Саламатсыз ба апай қалайсыз?! Күніңіз сәтті өтсін! 1-тапсырма. А тәжірибелік жұмыс



Дата14.06.2020
өлшемі15,65 Kb.
#73401
Байланысты:
химия


Саламатсыз ба апай қалайсыз?! Күніңіз сәтті өтсін!

1-тапсырма.А) Тәжірибелік жұмыс.

Мақсаты


Нәруыздардың қасиеттерін зерттеу

Қажетті құрал-жабдықтар:

тұрғы, сынауықтар, тамызғыш сүзгіш, құты, қыздырғыш, жұмыртқа нәруызы ерітіндісі (жұмыртқа ақуызы+дистилденген су), этил спирті , су

Жұмыстың орындалуы:



  1. Спирттің нәруызға әсері. Сынауыққа этил спиртін, үстіне 1 мл-дей нәруыз ерітіндісін қосыңдар. Сонда тұнба түзіледі. Тұнбаға су қосып араластырыңдар. Тұнба ерімейді.

  2. Нәруызды қыздырғанда ұюы (денатурациясы). Жұмыртқа нәруызының ерітіндісін сынауыққа құйып алып, қайнағанға дейін қыздырыңдар. Су қоссаңдар тұнба ери ме? неліктен тұнбаның ерімейтінін түсіндіріңдер.

Реакцияның жүру барысы

Қорытынды



2-тапсырма. Б) Тәжірибелік жұмыс.


Мақсаты

Мақта және жібек жіптің жануын зерттеу


Қажетті құрал-жабдықтар:

қысқыш қайшы, спирт, шырпы, талшықтар (мақта, мата, жүн, табиғи жібек)

Жұмыстың орындалуы:


Берілген талшықты қысқыш қайшымен спиртшамның жалынына ұстап жағыңдар. Олардың жануын қадағалаңдар.

Мақта жібі. Жанған қағаздың иісін шығарып тез жанады. Жанып біткенде, сұр түсті күл қалады.

Жүн немесе табиғи жібек. Жанған жүннің иісін шығарып баяу жанады. Жанып болған соң, уқалағанда үгітілетін шарик түзіледі.

Реакцияның жүру барысы




Қорытынды





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет