Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.
Жалпы салық түрлерін былайша жіктеуге болады:
-салық салу объектісі бойынша салықтар тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. Тікелей салық заңды және жеке тұлғалардың табыстары мен мүліктеріне тікелей нақты белгіленетін табыстар.Жанама салық тауар бағасы арқылы алынатын салықтар. Ол негізінен көпшілік тұтынушылардан алынады. Тікелей және жанама салықтардың бұрыңғы КСРО-ның ұлттық табысындағы үлесінің мөлщері 40℅, АҚШ-та-30℅, Швейияда-51℅, Норвегияда-46℅, Францияда-45℅, Ұлыбританияда-39℅, ФРГ-да-37℅ құрады.
-салықтық органдары бойынша жалпы мемлекеттік салықтар (корпорацияның табыс салығы, жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтық қосылатын құнға салынатын салықтар, акциздер) және жергілікті салықтар мен алымдар (жер салығы, мүліктік салық, көлік салығы) деп бөлінеді.Жалпы мемлекеттік салықтар Республика заңдарының негізінде орталық өкіметпен мемлекеттік бюджетке аударылады. Жергілікті салықтар тиісті аймақтың жергілікті басқару органдарымен алынып жергілікті бюджетке түседі.
-салықтың пайдасына қарай жалпы салықтар және арнайы салықтар деп екіге бөлінеді.
-салық объектісінің экономикалық белгісіне қарай табысқа салынатын салық және тұтынуға салынатын салық болып екі түрге бөлінеді.
-салық объектісінің бағалау дәрежесі бойынша нақты салықтар жеке салықтар болып бөлінеді.
-салық ставкаларының белгілеу әдістері бойынша тұрақты ставкалар және пайыздық ставаклар деп екіге бөлінеді.
-салыну көздеріне қарай салықтар еңбекпен табылған және еңбексіз табылған табыс болып бөлінеді.Еңбекпен табылған табысқа еңбекақы, қаламақы, жеке кәсіпорындардың табысы жатады. Еңбексіз, бірақ жария табысқа дивидендтер, ақша салымы бойынша проценттер; қозғалмайтын мүліктердің және бағалы қағаздардың құнының өсімі, жер рентасы және т.б. жатады. Шет елдердің заңдары, кәсіпкерлік жолмен алынған пайданы, еңбек ақымен қатар еңбекпен табылған табысқа жатқызады.
Салықтардың ішінде пайдаға салынатын салық ерекше орын алады. Бұл салық түрін барлық кәсіпорындар төлейді. Біздің республикамызда қабылданған салық жүйесі туралы заңдар және оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша өндіріспен айналысатын кәсіпорындарға пайдаға салық 25 пайыз мөлшерінде салынады. Бұндай нарық табыстылық мөлшері 40пайызбен аспаған жағдайда белгіленеді.
Акциздер –тауар бағасына енгізілетін және сатып алушы төлейтін жанама салықтың ежелгі формаларының бірі болып табылады. Ресми түрде акциздер бұрыңғы КСРО-да 30-шы жылдарға дейін болды. 30-шы жылдардан бастап акциздер, басқа салық түрлері сияқты айналым салығына біріктірілген болатын. Акциз, қалыптасқан қағида бойынша, тұрғындарға арналған және мемлекеттің монополиясы болып табылатын тапшы, жоғары рентабельді тауарлар мен өнімдерге салынады. Ммелекет акциз салығы сұраным мен ұсынымды реттеуге, сонымен қатар мемлекеттік бюджетті толықтыру үшін пайдаланылады.
Салықтар негізінен, әдетте, үдемелі, пропорционалды және регрессивті болып бөлінеді. Үдемелі салықта, табыстың көбею шамасына қарай оның орташа нарқы да өседі.
Пропорционалды салықта, оның орташа нарқы өзгеріссіз қалады, яғни табыстың шамасына қарамастан салық салудың берілген бір мөлшері пайдаланылады.
Кері үдемелі салықта, табыс өсе түскен сайын салықтың орташа нарқы азаяды.Әдетте бұндай салықтар табыс көбейе түскен сайын, оның бірте-бірте азая түскен бөлігін талап етеді.
Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлестік салмағы 40 пайыздан асып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып елдің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.
Мемлекеттік
Достарыңызбен бөлісу: |