Жаралар. Жаралар инфекциясы. Жаралар тері жамылғысының терідегі кілегейлі қабықтың тұтастығы бұзылып, ұлпалардың механикалық зақымдануынан пайда болады.
Жаралар жеңіл және терең болып бөлінеді.
Терең жарақаттану кезінде терінің астындағы клеткалар ғана емес сондай-ақ бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, байлам, ірі қан тамырлары зақымданады. Жарақаттағыш зат дененің ішіне – кілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және т.б. енуі мүмкін осындай бойлай салынған жарақат ішкі органдарды зақымдайды.
Қан кету дегеніміз - зақымдалған қан тамырларынан қанның шығуы. Қан кету - ең қауіпті және өмірге тікелей қауіп төндіретін жарақаттың асқынуы.
Зақымдалған тамырдың сипатына байланысты қан кетулер артериялық, веноздық, капиллярлық және паренхималық болып бөлінеді.
1. Алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек – бұл:
А. ауруханада білікті дәрігерлердің көмегі;
В. оқиға орнында куәгерлердің көмегі;
С, оқиға орнында білікті дәрігерлердің көмегі;
Д. ауруханада жоғары білікті дәрігерлердің көмегі;
Е. стационардағы фельдшерлер мен мейірбикелердің көмегі.
2. Ашық жараны қалай өңдеген (емдеу) дұрыс болады?
А. жараның айналасындағы кірді абайлап алып тастаңыз, оның шеттерінен теріні тазартып, жараның бетіне және терінің тазартылған бөлігіне йод тұнбасын жағыңыз;
В. жарадан құмды, лайды, тасты және т.б. заттарды мұқият алып тастаңыз және жараның бүкіл бетіне йод тұнбасын жағыңыз;
С. жараның айналасындағы лас кірді абайлап алып тастаңыз, оның шеттерінен теріні тазартып, жараның айналасындағы аймаққа йод тұнбасын жағыңыз, таңғыш салыңыз;
Д. жараның айналасындағы кірді абайлап алып тастаңыз, оның шеттерінен теріні тазартып, жараның бетіне және терінің тазартылған аймағына көк дәрі (зеленка) тұнбасын жағыңыз;
Е. зақымдалған аймақты арақпен шайыңыз, йод жағыңыз.
3. «Ауыздан ауызға» тәсілімен өкпені жасанды желдету кезінде:
А. зардап шеккен адамның иегін алға қарай тартыңқырап, басты шүйдеден артқа қарай шалқайту керек;
В. зардап шегушінің басын артқа шалқайту;
С. зардап шегушінің басын артқа шалқайту;
Д. зардап шегушінің басын алға еңкейту;
Е. зардап шегушіні бүйіріне арай жатқызу.
4. Артерия тамыры зақымдалған кездегі қан кетуді қалай тоқтатуға болады?
А. жарақат алған жердің үстіңгі жағына жгут салыңыз;
В. жарақат алған жердің астына жгут салыңыз;
С. жарақат алған жерді таңғышпен қысып байлаңыз;
Д. қан кеткен аймақты шүберекпен мықтап байлаңыз;
Е. жараны кәдімгі таңғышпен байлаңыз.
5. Веноздық қан кетуді қалай тоқтатуға болады?
А. жараның үстіне жгут салыңыз;
В. қысым таңғышын салыңыз;
С. жараны спиртпен сүртіп және стерильді шүберекпен жабыңыз;
Д. жарақат алған жердің астына жгут салыңыз;
Е. спиртпен зарарсыздандырыңыз және йод жағыңыз.
0
|
1-C, 2-E, 3-С, 4-Е, 5-А
|
0
|
1-А, 2-В, 3-В, 4-С, 5-С
|
0
|
1-Е, 2-Е, 3-E, 4-C, 5-Е
|
0
|
1-D, 2-А, 3-E, 4-Д, 5-А
|
1
|
1-В, 2-С, 3-А, 4-А, 5- В
|