Салалық волонтерлік бойынша нұСҚаулық «Салалық волонтерлік бойынша нұсқаулық: birgemiz asyl mura»



Pdf көрінісі
бет16/51
Дата21.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#175061
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
Волонтерлік

 
Qazvolunteer.kz
 
сайты іске қосылды, ол 
Қазақстандағы волонтерлер қызметі туралы ақпаратты 
біріктіреді, қызықты волонтерлік жобаларды жариялай
-
ды және волонтерлерге ұйымдарды және ұйымдарға 
волонтерлерді табуға мүмкіндік береді.
2019 жыл ішінде платформада шамамен 16 000 пай
-
даланушы, 1 000 ұйым және 400 жоба тіркелді.
Волонтерлерді қабылдау барысында, волонтерлер 
қатарына қосылғысы келетін адамдар үшін байланыс 
деректерін және не істеу керектігі – қайда бару керек, 
өзімен бірге не алу керек және кімге жолығу керек тура
-
лы нақты ақпарат қалдыру маңызды.
Әлеуетті волонтерлер ұйымға немесе іс-шараға кел
-
ген кезде, оларды қарсы алған жөн. Волонтердің бол
-
жамын барынша іске асыра отырып, одан қайтарымның 
болуына кепілдік беру үшін - қабылдау кезінде үміткер
-
ге шағын сауалнама ұсыну қажет. Бұл сауалнама та
-
лап етілетін дағдыларды көруге және волонтерлерге 
қолайлы жұмыс түрін таңдауға мүмкіндік бере отырып, 
үміткерді бағалауды емес, оған өзін-өзі бағалауды ұсы
-
нады.
Сауалнаманың үлгісі - 1-қосымшада.
Болжалды, бар дағдыларды және ұсынылатын 
сабақтарды айқындау, волонтердің сауалнамасын 
талқылау үшін, әлеуетті волонтермен алғашқы 
кездесу екі тараптан ақпаратпен алмасуды қамта
-
масыз етуі тиіс. Сол кездесу кезінде, ұйымның ере
-
желері, оның құндылықтары, этикалық қағидалары 
туралы баяндап, ұжыммен таныстыру керек.
ҮЕҰ арасында волонтерлермен шарттар немесе 
келісімдер жасау аса қажет емес, дегенмен, бұл 
тәжірибені ұстанатын ұйымдар оның тиімділігіне 
көз жеткізді.
Волонтермен жасалған келісімге ұйымның оған 
қатысты оның міндеттері мен міндеттемелері, оның 
ішінде қажетті материалдармен қамтамасыз ету 
немесе шығындарды өтеу (мысалы, көлік) кіреді. 
Волонтерлер ұйымға бөле алатын сағат саны, апта 
күндері нақты жазылады. Тәртіпке және қауіпсіздік 
техникасына, сондай-ақ оқыту мен сапарларға, 
техника мен байланыс құралдарын пайдалануға
мансаптық өсуге қойылатын талаптар, егер бұл 
көзделген болса (жауапкершілікті арттыру, белгілі 
бір мерзім өткеннен кейін ұйымның штатына көшу) 
санамаланады. Мұндай келісім қаржылық міндетте
-
мелерді көтермейді, оларды «өзара түсіністік тура
-
лы меморандум» деп атауға болады, бірақ бұл өза
-
ра түсіністік жұмысты өте тиімді және қақтығыстар 
мен өзара наразылықтардан босатады. 
Келісімде волонтерлердің де, ұйымдардың да 
құқықтары мен жауапкершілігін ескеруге болады.


17
BIRGEMIZ ASYL MURA 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет