Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылы



бет17/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   626
22-бап. Салық органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылы

      1. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

      2. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органдарына жәрдем көрсетуге міндетті.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстің 573-баптың 3-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау (мемлекеттік экологиялық бақылау) бойынша өздері жүзеге асырған тексерулердің нәтижелері бойынша мәліметтер ұсынуға міндетті.

      4. Уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодекстің 26-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тізбе бойынша жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

      5. Салық органдары мен жергілікті атқарушы органдар салықтар жинауды жүзеге асыру бойынша осы Кодекстің 21-бабында айқындалған тәртіппен бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 08.01.2019 № 215-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың бюджетке төленетін төлемдерді алу және олар бойынша мәліметтер ұсыну жөніндегі өкілеттіктері осы Кодекстің Ерекше бөлігінде айқындалады.

      7. Салық органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды осы Кодексте айқындалған тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы.

      8. Салық органдары салықтық тексеру барысында еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны тексерілетін салық төлеушіге қатысты алу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен өзара іс-қимыл жасайды.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұсынады.

      9. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне валюталық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда жәрдем көрсетеді.

      Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің өзара іс қимыл жасау тәртібі бірлескен актіде айқындалады.

      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жеке тұлғаның (жеке тұлғаға), заңды тұлғаның (заңды тұлғаға), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшесіне) мәмілелер (келісімшарттар) бойынша, оның ішінде тауарсыз операциялар бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізілген, 50 000 АҚШ долларынан астам сома баламасында валюталық операциялар бойынша Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына төлемдері және (немесе) ақша қаражатының аударымдары туралы уәкілетті банктерден алынған ақпаратты уәкілетті органға береді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен актісінде белгіленген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде жіберіледі.

      11. Салық органдары өндірушілер бойынша ақпаратты олардың заңды мекенжайларын, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген өнімнің (тауарлардың) көлемдері мен түрлерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын береді.

      12. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың және (немесе) құпиялылық туралы келісімдердің көшірмелерін және (немесе) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясының пайдалы қазбалардың қорларын бекіту және пайдалы қазбалардың қорларын мемлекеттік балансқа қою туралы хаттамаларын, сондай-ақ оларға толықтырулар мен өзгерістерді жасалған немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, оның ішінде автоматтандырылған ақпарат алмасу жолымен салық органына ұсынады.

      13. Жергілікті атқарушы органдар халыққа қалалық қоғамдық көлікпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде салық төлеушілердің билеттерді пайдалануы туралы мәліметтерді орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет