Салалық волонтерлік бойынша нұСҚаулық «Салалық волонтерлік бойынша нұсқаулық: birgemiz asyl mura»


НҰСҚА РЕТІНДЕ: ВОЛОНТЕРДІҢ ПОРТРЕТІН ЖАСАҢЫЗ



Pdf көрінісі
бет14/51
Дата21.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#175061
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
Волонтерлік

НҰСҚА РЕТІНДЕ: ВОЛОНТЕРДІҢ ПОРТРЕТІН ЖАСАҢЫЗ
• 
Сонымен, барлық жоспарлаған ұйым волонтерлерді дайындай отырып, олардан толық қайтарым 
алатындай, кенеттен волонтерлерсіз қалады...өйткені олар құрдастар, бір мезгілде мектепті немесе 
институтты бітіргендіктен, енді осы ұйымның волонтерлері болып қала алмайды. Енді жаңа буынды 
жинау және оқыту үшін бір жыл қажет. 
Волонтерлер ретінде жұмыс істейтін ересектердің немесе қарт адамдардың жағдайы біршама жеңілірек. 
Көбіне, бұл анық жоспарланған жұмысты орындау үшін тартылған кәсіпқойлар (медиктер, компьютерлер 
бойынша мамандар, психологтар және т.б.) немесе өздерінің пайдалылығын көретін жерлерге өз қызмет
-
терін ұсынған мақсатты топтың өкілдері. Дегенмен, егер оларды тұрақты штатпен шатастырса немесе олар 
үшін нақты қызмет жоспары болмаса, олардан да айрылып қалуға болады.
Волонтерлік барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді болуы тиіс, оған қоса, бұған дейін айтылғандай, ұй
-
ымның жұмысына мақсатты топ пен мүдделі ортаның волонтерлер ретінде қатысуы халықты ақпараттанды
-
руға және ұйымның жағымды бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан, қатысушылардың барынша 
кең спектрінің жұмысқа қатысу мүмкіндігін көре білу маңызды.
Дегенмен, ұйымдағы барлық рөл әр қатысушыға жарай бермейді. Біреулер жобаға көп уақыт жұмсай ал
-
майды, біреулер көпшілік алдында сөз сөйлеуді айтпағанның өзінде, назарда болуда өзін сенімсіз сезінеді. 
Біреу компьютерде тізімдерді қалыптастырып, қатысушылар мен жобаларды онлайн тіркеуді қамтамасыз 
ете отырып, өзін бақытты сезінеді. Әрине, оқыту барысында волонтерлер аудиториямен жұмыс істеу, келіс
-
сөздер жүргізу, мәселелерді шешу және модерациялау дағдыларын дамыта алады, бірақ соған қарамастан, 
бар дағдыларын және қолайлы қызмет түрлерін ескерген жөн. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі немесе 
жұмыс қабілеті жоқ волонтерлердің өзін-өзі танытуы үшін көптеген нұсқалар бар. Бұл интернетте немесе 
телефонда жұмыс істеу, үйде шай ішуді ұйымдастыру (көп балалы аналарды қолдау тобы) және сертифи
-
каттар толтыру немесе ақпараттық хаттарды/алғыс хаттарды пошта арқылы тарату. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет