Салауатты өмір салтын қалыптастыру


Қауіптердің жүзеге асырылу себептеріндегі адам факторының рөлі



бет6/20
Дата23.01.2022
өлшемі189,34 Kb.
#129655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
СӨСҚН, 1 курс. қазақша

Қауіптердің жүзеге асырылу себептеріндегі адам факторының рөлі.

Қауіпсіздік жүйесінде адам үштік рөл атқарады:

- қорғау нысаны болып табылады.;

- қауіпсіздікті қамтасыз ететін құралы ретінде әрекет етеді;

- оның өзі қауіп көзі болуы мүмкін.

Белгілі бір жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көптеген мамандар тобы қатысады: ғалымдар, конструкторлар, жобалаушылар және т.б. Бұл топтар қауіпсіздікті қалыптастыра отырып, шешім қабылдау кезінде жіберілген қателіктерімен қауіп тудыруы мүмкін. Мамандардың айтуынша, жазатайым оқиғалардың 60% - ы осы себептерге байланысты орын алады.

1. Апат (авария) - бұл:

А. ғимараттар мен жабдықтардың бұзылуына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға залал келтіруге әкеп соғатын қауіпті техногендік оқиға;

В. көліктің қирауына, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға залал келтіруге әкеп соғатын қауіпті техногендік оқиға;

С. объектіде, белгілі бір аумақта немесе акваторияда адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін және ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтар мен көлік құралдарын қирауға, өндірістік немесе көлік процесін бұзуға, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға залал келтіруге әкеп соғатын қауіпті техногендік оқиға;

Д. өндірістік процестің бұзылуына әкеп соғатын қауіпті техногендік оқиға;

Е. адамдардың өліміне әкелетін қауіпті техногендік оқиға.

2. Жойқын апат (катастрофа) - бұл:

А. объектіде, белгілі бір аумақта немесе акваторияда адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін және ғимараттардың қирауына әкеп соғатын қауіпті техногендік оқиға;

В. өндірістік немесе көлік процесінің бұзылуына әкеп соғатын қауіпті техногендік оқиға;

С. бұл кенеттен, жылдам жүретін оқиға, өндірісте әртүрлі бұзылулары бар үлкен апат;

Д. бұл кенеттен болатын, өндіріске материалдық зиян келтіретін үлкен апатты өтпелі оқиға;

Е. кенеттен болатын, адам өліміне, адам денсаулығына зиян келтіруге, объектілерді және басқа да материалдық құндылықтарды едәуір мөлшерде қирататын немесе жоятын, сондай-ақ қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіретін жойқын өтпелі оқиғалы апат.

3. Індет (эпидемия) - бұл:

А. қандай да бір елді мекенде, тұрғылықты жерлердегі адамдарда жұқпалы аурудың жаппай таралуы, әдеттегі сырқаттанушылық деңгейінен едәуір асып түседі;

В. жұқпалы аурудың белгілі бір аумақтағы флораның бір немесе көптеген түрлері арасында жаппай таралуы;

С. белгілі бір аумақта жануарлардың бір немесе көптеген түрлерінің арасында жұқпалы аурудың кең таралуы, әдетте осы аумақта тіркелетін ауру деңгейінен едәуір асады;

Д. табиғи апаттар мен техногендік апаттардың туындауына тікелей қатер төндіретін табиғи және техногендік салалардағы қауіптің нысаны, сондай-ақ осы құбылыстарды ынталандыратын жағдайлардың болуы;

Е. белгілі бір уақыт ішінде өсімдіктердің жұқпалы ауруының едәуір аумақта (шаруашылық, аудан, облыс) таралуы.

4. Қауіп дегеніміз – бұл...:

А. өте жаман нәрсе, бақытсыздық мүмкіндігі;

В. ауру, жарақат түрінде денеге зиян келтіру мүмкіндігі;

С. өмір үшін күрес;

Д. белгілі бір жағдайларда адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіретін құбылыстар, процестер, объектілер, заттардың қасиеттері;

Е. өлім алдындағы қорқыныш.

5. Қауіпсіздік жүйесіндегі адам:

А. қорғау объектісі болып табылады;

В. қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ретінде әрекет етеді;

С. қауіптің көзі болуы мүмкін;

Д. алғашқы үш жауап дұрыс;

Е. дұрыс жауап жоқ.



1

1-C, 2-E, 3-A, 4-Д, 5-Д

0

1-А, 2-В, 3-В, 4-С, 5-С

0

1-B, 2-C, 3-E, 4-C, 5-Е

0

1-D, 2-C, 3-E, 4-А, 5-А

0

1-Е, 2-A, 3-E, 4-B, 5- В

Сұрақ №3


V1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет