Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Тексерудің стандартты файлы



бет123/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   626
150-бап. Тексерудің стандартты файлы

      1. Тексерудің стандартты файлы салық органдарының ақпараттық жүйелері арқылы талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық форматтағы бухгалтерлік есепке алу деректерін білдіреді.

      Салық төлеуші (салық агенті) тексерудің стандартты файлын салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осындай файлды салық органдарының ақпараттық жүйесіне жүктеу арқылы ерікті түрде ұсынады.

      2. Салықтық тексеру, оның ішінде салық төлеуші (салық агенті) тексерудің стандартты файлын ұсынған жағдайда тексерудің стандартты файлы қолданыла отырып:

      тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеруді жүргізу кезінде – нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде;

      жоспардан тыс салықтық тексеруді жүргізу кезінде – нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.

      Стандартты файлдың нысанын және оны жасау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

      Ескерту. 150-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет