Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық органдарының құқықтары мен міндеттері



бет14/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   626
19-бап. Салық органдарының құқықтары мен міндеттері

      1. Салық органдары:

      1) осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде әзірлеуге және бекітуге;

      2) салық салу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға, оның ішінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ақпарат алмасуға;

      3) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік құпияны құрайтын мәліметтер қамтылған бағдарламалық қамтылымының және (немесе) ақпараттық жүйесінің деректерін көруге қол жеткізу құқығын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) осындай бағдарламалық қамтылымды және (немесе) ақпараттық жүйені пайдаланған жағдайда, салықтық тексеру барысында салық төлеушіден (салық агентінен) бастапқы есепке алу құжаттарының деректері, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпарат қамтылған бухгалтерлік және салықтық есептерді автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтылымның және (немесе) ақпараттық жүйенің деректерін көруге қол жеткізу құқығын беруді талап етуге құқылы.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде белгіленген ерекшелік салық органдарының кірістер мен шығыстарға қатысты деңгейлес мониторингті жүзеге асыру және салықтық тексеру жүргізу барысында қойылатын талаптарына қолданылмайды;

      4) салық төлеушіден (салық агентінен):

      салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстап қалудың және аударудың) уақтылылығын, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығын растайтын құжаттарды ұсынуды;

      салық төлеуші (салық агенті) жасаған салықтық нысандар бойынша жазбаша түсініктерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық есептілігін, оның ішінде резидент-салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін қоса алғанда, егер осындай тұлға үшін Қазақстан Республикасының заңдарында міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген болса, аудиторлық есепті қоса бере отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілікті талап етуге;

      5) екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардан, орталық депозитарийден, брокерлерден және (немесе) дилерлерден, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарынан осы Кодекстің 24-бабының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында және 27-бабында ұсынылуы көзделген мәліметтерді алуға;

      6) екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, осы Кодекстің 24-бабының 13) тармақшасында аталған тұлғаларға қатысты банктік шоттардың бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді алуға;

      7) салықтық тексеру барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден (салық агентінен) әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы айғақтайтын құжаттарды алып қоюды жүргізуге;

      8) 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      9) салықтық тексерулерге мамандарды тартуға;

      10) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша соттарға мәмілелерді жарамсыз деп тану, заңды тұлғаны тарату туралы талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті мен міндеттеріне сәйкес өзге де талаптар қоюға құқылы.

      2. Салық органдары:

      1) салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтауға;

      2) мемлекеттің мүдделерін қорғауға;

      3) салық төлеушіге (салық агентіне) қолданыстағы салықтар және бюджетке төленетін төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат беруге, Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қолдану жөніндегі мәселелерді түсіндіруге;

      4) өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндірмелерді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге міндетті.

      Деңгейлес мониторингте тұрған салық төлеушілер үшін осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген түсіндірмелерді жүзеге асыруды және түсініктемелер беруді уәкілетті орган жүргізеді. Бұл ретте мұндай салық төлеушілер үшін уәкілетті орган жоспарланатын мәмілелерге (операцияларға) қатысты алдын ала түсіндірмелер мен комментарийлерді береді;

      5) талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде салықтардың және бюджетке төленетін төлемдерді төлеу фактісін растайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті мемлекеттік органға салық органдарының ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсат беруге;

      7) осы Кодексте айқындалған тәртіппен және жағдайларда уәкілетті органның интернет-ресурсында:

      салықтық берешегі бар;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес әрекет етпейтін деп танылған;

      тіркелуі заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған салық төлеушілер (салық агенттері) туралы мәліметтерді орналастыруға;

      8) салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық нысанда салықтық есептілік пен өтінішті ұсыну үшін қажетті бағдарламалық қамтылымды тегін беруге;

      9) салық төлеушінің (салық агентінің) салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын қарауға;

      10) жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұрау салуы бойынша жылдық жиынтық кірісі "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілерінің атауы мен сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді ұсынуға;

      11) салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануға және салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алуға;

      12) мемлекеттің меншігіне айналған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті мемлекеттік органға берудің толықтығы мен уақтылығын, сондай-ақ ол өткізілген жағдайда бюджетке ақшаның түсуінің толықтығы мен уақтылығын бақылауды жүзеге асыруға;

      13) уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеудің дұрыстығы, алудың толықтығы және аударудың уақтылығы мәселелері жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

      14) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидент алған кірістердің және ұстап қалынған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама ұсынуға;

      15) 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен.

      3. Салық органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құқықтары болады және олар өзге де міндеттерді орындайды.

      4. Салықтық тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған кезде салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес процестік шешімді қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді– ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет