жолғы акцияға 
қатысу үшін емес, өзінің жобалық қызметіне қатысуға шақырады. Шамамен 20 адам келіп, екі апта ішінде 
олар үшін көптеген қызықты жұмыстар бар. Акция өтті, ал жастар келуді жалғастыруда, бірақ ұйымның 
жоспарланған жұмыстары жоқ, волонтерлермен жұмыс істеуге жауапты арнайы тағайындалған адам 
жоқ. Нәтижесі - белгілі бір мерзім ішінде кеңсеге 5-тен 15-ке дейін жігіттер мен қыздар сықылықтап 
күліп отыру үшін келеді … Олар пайдалы бірдеңе жасауға риза болар еді, бірақ жұмыс жоқ және олар 
қызметкерлерге кедергі келтіретінін түсінеді. Біраз уақыттан кейін олардың барлығы кетеді, дегенмен 
3-4 адамға жұмыстың табылуы сөзсіз. Келесі акцияға олар, бәлкім, келмейді. Не болып қалды? Мұқият 
ойланбай жасалған, жастарды қандай мақсатта шақырғанын нақтылаусыз, «Біржолата» шақыру.
• 
Волонтерлерді тек қана техникалық жұмысқа тарту. «Мына қағаздарды алып, ана жерге апар. Мына 
қағаздарды ана папкаларға сал». Құлшыныс тез жоғалып кетеді, әсіресе, жастарға «осы қағаздарды 
салу» қаншалықты МАҢЫЗДЫ екенін ешкім түсіндірмесе.
• 
Волонтерлерді қызметкерлермен тең дәрежеде пайдалану әрекеті – жұмыс уақытын толық жүктеуді та
-
лап ететін талаптар, тапсырмалар беру. Волонтерде «неге мен ақылы қызметкерлермен бірдей жұмыс 
жасай отырып, оны тегін істеймін?» деген сұрақ туындайды.


15
BIRGEMIZ ASYL MURA 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет