Ет өнімдерін сақтау және тасымалдау, малды сою жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуы, сонымен бірге базарлардағы ет өнімдерін сараптау (экспертизалау). Осы шаралардың негізгі элементтері:
ет өңдейтін кәсіпорын мекемелерінде малдарды сою алдында дұрыс күту;
сау және ауру малдарды бөлек сою (мәжбүрлі сою);
малды сойғанда және бөлшектегенде ұшаның (сойылған малдың бөлшектелмеген еті) зарарлану мүмкіндігінің алдын алу, мысалы, сою кезінде ішек және асқазан сұйықтығының етке түскенде, терісімен жанасқанда, жұмыс істеп жатқандардың ластанған қолы арқылы;
мәжбүрлі сойылған мал (құс) арқылы алынған етті зарарсыздандыру және тек қана санитарлық-гигиеналық қадағалау жолға қойылған көпшілік тамақтанатын мекемелерде қолдануға рұқсат ету;
етті ветеринарлық-санитарлық сараптаудан өткізу және базарлардағы ветеринарлық-санитарлық тәртіпті сақтау;