13
BIRGEMIZ ASYL MURA
ВОЛОНТЕРЛЕРМЕН
ЖҰМЫС ІСТЕУ СТРАТЕГИЯСЫ
ВОЛОНТЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ СТРАТЕГИЯСЫ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Волонтерлерді тартудың екі жағы бар – сұраныс пен ұсыныс. Қазақстан қоғамдық ұйымдарының волонтерлерге
қажеттілігі олардағы волонтерлердің санына қарағанда әлдеқайда көп. Екінші жағынан - мәселе тікелей қара
-
ма-қарсы. Әртүрлі жастағы және түрлі әлеуметтік топтардың көптеген адамдары өз әлеуетін іске асыруға немесе
волонтер ретінде жұмыс істей отырып, тәжірибе жинақтауға қуанышты болар еді. Бірақ олар қайда жүгінетінін
білмейді, волонтерлерді қажет ететін қоғамдық ұйымдар туралы ақпараты жоқ.
Оның себебі неде? Ең алдымен, ұйымдар көбінесе волонтерлермен жұмыс істеу стратегиясын ойластырмай
-
ды және нәтижесінде, волонтерлерді басқа ешкім істемейтін немесе істегісі келмейтін қызмет үшін немесе көзге
түсетін мағынадан айырылған жұмыс үшін (қағаздар тасу, оларды бірдей бумаларға бөлшектеу, атаулары бойын
-
ша сұрыптау және т.б.) пайдаланады. Осының салдарынан волонтерлер тұрақтамайды немесе ұйымға қайтып
келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: