Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салықтық тексеру туралы хабарлама



бет120/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   626
147-бап. Салықтық тексеру туралы хабарлама

      Ескерту. 147-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Салық органдары, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеруді жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын салық төлеушіге (салық агентіне) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарлама жібереді немесе табыс етеді.

      2. Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша жіберіледі немесе табыс етіледі.

      Хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілген хабарлама пошта немесе өзге байланыс ұйымының жауабы алынған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      3. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу деректерінде көрсетілген тұрған жері бойынша болмаған жағдайда, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеруді жүргізу хабарламай жүзеге асырылады.

      4. Хабарламада салықтық тексерудің нысаны, тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, қажетті құжаттардың алдын ала тізбесі, салықтық тексеруді жүргізу кезіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ салықтық тексеруді жүргізу үшін қажетті басқа да деректер көрсетіледі.

      5. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) тексеруді жүргізу үшін қажетті, салық салуға байланысты құжаттарды жасырып қалуы немесе жойып жіберуі мүмкін деген негізделген тәуекел болған не тексеруді мүмкін етпейтін немесе оны толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейтін басқа да мән-жайлар болған жағдайларда, салық төлеушіге (салық агентіне) тексерудің басталғаны туралы хабарламастан тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеруді бастауға құқылы.

      Салық органы ішінара салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органының жазбаша рұқсаты негізінде салық төлеушіге (салық агентіне) хабарламастан жүзеге асырады.

      Ескерту. 147-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет