Салалық волонтерлік бойынша нұСҚаулық «Салалық волонтерлік бойынша нұсқаулық: birgemiz asyl mura»



Pdf көрінісі
бет46/51
Дата21.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#175061
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Волонтерлік

2. 
«ҰВЖ» ЗТБ құқықтары:
2.1. Волонтердің ҰВЖ бағдарламаларын іске асыруға қатысу дәрежесі туралы шешім қабылдау.
2.2. Волонтермен бірлесіп іске асыру үшін бағдарламаларды таңдау туралы шешім қабылдау. 
2.3. Қызметкерлерге, серіктестерге, клиенттерге, мүлікке құрметпен қарауды талап ету.
2.4. Волонтермен қосымша келісім бойынша бағдарламаларды іске асыру кестесін өзгерту.
2.5. Волонтер міндеттемелерін орындамаған жағдайда, оның қызметінен бас тартып, бағдарламада өтемақы 
төлеу қарастырылса, оны төлемеу.


44
САЛАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
3. 
Волонтердің міндеттері:
3.1. ҰВЖ-ның идеялары мен миссиясына қосылу және оларды жүзеге асыруға жәрдемдесу. ҰВЖ-ның мақсат
-
тарын, міндеттері мен қағидаттарын білу және сақтау және оның беделін нығайту.
3.2. Осы Келісімде айқындалған, ҰВЖ алдындағы өз міндеттемелерін нақты және адал орындау.
3.3. ҰВЖ-мен бірлескен бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысу.
3.4. Таңдаған волонтерлік қызметтің түріне сәйкес біліктіліке ие болу.
3.5. ҰВЖ жұмысының ережелері мен регламентін сақтау.
3.6. ҰВЖ волонтерлік жобаларының мамандарымен өз жұмыс кестесін келісу.
3.7. ҰВЖ белгілеген мерзімде атқарылған жұмыс туралы есептерді жіберу.
3.8. ҰВЖ-ға материалдық және моральдық зиян келтірмеу.
3.9. Волонтердің осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін толыққанды орындауына кедергі келтіретін жағдай
-
лар туындағаны туралы ҰВЖ-ны мерзімінде хабардар ету.
3.10. Егер Келісімде өзгесі белгіленбесе, ҰВЖ-да өз қызметін тоқтату кезінде, кемінде 2 апта бұрын волонтерлік 
қызметті тоқтатуы туралы хабардар ету.
4. 
Волонтердің құқықтары: 
4.1. Егер ҚР заңнамасына, Адам құқықтары жөніндегі конвенцияға, Бала құқықтары жөніндегі конвенцияға, 
ҰВЖ мүдделеріне қайшы келмесе, өз қызметін өзінің ұмтылыстарына, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сүйене 
отырып жүзеге асыру.
4.2. ҰВЖ-дан орындалған жұмыстардың сипаты, сапасы мен көлемі, Волонтер көрсеткен біліктілік деңгейі 
және волонтер ретіндегі оның еңбек қызметінің өтілі туралы мәліметтері бар құжаттарды (анықтамалар, ұсы
-
нымдар) талап ету.
4.3. Бастама білдіру және ҰВЖ-ның түрлі бағдарламаларына белсенді қатысу.
4.4. ҰВЖ-ның жаңа бағдарламаларын дамыту ұсыныстарымен сөз сөйлеу.
4.5. ҰВЖ-мен қосымша келісім бойынша бағдарламаларды іске асыру кестесін өзгерту.
4.6. Волонтердің еңбек жағдайлары қолданыстағы заңнама мен еңбек қызметінің осы түрін реттейтін норма
-
тивтік құжаттың талаптарына сәйкес келуі тиіс. Ол жұмыс уақытында қажетті еңбек жағдайларымен, қауіпсіздікпен, 
заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаумен қамтамасыз етілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет