Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.
Фискалдық немесе бюджеттік қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |